«Атырау қаласы бизнес-туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2026 ж.

    «Атырау қаласы бизнес-туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» және «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 1020 қаулысына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Атырау қаласы бизнес-туризм орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақылары 7 есеге дейін бірыңғай лауазымдық жалақыдан артық емес мөлшерінде белгілесін.

    2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.

    Мәслихат төрағасы

    А. Құлбарахов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.