«Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Тимирязев ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Тимирязев аудандық мәслихатының 2015 жылғы 12 ақпандағы № 34/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3160 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурызда «Көтерілген тың» аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 21 наурызда «Нива» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386-бабы 5-тармағына, 387-бабы 1-тармағына, 444-бабы 1-тармағына, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, соған сәйкес:
1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.».
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың ХХХХVІІІ сессиясының төрағасы
Ж. Жантоқов
Аудандық мәслихат хатшысының м.а.
А. Габова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің Мемлекеттік кірістер
Комитеті Солтүстік Қазақстан облысы
Мемлекеттік кірістер Департаментінің
Тимирязев ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
Республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________ Б. Бәлдіков
2016 жылғы 11 наурыз
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.