«Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21502 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 80) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрі

    2026 жылғы 8 мамырдағы

    № 48 Бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2020 жылғы 22 қазандағы

    № ҚР ДСМ-148/2020 бұйрығына

    1 қосымша

    Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптары

    Ме­ди­ци­на­лық қыз­мет үшін
    р/с№
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Ес­керт­пе
    1.
    Заң­ды және же­ке тұ­лға­лар үшін – мен­шік құқы­ғын­да неме­се жал­ға бе­ру шар­тын­да, неме­се жы­л­жы­май­тын мү­лік­ті те­гін пай­да­ла­ну шар­тын­да (неси­е­де) ке­мін­де 1 жы­л­ға жа­сал­ған, неме­се мү­лік­ті се­нім­ді бас­қа­ру шар­тын­да, неме­се мем­ле­кет­тік-же­ке се­рік­те­стік шар­тын­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­тін, ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­ріне са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ды бел­гі­лей­тін, сон­дай-ақ бей­ін­ді қыз­мет­тер­дің көр­се­ті­ле­тін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ата­ла­тын түр­ле­рі бой­ын­ша ұй­ым­да­сты­ру стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ке­ле­тін үй-жай­лар неме­се ғи­ма­рат­тар.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Мен­шік құқы­ғын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Е-License» мем­ле­кет­тік де­ректер қо­ры­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған «Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры» цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    Өн­ді­рі­стік ба­за­ның ме­кен­жайы бой­ын­ша мә­лі­мет­тер «Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры» цифр­лық жүй­е­сі­нен ме­кен­жай­дың тір­кеу кодын ен­гі­зу ар­қы­лы тол­ты­ры­ла­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өн­ді­рі­стік ба­за­сы­на ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің мә­лім­де­ле­тін кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның бар бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті аумақ­тар­да­ғы ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­мен ке­лі­су ке­зін­де «Е-License» мем­ле­кет­тік де­рекқо­ры­нан ала­ды.
    2.
    Заң­ды және же­ке тұ­лға­лар үшін – мә­лім­де­ле­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша бей­ін­ді қыз­мет­тер­дің ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ін ұй­ым­да­сты­ру стан­дарт­та­ры­на және ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­мен жа­рақ­тан­ды­ру ең тө­мен стан­дарт­та­ры­на сәй­кес жұ­мыс іс­тей­тін ме­ди­ци­на­лық және (неме­се) ар­найы жаб­дық, ап­па­ра­ту­ра мен құ­рал-сай­ман, ас­пап­тар, жи­һаз, мүк­әм­мал, кө­лік және бас­қа да құ­рал­дар (қа­жет болған кез­де) мен­шік құқы­ғын­да.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­ды тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «DariKZ» цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    Ме­ди­ци­на­лық және (неме­се) ар­найы жаб­дық­тар­дың, ап­па­ра­ту­ра мен ас­пап­тар­дың, жи­һаз­дың, мүк­әм­мал­дың, кө­лік және бас­қа да құ­рал­дар­дың амор­ти­за­ци­я­сы, пай­да­ла­ну си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (құ­жат­тар­ды) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы «Е-License» пор­та­лын­да және олар­дың жұ­мыс іс­те­уін көр­се­те оты­рып, өн­ді­рі­стік ба­за­да рұқ­сат бе­ру ба­қы­ла­уы ба­ры­сын­да элек­трон­дық кө­шір­ме­лер ны­са­нын­да ұсы­на­ды.
    Өл­шем құ­рал­да­ры бо­лып та­бы­ла­тын ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың «Өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес бел­гі­лен­ген тех­ни­ка­лық және мет­ро­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін рас­тау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    «Ион­да­у­шы сәу­ле шы­ға­ра­тын ас­пап­тар­мен және қон­дыр­ғы­лар­мен жұ­мыс іс­теу» қыз­ме­ті­нің тү­ріне атом энер­ги­я­сын пай­да­ла­ну са­ла­сын­да ли­цен­зи­я­ның бар бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    3.
    Же­ке тұ­лға­лар (ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі) үшін – ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің мә­лім­де­ле­тін кі­ші түр­ле­ріне сәй­кес ти­іс­ті ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі­нің «Бі­рың­ғай жо­ға­ры бі­лім плат­фор­ма­сы» және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ұлт­тық бі­лім бе­ру ба­за­сы» цифр­лық жүй­е­ле­рі­нен 2012 жыл­дан кей­ін жо­ға­ры неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы құ­жат ал­ған адам­дар­дың мә­лі­мет­те­рін ала­ды.
