Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 72/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 мамыр 2026 ж.

    Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 72/22 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 72/22 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7530-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

    «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген шешіммен бекітілген Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

    «Шарбақты ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;

    көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

    2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 5 пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;

    4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «4. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысы қызмет көрсетушімен Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалатын тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.»;

    5-тармақ алынып тасталсын;

    6,7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін қызмет көрсетуші Қағидлардың 4-1-тармағында көрсетілген нормалар шегінде есептейді.

    7. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» № 295/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) бекітілген әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;

    9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. «Шарбақты аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі осы шешімнің қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауданндық маслихат төрағасы

    Г. Смаилханова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.