«Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    2) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект;

    3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтаманы, жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерінен алады.

    Көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке мемлекеттік қызметті көрсету сұранымының қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ) қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды құжаттар қабылданған күні көрсетілетін қызметті берушіге не оны алмастыратын адамға тапсырады.

    Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап екі (2) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет беруші басшысының ЭЦҚ-сы қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

    11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    12. Цифрлық жүйеде іркіліс болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші іркіліс анықталған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде цифрлық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскерін хабардар етеді.

    Цифрлық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.»;

    Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    4-қосымша алып тасталсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 4 мамырдағы

    № 172 бұйрығына

    қосымша

    «Балық және басқа да

    су жануарларын интродукциялауды,

    реинтродукциялауды және

    будандастыруды жүргізуге

    рұқсат беру» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Балық және басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    «Ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­ла­уды және бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «Цифр­лық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    3 (үш) жұ­мыс кү­ні
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Цифр­лық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­лар­ды ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­ла­уды және бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру не уәжді бас тар­ту
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес жек­сен­бі және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 12.30-дан 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 8.30-дан 18.00-ге дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ти­іс­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ре­сми ин­тер­нет ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
    1) Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ба­лық және бас­қа да су жа­ну­ар­ла­рын ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­ла­уды және бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы өті­ніш;
    2) жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тiк тiр­кеу (қай­та тiр­кеу) ту­ра­лы анық­та­ма­ны, же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер­ді тір­кеу не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­ме­ті­нің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «цифр­лық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті» және бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма­лық қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы 1414, 8 800 080 7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.