Сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2026 ж.

    Сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі туралы Ереженің 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қоса берілген сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті жеке деректердің тізбесін бекіту.

    2. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Сот Әкімшілігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне орындалу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшке енеді.

    Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы

    Н. Ахметзакиров

    Қосымша

    СӘ басшысының бұйрығына

    2026 жылғы 30 сәуірдегі

    № 6001-26-7-6/120

    Сот органдары жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

    р/с
    Дер­бес де­ректер­дің ата­уы
    1
    Те­гі
    2
    Аты
    3
    Әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    4
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты, өзгер­ту негіз­де­рі
    5
    Қо­лы (оның ішін­де элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба болған кез­де)
    6
    Ту­ған кү­ні, айы, жы­лы
    7
    От­ба­сы жағ­дайы
    8
    Бі­лі­мі
    9
    Ұл­ты
    10
    Аза­мат­тық
    11
    ЖСН
    12
    БСН
    13
    Жы­ны­сы
    14
    Ту­ған же­рі (туу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, кім бер­ді)
    15
    Заң­ды тұ­лға­лар­дың құ­ру және олар­дың қыз­ме­тіне қа­ты­суы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стіктер­дің жар­ғы­лық ка­пи­та­лын­да­ғы үле­стер, ак­ци­я­лар), оның ішін­де бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­да туы­ста­ры мен жек­жат­та­ры, оның ішін­де өт­ке­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (заң­ды ме­кен­жайы, мем­ле­кет­тік тір­кел­ген кү­ні), қыз­мет тү­рі, бұ­рын құ­ры­л­ған же­ке мен­шік субъ­ек­ті­ле­рін та­ра­ту негіз­де­рі, құқық қор­ғау және фик­саль­ды ор­ган­дар та­ра­пы­нан на­ра­зы­лық­тар­ды бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
    16
    Мен­шік құқы­ғын­да да, се­нім­гер­лік бас­қа­ру құқы­ғын­да да (ав­то­кө­лік, жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­ле­рі, пәтер, үй, га­раж, жер, са­я­жай учас­ке­ле­рі, ав­тор­лық құқық объ­ек­ті­ле­рі) же­ке сәй­кестен­ді­ру бел­гі­ле­рі (мен­шік неме­се ие­ле­ну құқы­ғы­ның негі­зі, мар­ка­сы, тір­кеу ор­ны, мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі, ка­дастр­лық нө­мір, ор­на­лас­қан же­рі) көр­се­ті­л­ген мү­лік (мү­лік­тік жағ­дай) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    17
    Тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің, тір­кел­ген же­рі­нің неме­се ор­на­лас­қан же­рі­нің ме­кен­жайы
    18
    Әс­ке­ри есеп
    19
    Ше­тел­де бо­лу
    20
    Сай­ла­у­ға қа­ты­су
    21
    Ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    22
    Бі­лік­ті­лік (ат­те­стат­тау кү­ні)
    23
    Кө­тер­ме­леу, ма­ра­пат­тар және жа­за­лар
    24
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректе­рі: құ­жат­тың ата­уы, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні және қол­да­ны­лу мер­зі­мі, ше­тел­дік пас­порт болған кез­де құ­жат­ты бер­ген ор­ган, пас­порт­тың де­ректе­рі (нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, қол­да­ны­лу мер­зі­мі, фо­то­су­рет­пен қо­са құ­жат­ты бер­ген ор­ган)
    25
    Тұр­ғын үй жағ­дайы
    26
    Де­кла­ра­ци­я­ны тап­сы­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    27
    Қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық
    28
    Ша­ғым­дар
    29
    Сот­тың ата­уы
    30
    Заң­ды тұл­ға­ның де­ректе­ме­ле­рі
    31
    Та­лап қо­ю­шы­ның ата­уы
    32
    Жа­у­ап­кер­дің ата­уы
    33
    Өкіл­дің ата­уы
    34
    Банк де­ректе­ме­ле­рі
    35
    Бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры­ның нө­мі­рі (үй, жұ­мыс, ұя­лы)
    36
    Элек­трон­дық по­шта ме­кен­жайы (бар бол­са)
    37
    Іш­кі қыз­мет­тік тер­геп-тек­се­ру нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    38
    Ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды­лар­дың нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    39
    Жа­ла­қы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (оның ішін­де ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­сы, үсте­ме­а­қы­лар, сый­лы­қа­қы­лар, са­лық және зей­не­та­қы ауда­рым­да­ры ту­ра­лы де­ректер)
    40
