Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 334 «Қарағанды облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 қарашадағы № 334 «Қарағанды облысы бойынша ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақтың күші 2026 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.».
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихат төрағасы
Н. Кобжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.