«Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ҚолданыстағыОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30885 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және кеңістіктік деректер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

    __________А. Амрин

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

    __________Ж. Мадиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу

    жөніндегі комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика

    министрінің міндетін атқарушы

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 36 мен

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары – Жасанды

    интеллект және цифрлық

    даму министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 219/НҚ

    Бірлескен бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрінің

    2022 жылғы 30 қарашадағы

    № 473/НҚ және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    міндетін атқарушының

    2022 жылғы 30 қарашадағы

    № 111 бірлескен бұйрығымен

    бекітілген

    Тексеру парағы

    геодезиялық және картографиялық қызметке

    геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне қатысты

    Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

    ____________________________________________________________________

    Тексеруді тағайындау туралы акт _______________________________________

    ____________________________________________________________ №, күні

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________

    _____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    __________________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    Та­лап­қа сәй­кес ке­ле­ді
    Та­лап­қа сәй­кес кел­мей­ді
    1
    2
    3
    4
    1
    Гео­де­зи­я­лық және (неме­се) кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы
    2
    Гео­де­зи­я­лық және (неме­се) кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды орын­да­у­ға мүм­кін­дік бе­ре­тін мен­шік­ті неме­се жал­ға алын­ған тек­се­рі­л­ген ас­пап­тар, жаб­дық­тар мен құ­рал­дар жиын­тығ­ы­ның не за­уыт­тық нө­мір­ле­рі көр­се­ті­л­ген, тек­се­рі­л­ген ас­пап­тар, жаб­дық­тар мен құ­рал­дар жиын­тығы бар тұ­лға­лар­мен жа­сал­ған гео­де­зия, кар­то­гра­фия және ке­ңі­стіктік де­ректер са­ла­сын­да қыз­мет­тер көр­се­ту­ге ар­нал­ған шар­ттың бор­луы
    3
    Штат­та гео­де­зия, кар­то­гра­фия және ке­ңі­стіктік де­ректер са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры неме­се ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лі­мі ту­ра­лы ди­пло­мы бар ма­ман­ның бо­луы
    4
    Аэро­тү­сі­рі­лім жұ­мыста­рын жү­зе­ге асы­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ның бо­луы, олар орын­дал­ған жағ­дай­да
    5
    Гео­де­зи­я­лық пункт­тер­дi бұзуға неме­се қай­та са­лу­ға (ор­нын ауы­сты­ру­ға) ар­нал­ған рұқ­сат­тың бо­луы
    6
    Бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын гео­де­зи­я­лық және кар­то­гра­фи­я­лық жұ­мыстар­ды орын­дау ке­зін­де бұ­рын құ­ры­л­ған ке­ңі­стіктік де­ректер­ді пай­да­ла­ну
    7
    Бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ді, де­ректер ба­за­ла­рын, ка­дастр­лар­ды, гео­гра­фи­я­лық цифр­лық жүй­е­лер мен ре­сур­стар­ды, гео­пор­тал­дар­ды, гео­сер­ви­стер­ді жүр­гіз­ген жағ­дай­да бі­рың­ғай цифр­лық кар­то­гра­фи­я­лық негіз­ді пай­да­ла­ну
    8
    Ке­ңі­стіктік де­ректер мен кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­дар­ды ауда­ру­ды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де мем­ле­кет­тік және жер­гі­лік­ті ко­ор­ди­нат­тық анық­та­ма­лық жүй­е­лер ара­сын­да бе­кі­ті­л­ген түр­лен­ді­ру па­ра­метр­ле­рін қол­да­ну
    9
    Ұлт­тық ке­ңі­стіктік де­ректер қо­ры­на бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен құ­ры­л­ған ма­те­ри­ал­дар мен де­ректер кө­шір­ме­ле­рі­нің бір да­на­сын ұсы­ну
    10
    Кар­то­гра­фи­я­лық ма­те­ри­ал­дар­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­ның дұ­рыс бей­не­ле­нуі
    Лауазымды тұлға (лар):
    ____________________________ ____________
    (лауазымы) (қолы)
    _________________________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
    Бақылау субъектісі
    __________________________ ______________
    (лауазымы) (қолы)
    _________________________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.