    2012 жы­л­ға дей­ін жо­ға­ры неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты ал­ған адам­дар бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды.
    4.
    Же­ке тұ­лға­лар (ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі) үшін:
    1) өті­ніш бе­рі­л­ген ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша (ин­тер­на­ту­ра, ре­зи­ден­ту­ра, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның тү­лек­те­рін қо­с­па­ған­да, құ­жат­тар­ды тап­сы­ру сәт­ін­де 5 (бес) жыл­дан ке­шік­тір­мей оқуын аяқ­тал­ған тү­лек­те­рін қо­с­па­ған­да) соң­ғы 5 (бес) жыл ішін­де бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру;
    2) ма­ман­дан­ды­ру жө­нін­де­гі ма­ман­ның сер­ти­фи­ка­ты негі­зін­де мә­лім­де­ле­тін ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша ал­ған кез­де сер­ти­фи­кат­тау кур­сы.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру, сер­ти­фи­кат­тау кур­сы­нан өту ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Е-License» пор­та­лы­нан «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сы кадр­ла­ры­ның бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру және сер­ти­фи­кат­тау кур­ста­ры­нан өт­ке­ні ту­ра­лы құ­жат­тар­ды бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­ме­ті­мен де­ректер­мен ал­ма­су жо­лы­мен ала­ды.
    5.
    Же­ке тұ­лға­лар (ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі) үшін – ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық (ма­ман­дан­ды­ру) бой­ын­ша ма­ман­ның ти­іс­ті сер­ти­фи­ка­ты.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ме­ди­ци­на­лық ма­ман­дық (ма­ман­дан­ды­ру) бой­ын­ша ма­ман­ның қол­да­ны­с­та­ғы сер­ти­фи­ка­ты ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді «Е-License» мем­ле­кет­тік де­ректер қо­ры­нан ала­ды.
    6.
    Заң­ды тұ­лға­лар үшін - осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­мен рас­та­ла­тын ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің шта­ты.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер ли­цен­зия (оған қо­сым­ша) бе­рі­л­ген­ге дей­ін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өн­ді­рі­стік ба­за­сы­на рұқ­сат бе­ру ба­қы­ла­уы ба­ры­сын­да ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­нің шта­ты (бе­кі­ті­л­ген штат кесте­сі) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ала­ды.
    Аза­мат­тық заң­на­ма­ға сәй­кес кей­ін­ге қал­ды­ру шар­ты­мен жа­сал­ған ме­ди­ци­на қыз­мет­кер­ле­рі­мен жа­сал­ған ең­бек шар­тта­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің «Enbek.kz» цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    7.
    Же­ке тұ­лға­лар үшін (же­ке кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі) - ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де 5 (бес) жыл жұ­мыс өті­лі.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ең­бек шар­тта­ры және қыз­мет­кер­лер­дің ең­бек өті­лі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің «Enbek.kz» цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    8.
    Заң­ды және же­ке тұ­лға­лар (же­ке кә­сіп­кер) үшін ти­іс­ті бей­ін бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру стан­дарт­та­ры­на сәй­кес элек­трон­дық ме­ди­ци­на­лық жа­з­ба­лар­ды қа­лып­та­сты­ру үшін дер­бес де­ректер­ді жи­на­у­ға, өң­де­у­ге және сақ­та­у­ға ар­нал­ған ме­ди­ци­на­лық цифр­лық жүй­е­нің бо­луы.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ме­ди­ци­на­лық цифр­лық жүй­е­нің бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді (құ­жат­тар­ды, шар­тты) «Е-License» пор­та­лын­да элек­трон­дық кө­шір­ме­лер ны­са­нын­да ұсы­на­ды және өн­ді­рі­стік ба­за­да рұқ­сат бе­ру ба­қы­ла­уы ба­ры­сын­да ме­ди­ци­на­лық цифр­лық жүй­е­сі­нің жұ­мысын көр­се­те оты­рып, осы құ­жат­тар­дың түп­нұс­қа­сын ұсы­на­ды.
    Ес­керт­пе:
    Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­сі бо­лып та­бы­ла­тын же­ке тұл­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сін­де көз­дел­ген тәр­тіп­пен же­ке кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­ке­ле­ді.
    Ме­ди­ци­на қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті ма­ман­дық бой­ын­ша ма­ман сер­ти­фи­ка­ты бар заң­ды тұл­ға­ның штат­тық қыз­мет­ке­рі бо­лып та­бы­ла­ды.
    Фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет үшін
    р/с №
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­дың бо­луын қам­ти­ды:
    Бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Ес­керт­пе
    1.
