«Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» және Атырау қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 1020 «Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулыларына сәйкес, Атырау қаласы Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандыру үстемақылары 7 есеге дейін бірыңғай лауазымдық жалақыдан артық емес мөлшерінде белгілесін.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілсін.
Мәслихат төрағасы
А. Құлбарахов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.