Келес ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.

    Келес ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мыналар:

    1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

    2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

    3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Келес ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

    4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

    5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

    6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес «Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже;

    7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес «Келес ауданының ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

    2. Келес ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) Келес ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қазандағы №169 «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы» қаулысы;

    2) Келес ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі №74 «Келес ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінің ережелерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» аудан әкімдігінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы.

    3. Осы қаулының бірінші тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Келес ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Келес ауданының әкімі

    Ж. Агибаев

    Келес ауданы әкімдігінің

    «___» ________ 2026 жылғы №___ қаулысына

    1-қосымша

    «Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

    1. «Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі) экономика және қаржы саласындағы басшылықты жүзеге асырататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.

    3. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    5. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    8. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8Б, индекс 160905.

    10. Осы Ереже Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

    11. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. Келес ауданының экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер Келес ауданының экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

    13. Мақсаттары:

    1) аудандық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;

    2) ауданның бюджеттік қаражаттарын және аудан әкімдігінің коммуналдық меншік объектілерін басқару;

    3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;

    4) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру.

    14. Өкілеттіктері:

    1) құқықтары:

    - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

    - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.

    2) міндеттері:

    - ауданның мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысу;

    - ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;

    - ауданның тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін бекіту туралы мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

    - қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;

    - жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және орындалуы туралы есепті әзірлеу;

    - ауданның үш жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу;

    - басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;

    - республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасау және оны тиісті органдарға ұсыну;

    - коммуналдық меншікті басқару, жалға беру, сату, жекешелендіру, жекешелендіруден кейінгі қызмет және дауларды реттеу, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

    15. Функциялары:

    1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;

    2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге аудан бюджетін әзірлеу;

    3) аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру жөнінде қаулының жобасын әзірлеу;

    4) аудан бюджетінің жобасын аудандық мәслихатының қарауына және бекітуіне енгізу;

    5) аудан бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстар дайындап, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;

    6) аудандық бюджеттің түсімдері мен шығындарының жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту;

    7) түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке жоспарларын тексеру;

    8) салық төлеушінің тіркеуге алынған жеріндегі салық органының, толық көлемде жергілікті бюджетке түсетін салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту туралы шешіміне келісім беру және салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу;

    9) бюджет қаржысын басқаруды, алдағы кезеңде бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін анықтауды жүзеге асыру;

    10) бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауға талдау жүргізу;

    11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестелеріне мониторинг жүзеге асару;

    12) инвестициялық жобалардың және даму бюджетінің игерілуіне мониторинг жүргізу;

    13) аудандық жергілікті атқарушы орган резервінің пайдалануы жөнінде мәліметті жинақтау;

    14) жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізімдерінің үш жылдық мерзімге арналған жобасын түзіп, оны аудандық бюджет комиссиясының қарауына ұсыну;

    15) бюджеттік бағдарламалар әкімдіктерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын оларды қаржылай қамтамасыз етуді, дәлелді құжаттарының түгелдігін қарап, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің жобасын әзірлеп, оны бюджет комиссиясының қарауына енгізу;

    16) жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ мақсатты трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған бюджеттік инвестициялық есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджет инвестицияларын жүзеге асыруды бағалау жөніндегі ақпаратты орталық өкілетті органға тапсыру;

    17) инвестицияларды жүзеге асыру туралы және олардың ҚЭН (қаржылық экономикалық негіздеме) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын қарап, олар бойынша экономикалық қорытынды дайындау;

    18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары, бюджеттік тапсырыс жобаларын қарау қорытындылары бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларына қорытынды жасап, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;

    19) бюджеттің атқарылу принциптерін сақтау, бюджет қаражатын нысаналы пайдалану және бюджетті бірқалыпты атқару;

    20) бюджет қаржысының игерілуіне, жылдық соманың айға бөлінуіне, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігіне, қаржыландыру жоспарының орындалмау себебін анықтауына, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінің жасалуына талдау және бағалау арқылы мониторинг жүргізу;

    21) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттің атқарылуына айлық, тоқсандық, жылдық және басқа да есептерді талдау жасап ұсыну;