    Заң­ды және же­ке тұ­лға­лар үшін – дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы объ­ек­ті­лер­ге қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ды бел­гі­лей­тін са­ни­та­ри­я­лық қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес ке­ле­тін мен­шік неме­се жал­ға алу неме­се мем­ле­кет­тік мү­лік­ті се­нім­гер­лік бас­қа­ру құқы­ғын­да­ғы үй-жай­лар неме­се ғи­ма­рат­тар.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Мен­шік құқы­ғын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Е-License» мем­ле­кет­тік де­ректер қо­ры­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған «Жы­л­жы­май­тын мү­лік­тің бі­рың­ғай мем­ле­кет­тік ка­даст­ры» цифр­лық жүй­е­сі­нен ала­ды.
    2.
    Заң­ды және же­ке тұ­лға­лар үшін - нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге сәй­кес дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың са­па­сын ба­қы­ла­уды және олар­ды өн­ді­ру, дай­ын­дау, сақ­тау және өт­кі­зу шар­тта­рын сақ­та­лу­ды қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған жаб­дық­тар мен жи­һаз­дар, мүк­әм­мал, ас­пап­тар мен ап­па­ра­ту­ра­лар;
    шал­ғай­да­ғы ауыл­дық жер­лер­ге ар­нал­ған жы­л­жы­ма­лы бір дә­рі­ха­на пунк­ті үшін қа­жет болған жағ­дай­да дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды сақ­тау мен өт­кі­зу шар­тта­рын сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­тін ти­іс­ті шкаф­тар мен тоңдыт­қыш және бас­қа да жаб­дық­та­ры бар ав­то­мо­биль кө­лік құ­рал­да­ры.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    3.
    Заң­ды тұ­лға­лар үшін – ма­ман­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­мен рас­та­ла­тын қыз­мет­кер­лер шта­ты.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    4.
    Заң­ды тұ­лға­лар үшін - фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген кі­ші түр­ле­ріне сәй­кес ти­іс­ті бі­лім және ма­ман­дық бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі:
    1) дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды өн­ді­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­дар үшін:
    - дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды шы­ға­ру­мен ті­ке­лей ай­на­лы­са­тын бө­лім­ше­лер­дің бас­шы­ла­рын­да жо­ға­ры фар­ма­цев­ти­ка­лық неме­се хи­мия-тех­но­ло­ги­я­лық, хи­ми­я­лық неме­се ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды шы­ға­ру­мен ті­ке­лей ай­на­лы­са­тын бө­лім­ше­лер бас­шы­ла­ры­ның тех­ни­ка­лық бі­лі­мі ке­мін­де үш жыл және ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі;
    - дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың са­па­сын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­де жо­ға­ры фар­ма­цев­ти­ка­лық, хи­ми­я­лық неме­се био­ло­ги­я­лық бі­лім бе­ру неме­се ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың са­па­сын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­де тех­ни­ка­лық бі­лі­мі;
    - дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды шы­ға­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сін­де пай­да­ла­ны­ла­тын жаб­дық­тар­ға қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі ма­ман­ның тех­ни­ка­лық бі­лі­мі;
    2) дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды дай­ын­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың ай­на­лы­сы са­ла­сын­да­ғы ұй­ым­дар (бұ­дан әрі-дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды дай­ын­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын дә­рі­ха­на) үшін:
    - дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды дай­ын­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын дә­рі­ха­на­ның және оның өн­ді­рі­стік бө­лім­де­рі­нің, сон­дай-ақ дә­рі­лік пре­па­рат­тар­дың және бас­шы­сы­ның ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­дың са­па­сын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­дің ма­манды­ғы бой­ын­ша жо­ға­ры фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі және ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі;
    - дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды ті­ке­лей дай­ын­да­уды және дай­ын­дал­ған дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды боса­ту­ды жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­де жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі;
    - аудан ор­та­лы­ғын­да және ауыл­дық жер­лер­де жо­ға­ры фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі бар ма­ман­дар бол­ма­ған кез­де дә­рі­ха­на және оның өн­ді­рі­стік бө­лім­де­рі бас­шы­сы­ның ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі және ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі;
    3) дә­рі­ха­на­лар үшін:
    - дә­рі­ха­на неме­се оның бө­лім­де­рі­нің бас­шы­сын­да жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі (ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі);
    - дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын ма­ман­дар­да жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі;
    - ин­тер­нет ар­қы­лы дә­рі­лік заттар­ды өт­кі­зу ке­зін­де сақ­тау және та­сы­мал­дау про­це­сін­де олар­дың қа­си­ет­те­рі­нің өзге­ру­іне жол бер­мей­тін тә­сіл­мен жет­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру үшін және мен­шік неме­се жал­ға алу құқы­ғын­да­ғы кө­лік­тің бо­луы;
    4) ал­ғаш­қы ме­ди­ци­на­лық-са­ни­та­ри­я­лық, кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық кө­мек көр­се­те­тін ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да­ғы дә­рі­ха­на пунк­ті үшін (бұ­дан әрі -дә­рі­ха­на пунк­ті):
    - дә­рі­ха­на пунк­ті мең­ге­ру­ші­сін­де, сон­дай-ақ дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­де жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі (ма­манды­ғы бой­ын­ша ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі). Дә­рі­ха­на­ла­ры жоқ шал­ғай­да­ғы ауыл­дық жер­лер­ге ар­нал­ған дә­рі­ха­на пункт­те­рін­де фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі бар ма­ман­дар бол­ма­ған жағ­дай­да, дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру үшін олар­ды өт­кі­зу үшін оқы­ту­дан өт­кен жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі бар ма­ман­дар­ға рұқ­сат еті­ле­ді;
    5) дә­рі­ха­на қой­ма­сы үшін:
    - дә­рі­ха­на қой­ма­сы бас­шы­сы­ның жо­ға­ры фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі және ке­мін­де үш жыл жұ­мыс өті­лі;
    - дә­рі­ха­на қой­ма­сы бө­лім­де­рі бас­шы­ла­ры­ның және дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды қа­был­да­уды, сақ­та­уды және боса­ту­ды жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­дің жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі;
    6) дә­рі­ха­на­ла­ры жоқ шал­ғай­да­ғы ауыл­дық жер­лер­ге ар­нал­ған жы­л­жы­ма­лы дә­рі­ха­на пунк­ті (бұ­дан әрі - жы­л­жы­ма­лы дә­рі­ха­на пунк­ті) үшін:
    - жы­л­жы­ма­лы дә­рі­ха­на пунк­ті­нің мең­ге­ру­ші­сі­нің, сон­дай-ақ дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын қыз­мет­кер­лер­дің жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі. Фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі бар ма­ман­дар бол­ма­ған жағ­дай­да дә­рі­лік заттар мен ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды бөл­шек са­уда­да өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ру үшін олар­ды өт­кі­зу үшін оқы­ту­дан өт­кен ме­ди­ци­на­лық бі­лі­мі бар ма­ман­дар­ға рұқ­сат еті­ле­ді.
    7) ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды дай­ын­дау үшін:
    - жо­ға­ры, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік неме­се фар­ма­цев­ти­ка­лық ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі, ме­ди­ци­на­лық неме­се тех­ни­ка­лық бі­лі­мі.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі­нің «Бі­рың­ғай жо­ға­ры бі­лім плат­фор­ма­сы» және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ұлт­тық бі­лім бе­ру ба­за­сы» цифр­лық жүй­е­ле­рі­нен 2012 жыл­дан кей­ін жо­ға­ры неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы құ­жат ал­ған адам­дар­дың мә­лі­мет­те­рін ала­ды.
    2012 жы­л­ға дей­ін жо­ға­ры неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты ал­ған адам­дар бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды.
    5.
    Же­ке тұ­лға­лар үшін-фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­тің мә­лім­дел­ген кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша 5 (бес) жыл бі­лік­ті­лі­гін неме­се сер­ти­фи­кат­тау кур­сын арт­ты­ру.
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    6.
    Заң­ды тұл­ға­ны құр­ма­стан, фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға үміт­кер­лер­дің же­ке тұ­лға­лар үшін фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі-жо­ға­ры неме­се ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі фар­ма­цев­ти­ка­лық бі­лі­мі (үш жыл­дан кем емес ма­манды­ғы бой­ын­ша жұ­мыс өті­лі).
    Осы бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша фар­ма­цев­ти­ка­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі­нің «Бі­рың­ғай жо­ға­ры бі­лім плат­фор­ма­сы» және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің «Ұлт­тық бі­лім бе­ру ба­за­сы» цифр­лық жүй­е­ле­рі­нен 2012 жыл­дан кей­ін жо­ға­ры неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы құ­жат ал­ған адам­дар­дың мә­лі­мет­те­рін ала­ды.
    2012 жы­л­ға дей­ін жо­ға­ры неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі ме­ди­ци­на­лық бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты ал­ған адам­дар бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды.