    Әле­умет­тік са­лық, әле­умет­тік ауда­рым­дар, мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға ауда­рым­дар, жұ­мыс бе­ру­ші­нің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры, мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға жар­на­лар, жұ­мыс бе­ру­ші­нің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
    41
    Іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
    42
    Су­дья­ның кә­сі­би қыз­ме­тін ба­ға­ла­удың ма­те­ри­ал­да­ры мен нәти­же­ле­рі, оның ішін­де оның жұ­мыс са­па­сы­ның көр­сет­кіш­те­рі
    43
    Ба­ла­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    44
    Іс­са­пар­лар­да, сон­дай-ақ ше­тел­де бо­лу
    45
    Да­ра кә­сіп­кер­дің қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (заң­ды ме­кен­жайы, тір­кел­ген кү­ні (тір­кеу есе­бі­нен шы­ға­ру негіз­де­рі)), қыз­мет тү­рі
    46
    Ең­бек кі­тап­ша­сы­ның нө­мі­рі, се­ри­я­сы және бе­рі­л­ген кү­ні және он­да­ғы жа­з­ба­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    47
    Мем­ле­кет­тік на­гра­да­лар мен ве­дом­ство­лық үз­дік бел­гі­ле­рі, құр­мет­ті, ар­на­у­лы және әс­ке­ри атақ­тар, сы­нып­тық шен­дер, кө­тер­ме­ле­улер, жа­за­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ата­уы, тү­рі, кү­ні)
    48
    Ат­те­стат­тау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, пси­хо­ло­ги­я­лық тек­се­ру және заң­на­ма­ны бі­лу­ге те­сті­леу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат
    49
    Ең­бек­ке уа­қыт­ша жа­рам­сыздық ке­зең­де­рі; ең­бек де­ма­лы­ста­ры, жүк­ті­лік және боса­ну бой­ын­ша де­ма­лы­стар, іс­са­пар­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    50
    Әле­умет­тік же­ңіл­дік­тер мен әле­умет­тік мәр­те­бе ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ңіл­дік­тер мен мәр­те­бе бе­ру үшін негіз бо­лып та­бы­ла­тын құ­жат­тың се­ри­я­сы, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, құ­жат­ты бер­ген ор­ган­ның ата­уы)
    51
    Бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де оның ата­уы және заң­ды ме­кен­жайы, фа­куль­те­ті неме­се бө­лім­ше­сі, оны бі­тір­ген­нен кей­ін ал­ған бі­лік­ті­лі­гі мен ма­манды­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    52
    Ғы­лы­ми (ака­де­ми­я­лық) дә­ре­же­сі, ғы­лы­ми ата­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бе­рі­л­ге­ні ту­ра­лы ак­ті­нің нө­мі­рі мен кү­ні)
    53
    Бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру және қай­та да­яр­лау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру ту­ра­лы неме­се қай­та да­яр­лау ту­ра­лы құ­жат­тың се­ри­я­сы, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, бі­лім бе­ру ме­ке­ме­сі­нің ата­уы және заң­ды ме­кен­жайы, оны бі­тір­ген­нен кей­ін ал­ған бі­лік­ті­лі­гі мен ма­манды­ғы)
    54
    Тұл­ға­ға қа­ты­сты ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тар­дың бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    55
    Әс­ке­ри бө­лім­нің ата­уы, мер­зім­ді қыз­мет өт­ке­ру ке­зе­ңі
    56
    Жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қор­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (ата­уы, шарт жа­сал­ған кү­ні)
    57
    Қыз­мет­тік ку­ә­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні, қол­да­ны­лу мер­зі­мі)
    58
    Қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған, қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған және тар­ты­лып отыр­ған адам­дар­ға қа­ты­сты мә­лі­мет­тер
    59
    Сот­тал­ған және ақ­тал­ған адам­дар­ға, сон­дай-ақ олар­ға қа­ты­сты қыл­мыстық іс­тер іс жүр­гі­зу­мен тоқ­та­ты­л­ған адам­дар­ға қа­ты­сты мә­лі­мет­тер
    60
    Аза­мат­тық және әкім­ші­лік іс­тер­ді та­лап қо­ю­шы­лар, жа­у­ап­кер­лер, да­удың мәніне дер­бес та­лап­тар қо­я­тын (мә­лім­де­мей­тін) үшін­ші тұ­лға­лар ре­т­ін­де қа­ра­у­ға қа­ты­са­тын (қа­тыс­қан) адам­дар, іс­тер­дің қоз­ға­лы­сы, оның ішін­де апел­ля­ци­я­лық, кас­са­ци­я­лық ша­ғым­дар мен қа­да­ға­лау өті­ні­ш­хат­та­ры­ның ке­ліп түс­кен күн­де­рі, қа­рар бө­лі­гін көр­се­тіп шы­ға­ры­л­ған сот ак­ті­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, та­рап­тар­ға сот ак­ті­сін тап­сы­ру кү­ні, заң­ды кү­шіне ену кү­ні
    61
    Қыл­мыстық, әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық ту­ра­лы іс­тер бой­ын­ша іс жүр­гізу­ге қа­ты­су­шы­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    62
    Анық­та­удан, тер­ге­уден, сот­тан жа­сы­рын­ған із­де­сті­рі­ліп жа­тқан адам­дар ту­ра­лы, сон­дай-ақ жа­за­сын өте­уден неме­се про­ба­ци­я­лық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру­дан жал­та­рып жүр­ген адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    63