    22) облыс, аудан әкімінің және жоғары тұрған органдарының тапсырмаларының орындалуын осы Ережеде және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, берілген уәкілеттік негізінде қамтамасыз ету;

    23) жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша әдістемелік басшылық жасау;

    24) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын әзірлеп, аудандық бюджет комиссиясының қарауына ұсыну;

    25) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын аудандық әкімдіктің қарауына және мақұлдауына ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;

    26) ауданды дамыту бағдарламасын облыстық мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органмен келісу;

    27) ауданды дамыту бағдарламасын жергілікті өкілетті органның қарап, бекітуіне ұсыну;

    28) ауданды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі облыстық өкілетті органмен келісу;

    29) ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;

    30) аудан әкімдігі атынан коммуналдық меншіктегі мүліктерге иелік етеді, билік ету және коммуналдық меншіктің пайдалануы мен сақталуы бойынша тексеруді жүзеге асыру;

    31) коммуналдық меншіктегі мүліктік сенімді басқаруға және жалға беру жөніндегі келісім шартын түзеді, мүліктік жалға берілген объектілерді жалдау ақысы мөлшерінің есебін шығаруды және мүліктік жалға беру бойынша өткізілетін тендерлер жөнінде құжаттарды дайындайды және жалға берудің заңдылығы және жалға берудің шарттары орындалуының мәселелері бойынша бірлескен тексерулер жүргізу;

    32) мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекетке тиесілі үлесі бар шаруашылық серіктестіктерінің реестрін жүргізу;

    33) аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткiзiлген иесіз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

    34) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

    3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Келес ауданының экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

    18. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

    19. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:

    1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді:

    2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

    3) сенімхаттар береді;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

    7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

    Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

    21. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Келес ауданының экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

    22. Келес ауданының экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Келес ауданының экономика және қаржы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    24. Келес ауданының экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Келес ауданы әкімдігінің

    «___» _________ 2026 жылғы

    №______ қаулысына

    2-қосымша

    «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

    1. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволары жоқ.

    3. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    5. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    8. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Д.Қонаев көшесі, №18А үй, индекс 160905.

    10. Осы ереже Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

    11. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

    13. Мақсаттары:

    1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    14. Өкілеттіктері:

    1) Құқықтары:

    - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мекеме мүдделерін білдіру;

    - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

    - қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;

    - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

    2) Міндеттері:

    - әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;

    - «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, психологиялық көмектер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жергілікті уәкілетті орган шешімі негізінде бір реттік жәрдемақыларды төлеу.

    15. Функциялары:

    1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;

    2) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады;

    3) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;

    4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;

    5) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;

    6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

    7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асырады;

    8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

    9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;

    10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

    11) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;

    12) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;

    13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;

    14) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

    15) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

    16) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

    17) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;

    18) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

    19) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

    20) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады;

    21) «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек көрсетеді;

    22) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;

    23) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алуды жүзеге асырады;

    24) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;

    25) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;

    26) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;

    27) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

    28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

    3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.

    18. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

    19. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

    2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

    3) сенімхаттар береді;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

    7) мемлекеттік мекемеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

    11) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың директорларын тағайындайды және қызметінен босатады.

    Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

    20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

    21. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

    22. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    24. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

    1) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    2) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыналы қария – тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    3) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Келес ауданы әкімдігінің

    «___» _________ 2026 жылғы

    №______ қаулысына

    3-қосымша

    «Келес ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

    1. «Келес ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын дамыту саясаты саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

    2. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ.

    3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.

    8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8Б, индекс 160905.

    10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.

    11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

    13. Мақсаттары:

    1) Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және мемлекеттік тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үйді инспекциялау болып табылады.

    14. Өкілеттіктері:

    1) Құқықтары:

    - мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызмет хат алмасу жүргізу;

    - ауданның атқарушы органдарынан қажетті құжаттарымен, ақпараттар, қажетті қызметтері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсініктемелер сұратуға;

    - Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.

    - аудандық әкімдіктің және мәслихаттың мәжілістеріне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың жиналыстарына қатысу.

    - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

    2) Міндеттері

    1) жергілікті, өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысады және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауданның тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жақсарту, жолаушылар көлігі мен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету; коммуналдық тұрғын үйлерді беру және оны жекешелендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;

    2) объектілермен коммуникациялардың құрылысын, қайта құрылуын, қалпына келтіру, күрделі жөнделуін, аумақтардың абаттандырылуын, көгалдандырылуын реттейтін мәселелердің нормалары мен ережелерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды;

    3) шаруашылық құрылымдық бөлімшелердің, ведомоствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін басқаруды жүзеге асырады, белгіленген тәртіпте оларды құру, қайта құру және тарату бойынша ұсыныстар дайындайды.

    4) мекеменің құзыреті шегінде тұрғын үй –коммуналдық шуашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

    5) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізеді;

    6) экономикалық тұрақты жұмысты қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасайды және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады;

    7) коммуналдық шаруашылықты қысқы мезгілдегі жұмысқа дайындау бойынша кәсіпорындар қызмет берушілермен тұтынушылардың (ПИК) қызметін үйлестіреді және жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді;

    8) халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын коммуналдық қызметтерге, жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келіседі және тексереді, олар бойынша қорытындылар береді және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізеді;

    9) коммуналдық қызмет көрсетуді жетілдіру, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;

    10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою үшін азаматтардан белгіленген тәртіппен құжаттар қабылдайды;

    11) тұрғын үй мәселесі бойынша азаматтардан, ұйымдардан, мекемелерден келіп түскен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдайды;

    12) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру және жекешелендіру туралы аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды, тұрғын үй саясаты мәселесі бойынша аудан әкімдігінің құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;

    13) белгіленген тәртіппен:

    -мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі тұрғын жайларға қоныстану құқығына жалдау шарттарын;

    -қызметтік тұрғын жайларын алуға жалдау шарттарын;

    -тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы шарттарды рәсімдеуді жүзеге асырады.

    14) тұрғын үй комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді, бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

    15) автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді қолданумен жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;

    16) жолаушыларды және жүкті тұрақты аудандық автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастырады;

    17) автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;

    18) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындайды;

    19) кондоминиум объектісінің басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келіседі;

    20) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша атқарылған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;

    21) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

    22) көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін зерттеп-қарауды ұйымдастырады;

    23) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін айқындайды;

    24) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келіседі;

    25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысады;

    26) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы №108 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10528 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығарады;

    27) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуына тексеру жүргізу жатады;

    28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

    15. Функциялары:

    1) ауданның тұрғын үйлерін жылыту маусымына дайындау, пәтер иелері кооперативтеріне (бұдан әрі –ПИК) жұмыс, су тасқынына дайындау;

    2) Ауданның тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, жылу-электр мен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация бойынша жұмыстарды бақылау, ұйымдастыру және жүргізу;

    3) ауданның көше-жол желілеріндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту;

    5) сумен жабдықтау, су бұру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    6) аудандық жолаушылар көлігі мен таксидің тұрақты бағыттарына жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

    7) ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді есепке алу және бөлу;

    8) жергілікті атқарушы органның резерві есебінен шұғыл шығындарға арналған іс-шаралар өткізу;

    9) елді мекендерді абаттандыру, елді мекендердің тазалық жағдайын қамтамасыз ету, елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізу, аудан көшелерімен өзге де елді мекендердегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    10) көлік инфроқұрылымын дамыту, барлық меншік нысандарындағы жолаушыларды тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігінің, қауіпсіздік техникасымен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін диспетчерлік қызметпен және аялдау павильондарымен (аялдамалармен) қамтамасыз ету;

    11) тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылау кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізу;

    12) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум нысанын басқару нысанын таңдау рәсімінің сақтауына, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуына;

    13) объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

    14) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия, газ және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуы;

    15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына;

    16) көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

    17) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;

    18) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге;

    19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;

    20) елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

    21) Тұрғын үй инспекциясы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.

    22) Елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарын жүргізеді;

    23) Құрылысы аяқталған электр және газ жүйесі нысандарының және көше жарықтарының құжаттарын рәсімдеп, елді мекен тұрғындарына электр жарығын қосу жұмыстарын үйлестіреді;

    24) ауданның коммуналдық меншігіндегі электр желілерінің және газ жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

    25) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

    26) Елді мекендерді электр желісімен және газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді үйлестіру;

    27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаңғыбас және иесіз жануарларды аулау және олардың санын реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдері арқылы мердігер ұйымдарды айқындау, аталған жұмыстардың орындалуын үйлестіру және бақылау.

