Кентау қаласына қарасты елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қаласының келесі елді мекендерінің шекаралары белгіленсін:
1) Кентау қаласының қалалық аумағының шекарасының жалпы алаңы 7714,30 гектар болып белгіленсін;
2) Қарнақ ауылы Қарнақ елді мекені шекарасының жалпы алаңы 2285,20 гектар болып белгіленсін;
3) Қарнақ ауылы Құсшыата елді мекені шекарасының жалпы алаңы 299,76 гектар болып белгіленсін;
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қаласының әкімі
Ж. Тасов
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы
Қ. Елеусизов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.