    Медициналық және

    фармацевтикалық қызметке

    қойылатын біліктілік

    талаптарына

    1-қосымша

    Нысан

    Медициналық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

    ________________________________________________ (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20___ жылғы «__» ______ жағдай бойынша))

    Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:

    1. Меншік немесе жалға алу шарты немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану шарттары, кемінде 1 жыл мерзімге жасалған немесе мүлікті сенімгерлік басқару немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты құқығындағы үй-жайлар (ғимарат) және көрсетілген үй-жайдың (ғимарат) қабат бойынша жоспары:

    Жылжымайтын мүлік объектісін (өндірістік базаны) тіркеу туралы мәліметтер: 1) кадастрлық нөмірі ________________

    2) мекенжайдың тіркеу коды________________

    3) орналасқан жері ___________________

    4) жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі __________________________________

    5) жалға алу туралы шарттың немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартының (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқарудың немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының нөмірі__________________

    6) жалға алу туралы шарттың немесе жылжымайтын мүлікті өтеусіз пайдалану шартының (несиенің) немесе мүлікті сенімгерлік басқарудың немесе мемлекеттік-жекешілік әріптестік шартының күні__________________ (шарттың мерзімі көрсетілді).

    2. Өндірістік базаға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының немесе хабарлама талонының болуы:_______________________________

    (тіркеу нөмері, берілген күні, берген орган)

    3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық ресурстарына және Ұлттық электрондық денсаулық паспортына қосылған медициналық цифрлық жүйенің болуы.