    3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Мемлекеттік органды басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

    18. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

    19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын бекітеді;

    2) мемлекеттік органның атынан әрекет етеді;

    3) сенімхаттар береді;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

    7) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

    Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

    21. Мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бірінші басшы басқарады.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

    22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

    23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Жұмыс режимі

    25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

    6. Өзара қарым-қатынас

    26. Мемлекеттік орган мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік орган мен тиісті сала бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік органның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-катынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерімен реттеледі.

    7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі

    27. Мемлекеттік органның құрылтай кұжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

    8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

    1) Келес ауданы әкімдігінің «Келес қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    2) Келес ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Келес аудандық Газ-техникалық инспекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Келес ауданы әкімдігінің

    «___» _________ 2026 жылғы

    №______ қаулысына

    4-қосымша

    «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

    1. «Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

    2. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ.

    3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.

    8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160905, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №80.

    10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.

    11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

    13. Мемлекеттік органның мақсаттары: ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

    14. Өкілеттіктері:

    14.1. Құқықтары:

    1) Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзу;

    2) ауданның атқарушы органдарынан қажеттi құжаттармен, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға;

    3) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.

    4) аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысуға;

    5) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 729 бабы 2-1-тармағында белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкмішілік жазалар қолдануға құқылы.

    14.2. Міндеттері:

    1) қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

    2) ауданда мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыс және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму, дін істері, мәдениет, спорт басқармаларының Мемлекеттік орган құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды;

    3) қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;

    4) ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;

    5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

    6) ауданда болып жатқан қоғамдық – саяси процестерге және оның даму барысына жан – жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;

    7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;

    8) аудандағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді;

    9) қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;

    10) әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;

    11) аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;

    12) өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

    13) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;

    14) Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;

    15) аудандық деңгейде ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;

    16) Мемлекеттік органның құзырына кіретін ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;

    17) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;

    18) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    15. Функциялары:

    1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;

    2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

    3) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;

    4) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;

    5) Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;

    6) Мемлекеттік орган атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына есеп беріп отырады;

    7) Мемлекеттік орган құзырына кіретін мәселелер жөнінде аудандағы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;

    8) облыстық және аудандық қоғамдық–саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

    9) ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;

    10) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;

    11) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;

    12) ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

    13) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген, аудан аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды;

    14) Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

    15) саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;

    16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми – практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

    17) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Мемлекеттік орган құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарын орындайды;

    18) аудан аумағында жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін тиісті ұсынымдар енгізу;

    19) аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту;

    20) аудан мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, аттракциондармен, инвентарлармен, сахналық киімдермен қамтамасыз ету;

    21) кітаптың мемлекеттік алтын қорын сақтау, кітапханаларды көркем әдебиет шығармаларымен және жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған оку құралдарымен жабдықтау;

    22) аудандық мәдениет үйлерінде көркем өнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету;

    23) аудандық мәдениет мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру, қызметкерлерді аттестациялау және тарифтік-біліктілік категорияларын анықтау;

    24) аудандық мәдениет мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу сұрақтарын өз құзыры шегінде шешу;

    25) Республика ішінде де, одан тыс жерлерде де мәдениет ынтымақтастығын дамыту;

    26) Мемлекеттік органның қарамағындағы аудандық мәдениет мекемелерінде бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын ұйымдастыру;

    27) мекемелердің балансын қарау, барлық қызмет түрлері бойынша кезекті және жылдық есепті тиісті органдарға тапсыру;

    28) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;

    29) жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;

    30) Мемлекеттік органның құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу;

    31) мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға меншік нысандарына қарамастан тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақтылы көмек көрсету;

    32) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге деректемелер мен көрнекі ақпаратты Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмек көрсету;

    33) аудандағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру;

    34) Қазақстан Республикасынан шет тұратын қазақ диаспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері бойынша байланыс жасау;

    35) Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасау;

    36) Тіл саясаты мәселелері туралы семинарлар, конференциялар, отырыстар, ұйымдастыру, аудандық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық ұйымдардың форумдарына қатысу;

