Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 6 мамыр 2026 ж.
«Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Павлодар облысының Успен ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 257/12 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облысы Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Павлодар облысының Успен ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 257/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5747 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Успен ауданының әкімі
Н. Мақашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.