Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы «Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы» № 281/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2026 ж.

    Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы «Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы» № 281/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 15 қарашадағы «Сараптамалық кеңес қызметінің тәртібін және халық қатысатын бюджетті іске асыру туралы ережені айқындау туралы» № 281/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415-14 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.

    2. «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберуді;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облысының әкімі

    А. Байханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.