    37) бұқаралық спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;

    38) спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi;

    39) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

    40) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;

    41) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;

    42) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

    43) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

    44) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

    45) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi;

    46) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

    47) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

    3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Мемлекеттік органды басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

    18. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

    19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын бекітеді;

    2) мемлекеттік органның атынан әрекет етеді;

    3) сенімхаттар береді;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

    7) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

    Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

    21. Мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бірінші басшы басқарады.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

    22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

    23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Жұмыс режимі

    25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

    6. Өзара қарым-қатынас

    26. Мемлекеттік орган мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік орган мен тиісті сала бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік органның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-катынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерімен реттеледі.

    7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі

    27. Мемлекеттік органның құрылтай кұжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

    8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Келес ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

    1) Келес ауданы әкімдігінің «Әшірәлі Кенжеев атындағы Келес аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

    2) Келес ауданы әкімдігінің «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    3) Келес ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    4) Келес ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    5) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Келес спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    6) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Келес аудандық ұлттық спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    7) Келес ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Жас спортшылар клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    Келес ауданы әкімдігінің

    «___» _________ 2026 жылғы

    №______ қаулысына

    5-қосымша

    «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

    1. «Келес ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Келес ауданының жер қатынастары бөлімі) жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.

    3. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    5. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Келес ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    8. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8Б, индекс 160905.

    10. Осы Ереже Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

    11. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. Келес ауданының жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер Келес ауданының жер қатынастары бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

    13. Мақсаттары:

    1) белгiлеген жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн қамтамасыз ету;

    2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;

    3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;

    4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау.

    14. Өкілеттіктері:

    1) Құқықтары:

    - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;

    - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

    - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

    2) Міндеттері:

    - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

    - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;

    - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

    - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

    15. Функциялары:

    1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

    2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

    4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;

    5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

    6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

    7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

    8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    9) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

    10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

    11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

    12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын ауданының маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

    13) ауданның жер балансын жасау;

    14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

    15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

    16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

    17) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

    18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

    19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

    20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

    21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

    22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

    23) Жер кодексінің 147-бабының 2-2-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.

    3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Келес ауданының жер қатынастары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Келес ауданының жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.

    18. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.

    19. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:

    1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

    2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

    3) сенімхаттар береді;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

    7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

    Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

    20. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

    21. Келес ауданының жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Келес ауданының жер қатынастары бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    23. Келес ауданының жер қатынастары бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Келес ауданы әкімдігінің

    «___» _________ 2026 жылғы

    №______ қаулысына

    6-қосымша

    «Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

    ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер

    1. «Келес ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

    2. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ.

    3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.

    8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, С.Сейфуллин көшесі, №8Б, индекс 160905.

    10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.

    11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

    13. Мақсаттары:

    1) Мемлекеттік органның миссиясы: Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    14. Өкілеттіктері:

    1) Құқықтары:

    - Ауданның атқарушы органдарынан қажеттi құжаттар, ақпараттар, қажеттi қызметтерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың жекелеген лауазымдық тұлғалардан түсiнiктемелер сұратуға;

    - мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, өзінің құзіреті шеңберінде қажетті мәліметтерді сұрауға құқылы;

    - өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

    - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

    2) Міндеттері:

    -Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді;

    - жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;

    - мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

    - мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    - мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау.

    - Аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысады.

    - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

    - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

    15. Функциялары:

    1) құрылыс жүргізу барысында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау;

    2) құрылыс саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс қимыл жасау;

    3) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау жұмыстарына қатысу;

    4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

    5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

    6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

    7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

    8) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

    9) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

    10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;

    11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

    12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдауға ұсыныс беру;

    13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдауға ұсыныс беру;

    14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Мемлекеттік органды басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

    18. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

    19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын бекітеді;

    2) мемлекеттік органның атынан әрекет етеді;

    3) сенімхаттар береді;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

    7) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

    Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

    21. Мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бірінші басшы басқарады.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

    22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

    23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Жұмыс режимі

    25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

    6. Өзара қарым-қатынас

    26. Мемлекеттік орган мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік орган мен тиісті сала бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік органның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-катынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерімен реттеледі.