    Ха­бар­сыз кет­кен із­де­сті­ру­де­гі адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    64
    Әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған адам­дар ту­ра­лы, сон­дай-ақ са­лын­ған ай­ып­пұл­дар­ды тө­леу не жа­за­ны орын­дау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    65
    Сот әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз және әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі деп та­ны­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    66
    Бел­гі­лі бір ла­у­а­зым­дар­ды ат­қа­ру неме­се бел­гі­лі бір қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    67
    Сы­бай­лас жем­қор­лық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    68
    Тер­ро­ри­стік қыз­мет­ті жү­зе­ге асыр­ға­ны үшін жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған адам­дар, сон­дай-ақ сот тер­ро­ри­стік деп та­ны­ған ұй­ым­дар мен ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    69
    Экс­тре­мизм жа­са­ға­ны үшін жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған адам­дар, сон­дай-ақ сот экс­тре­ми­стік деп та­ны­ған ұй­ым­дар мен ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    70
    Тұ­лға­лар­дың мү­лік­ті ие­лік­тен шы­ға­ру бой­ын­ша жа­са­ған мәмі­ле­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (жы­л­жы­май­тын мү­лік, кө­лік, заң­ды тұ­лға­лар­да­ғы қа­ты­су үле­сте­рі, ак­ци­я­лар және т.б.)
    71
    Ді­ни ти­е­сі­лі­лі­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    72
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен те­ріс се­беп­тер­мен шы­ға­ры­л­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, оның ішін­де оңал­ту негіз­де­рі бой­ын­ша қыл­мыстық іс­тің тоқ­та­ты­л­ға­ны неме­се те­ріс се­беп­тер­мен шы­ға­ры­л­ған адам­ның ақ­тал­ға­ны мә­лі­мет­тер
    73
    Ше­тел­дік­ті неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс­қа­ры жер­лер­ге әкім­ші­лік шы­ға­рып жі­бе­ру тү­рін­де са­лын­ған әкім­ші­лік жа­за­лар­дың са­ны (көр­се­ті­л­ген әкім­ші­лік ық­пал ету тү­рі қол­да­ны­л­ған адам­дар ту­ра­лы дер­бес де­ректер­ді мін­дет­ті түр­де көр­се­те оты­рып)
    74
    Атыс қа­руын тір­ке­ген адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    75
    Жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі­нің бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (құ­жат­тың ата­уы, нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, құ­жат­ты қол­да­ну мер­зі­мі, құ­жат­ты бер­ген ор­ган)
    76
    Қа­ру­ды, оның ішін­де жа­уын­гер­лік, ой­ық және те­гіс ұң­ғы­лы аң­шы­лық, сон­дай-ақ газ және трав­ма­ти­ка­лық қа­ру­ды сақ­та­у­ға және пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (құ­жат­тың нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні, қол­да­ну мер­зі­мі, құ­жат­ты бер­ген ор­ган, қа­ру­дың нө­мі­рі, мо­де­лі)
    77
    Қо­ғам­ға қа­уіп­ті ау­ру­лар (ал­ко­го­лизм, уыт­құ­мар­лық, на­ша­қор­лық, ту­бер­ку­лез, АИТВ/ЖИТС, пси­хи­ка­лық, мі­нез-құлық бұ­зы­лы­ста­ры) ди­а­гнозы­мен ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­рын­да есеп­те тұр­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    78
    Тіл­дер­ді мең­ге­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (тіл­ді мең­ге­ру дең­гей­ін көр­се­те оты­рып)
    79
    Ата-ана құқық­та­ры­нан ай­ы­ры­л­ған, сон­дай-ақ олар­ды шек­те­ген адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    80
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­лер­ге шы­ға­ры­л­ған ше­тел­дік­тер неме­се аза­мат­тығы жоқ адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    81
    Ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на неме­се ерекше ре­жим­де ұстай­тын бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на ор­на­ла­сты­ры­л­ған кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    82
    Тұл­ға қыз­ме­ті­нің түр­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер, ли­цен­зи­я­ның нө­мі­рі, бе­рі­л­ген кү­ні
    83
    Ад­во­кат­тар, ме­ди­а­тор­лар және но­та­ри­устар, сот орын­да­у­шы­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), сер­ти­фи­кат­тар, ли­цен­зи­я­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер)
    84
    Ақ­тал­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    85
    Ра­қым­шы­лық жа­са­ған және ке­ші­рім жа­са­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    86