    4. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдық, аппаратура мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар:

    р/с №
    Ме­ди­ци­на­лық және (неме­се) ар­найы жаб­дық, ап­па­ра­ту­ра мен құ­рал-сай­ман­дар, ас­пап­тар, жи­һаз, мүк­әм­мал, кө­лік және бас­қа да құ­рал­дар ата­уы (пас­пор­ты бой­ын­ша)
    Өн­ді­ру­ші ел
    Өл­шем бір­лі­гі
    Са­ны
    Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
    Жағ­дайы (жұ­мысқа жа­рам­ды/жа­рам­сыз)
    Тех­но­ло­гия мо­де­лі
    Мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің нө­мі­рі
    Се­ри­я­лық/тү­ген­деу нө­мі­рі
    Ескертпе:
    * Рұқсат беру бақылауы барысында көрсетілетін қызметті алушы:
    1) көрсетілетін қызметті берушіге жұмыс істеп тұрған медициналық жабдықты көрсетеді;
    2) «Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) нысанға сәйкес пайдалану құжаттарын (нұсқаулықтарды, паспорттарды), оның ішінде өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты ұсынады;
    3) медициналық жабдыққа құқық белгілейтін құжаттарды көрсетеді.
    5. Медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім:
    Медициналық білімі туралы мәліметтер:
    1) дипломы бойынша мамандағы _________________
    2) дипломы бойынша біліктілігі __________________
    3) дипломның нөмірі ____________________________
    4) дипломның сериясы ____________________________
    5) білім беру ұйымының толық атауы ________________
    6) түскен жылы __________________________
    7) аяқтаған жылы ___________________________
    8) дипломды нострификациялау (растау) туралы мәліметтер (қажет болған кезде) ____________________________________________
    6. Сертификат негізінде мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша лицензияға қосымша алған кезде мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша (интернатура, резидентура, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру орнының құжаттарды тапсыру сәтінде 5 (бес) жылдан кешіктірмей оқуын аяқтаған түлектерін қоспағанда) мамандығы бойынша маман сертификаты негізінде және (немесе) сертификаттау курсы бойынша соңғы 5 (бес) жыл ішінде біліктілікті арттыру.
    7. Мамандық бойынша маманның тиісті сертификаты туралы мәліметтер:
    1) мамандық бойынша маман сертификаты берілген мамандықтың атауы _____
    2) біліктілік санаты (бар болса) _____________________
    3) маман сертификатын берген орган_______________________
    4) тіркеу нөмірі ______________________________________
    5) берілген күні __________________________________________
    6) сертификаттың қолданылу мерзімі___________
    Мамандандыру бойынша маманың сертификаты туралы мәліметтер:
    1) мамандандыру бойынша маман сертификаты берілген мамандандыру атауы_________________________
    2) біліктілік санаты (бар болса) _________________
    3) маман сертификатын берген орган ____________________
    4) тіркеу нөмір___________________________________
    5) берілген күні _____________________________________________
    6) сертификаттың қолданылу мерзімі ______________________________
    8. Заңды тұлғаларда:
    Көрсетілетін қызметті алушының бекітілген штат кестесімен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты:
    Медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері туралы мәліметтер (заңды тұлға үшін)_____________________________
    (денсаулық сақтау субъектісінің атауы) (20___ жылғы «__»______ жағдай бойынша).
    р/с №
    Те­гі
    Аты
    Әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
    ЖСН
    Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
    Бі­лі­мі
    Ма­манды­ғы бой­ын­ша өті­лі
    Ди­плом нө­ме­рі, се­ри­я­сы Ма­ман­да­ғы және ди­плом бой­ын­ша бі­лік­ті­лі­гі
    Бі­лім бе­ру үй­ым­ның то­лық ата­уы Түс­кен жы­лы
    Бі­тір­ген жы­лы
    Ди­плом­ды но­стри­фи­ка­ци­я­лау ту­ра­лы ку­ә­лік (қа­жет болған жағ­дай­да)
    9. Жеке тұлғаларда (жеке кәсіпкер) – мамандығы бойынша медициналық қызметтің мәлімделген кіші түрлері бойынша кеміне 5 жыл жұмыс өтілі:
    Мәлімделген мамандығы бойынша еңбек қызметі (жеке тұлға үшін):
    1) медициналық ұйымның атауы ___________________
    2) ұйымның орналасқан жері ___________________________
    3) атқаратын лауазымы ___________________________________
    4) мәлімделген мамандық бойынша жұмысқа қабылдау күні ____
    5) жұмыстан шығарылған күні _______________________________

    Медициналық және

    фармацевтикалық қызметке

    қойылатын біліктілік талаптарына

    2-қосымша

    Нысан

    Фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер

    _____________________________________ (денсаулық сақтау субьектісінің атауы) (20___ жылғы «__»______ жағдай бойынша)

    Мыналардың болуын растайтын мәліметтер:

    1. Меншік немесе жалға алу немесе мемлекеттік мүлікті сенімді басқару құқығындағы үй-жайлар немесе ғимараттар:

    Меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы өндірістік база туралы мәліметтер: 1) кадастрлық нөмірі________________

    2) орналасқан жері ___________________

    3) жалға алу туралы шарттың нөмірі мен күні___________________

    4) жалға беруші__________________

    5) жалға алудың аяқталу мерзімі__________________

    6) үй-жайдың (ғимараттың) мекенжайы______________________

    7) жалға алынатын шаршы көлемі_____________________________

    2. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура; шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін қажет болған жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш және басқа да жабдықтары бар автомобиль көлік құралы:

    Жабдықтар, аппаратура, аспаптар, жиһаз, мүкәммал, көлік және басқа да құралдар тізімі:

    Ме­ди­ци­на­лық және (неме­се) ар­найы жаб­дық, ап­па­ра­ту­ра мен құ­рал-сай­ман­дар, ас­пап­тар, жи­һаз, мүк­әм­мал, кө­лік және бас­қа құ­рал­дар ата­уы (пас­пор­ты бой­ын­ша)
    Өн­ді­ру­ші ел
    Өл­шем бір­лі­гі
    Шы­ға­ры­л­ған жы­лы
    Жағ­дайы (жұ­мысқа жа­рам­ды/жа­рам­сыз)
    3. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары туралы мәліметтер:
    ТАӘ
    Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
    Бі­лі­мі, ма­манды­ғы
    Ма­манды­ғы бой­ын­ша өті­лі
    Соң­ғы 5 жыл­да бі­лік­ті­лі­гін арт­тыр­ға­ны ту­ра­лы құ­жат
    4. Жеке тұлғаларда фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түрлеріне сәйкес тиісті білімі және мамандығы бойынша жұмыс өтілі:
    Білімі туралы мәліметтер:
    1) мамандығы және біліктілігі_____________________
    2) жоғары, және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның берілген күні______________________________________
    3) жоғары және техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның берілген күні_________________________
    4) оқу орнының атауы_________________
    5) жұмыс орны_____________________________________
    6) лауазымы _______________________________________
    7) еңбек өтілі___________________________________
    8) жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы актісінің нөмірі мен күні__________
    9) жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күні_________________
    5. Жеке тұлғаларда соңғы 5 жылда мәлімделген фармацевтік қызмет түрлері бойынша біліктілігін арттыру немесе сертификаттау курсы:
    Қосымша білім туралы мәліметтер:
    1. біліктілігін арттырған немесе сертификациялық курсы бойынша мамандығы _____________________
    2. оқытатын ұйымның атауы____________________
    3. біліктілікті арттыру куәлігінің немесе сертификаттау курсының нөмірі ______________________________________
    4. кім берді___________________________________
    5. циклдің атауы______________________________________
    6. кредиттер (академиялық) сағаттардың саны _____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.