    шар­тты түр­де мер­зі­мі­нен бұ­рын боса­ты­л­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    87
    Сот­тал­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    88
    Ха­бар­сыз кет­кен неме­се қай­тыс бол­ды деп та­ны­л­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    89
    Аза­мат­тың же­ке ба­сын ви­зу­а­ли­за­ци­я­лау үшін фо­то­бей­не­леу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (порт­рет­тік де­ректер)
    90
    Қо­сым­ша ең­бек қыз­ме­ті ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    91
    Қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған неме­се те­ріс се­беп­тер­мен жұ­мыстан шы­ға­ры­л­ған адам­ға қа­ты­сты сот­тың өзгер­ті­л­ген неме­се кү­ші жой­ы­л­ған ше­шім­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    92
    Мү­лік­ке би­лік ету құқы­ғы­на се­нім­хат бе­рі­л­ген адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    93
    Ав­то­кө­лік­ті бас­қа­ру құқы­ғы­на се­нім­хат бе­рі­л­ген адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    94
    Заң­ды тұл­ға­ны банк­рот деп та­ну ту­ра­лы ше­шім қа­был­дан­ған­ға дей­ін бір жыл­дан астам заң­ды тұл­ға­ның бас­шы­ла­ры болған тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    95
    Мем­ле­кет­тік са­тып алу ту­ра­лы шар­ттар бой­ын­ша жо­сық­сыз өнім бе­ру­ші­лер бо­лып та­бы­л­ған тұ­лға­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    96
    Адам­ның қор­ған­шы­сы, қам­қор­шы­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    97
    Адам­ның қай­тыс бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (қай­тыс бо­лу ту­ра­лы акт, қай­тыс бо­лу ту­ра­лы ак­ті­ні бер­ген ор­ган­ның нө­мі­рі, кү­ні, ата­уы)
    98
    Адам­ға бо­сқын мәр­те­бе­сін бе­ру неме­се оған са­я­си бас­па­на бе­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    99
    Же­ке тұ­лға­лар­дың (оның ішін­де ДК) са­лық және өзге де бе­ре­ше­гі ту­ра­лы, сон­дай-ақ тұл­ға құ­ры­л­тай­шы және (неме­се) бас­шы бо­лып та­бы­ла­тын заң­ды тұ­лға­лар­дың мем­ле­кет­тік бюд­жет ал­дын­да­ғы бе­ре­ше­гі­нің бо­луы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    100
    Құқық қор­ғау және ар­на­у­лы ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық ал­ма­су жүй­е­сі, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік және өзге де ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың дер­бес де­ректер қам­ты­л­ған бас­қа да ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі ар­қы­лы алы­на­тын адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    101
    Жы­ны­сты ауы­сты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    102
    Ат­қа­ру­шы­лық құ­жат­тар бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді орын­да­ма­ған адам­дар, сон­дай-ақ әкім­ші­лік ай­ып­пұл са­лу ту­ра­лы қа­улы­ны өз ер­кі­мен орын­да­ма­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    103
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке нұқ­сан кел­ті­ре­тін тәр­тіп­тік те­ріс қы­лық­тар жа­са­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    104
    Қыл­мыстық жо­лы­мен алын­ған ақ­ша­ны және (неме­се) өзге де мү­лік­ті заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) бай­ла­ны­сты тәр­кі­лен­ген мү­лік­тің және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру со­ма­ла­ры ту­ра­лы, сон­дай-ақ қыл­мыстық жол­мен алын­ған, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын және қай­та­ры­л­ған со­ма­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    105
    Қыл­мыстық жол­мен алын­ған ақ­ша­ны және (неме­се) өзге де мү­лік­ті заң­да­стыр­ға­ны (жы­лы­ста­тқа­ны) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­дыр­ға­ны үшін жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған адам­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    106
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың жы­ны­стық ти­іс­пе­у­ші­лі­гіне қар­сы қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық­тар жа­са­ға­ны үшін қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    107
    Био­мет­ри­я­лық дер­бес де­ректер (же­ке тұл­ға­ны сәй­кестен­ді­ру­ге мүм­кін­дік бе­ре­тін фи­зио­ло­ги­я­лық және био­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рін си­паттай­тын де­ректер: бет бей­не­сі, са­у­сақ із­де­рі және өзге де де­ректер — болған жағ­дай­да)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.