    7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі

    27. Мемлекеттік органның құрылтай кұжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

    8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Келес ауданы әкімдігінің

    «___» __________ 2026 жылғы

    №______ қаулысына

    7-қосымша

    «Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1. Жалпы ережелер

    1. «Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) мемлекеттік басқаруды заңнамада көзделген шекте кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, ауыл шаруашылығы салаларында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. Мемлекеттік органның ведомстволары жоқ.

    3. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Мемлекеттік орган мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

    5. Мемлекеттік орган азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Мемлекеттік орган өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік орган басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін бұйрықтар қабылдайды.

    8. Мемлекеттік орган құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, М.Артыков көшесі №225, индекс 160905.

    10. Осы Ереже Мемлекеттік органның құрылтай құжаты болып табылады.

    11. Мемлекеттік орган қызметін каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

    12. Мемлекеттік орган кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік органның өкілеттіктер болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

    Егер Мемлекеттік органға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

    13. Мақсаттары:

    1) ауданның өнеркәсіптік секторының бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету, кіші және орта кәсіпкерлікті, туризмді және туристік индустрияны дамыту және қолдау, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

    14. Өкілеттіктері:

    1) Құқықтары:

    - жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;

    - мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

    - мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    - мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және өзге ұйымдардан өзінің құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;

    - мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;

    - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де әкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

    2) Міндеттері:

    - Жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;

    - Жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

    - Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

    - Туризмді және туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шараларын ұйымдастыру;

    - Агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу;

    - Агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады;

    - Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

    15. Функциялары:

    1) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізімін қалыптастыру;

    2) ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын жасауда және атқаруда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп дамуының жобасын әзірлеу, жасау және орындалуын қадағалау;

    3) аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы жөнінде аудан көлемінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар бойынша көрсеткіштер мониторингін жүргізу;

    4) аудандағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жүргізе отырып, мемлекеттік бағаны тұрақтандыру саясатын жүзеге асыру;

    5) сауданы дамыту мен реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптастырылуын және іске асырылуын қамтамасыз ету;

    6) аудан тұрғындарына кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша берілген несие көлемі жөнінде мәлімет жинақтап, тоқсан сайын талдау жүргізу;

    7) аудан көлемінде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;

    8) аудан көлемінде туризмді және туристік индустрияны қолдау бағдарламаларының орындалуын үйлестіру және әзірлеу;

    9) бөлімнің құзіретіне кіретін өңірлік бағдарламалардың бағыттарын жасау және орындалуын қадағалау;

    10) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастыру;

    11) сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуда біріңғай саясатты ұстану;

    12) агроөнеркәсiптік кешендi және ауылдық аумақтарды дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын әзірлеу;

    13) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңға және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

    14) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

    15) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

    16) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;

    17) ауылшаруашылық өнiмiн өндiруді басқару жүйелерiн дамыту;

    18) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

    19) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көп жылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);

    20) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

    21) аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

    22) облыстың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсету;

    23) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

    24) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген аудан аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген адамға жібереді;

    25) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

    26) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

    3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

    16. Мемлекеттік органды басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

    17. Мемлекеттік органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

    18. Мемлекеттік органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

    19. Мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттігі:

    1) мемлекеттік органның жұмыс жоспарларын бекітеді;

    2) мемлекеттік органның атынан әрекет етеді;

    3) сенімхаттар береді;

    4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

    5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    6) мемлекеттік органның ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

    7) мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    8) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн, оның iшiнде осы органдардың қызметкерлерiн жеке қабылдауды жүзеге асырады;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;

    Мемлекеттік органның бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

    21. Мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын лауазымды тұлға бірінші басшы басқарады.

    4. Мемлекеттік органның мүлкі

    22. Мемлекеттік органның заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Мемлекеттік органның мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өздеріне бекітіліп берілген, өздерінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

    23. Мемлекеттік органға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік орган өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    5. Жұмыс режимі

    25. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

    6. Өзара қарым-қатынас

    26. Мемлекеттік орган мен мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік орган мен тиісті сала бойынша уәкілетті органның, мемлекеттік органның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-катынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама актілерімен реттеледі.

    7. Құрылтай құжаттарға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тәртібі

    27. Мемлекеттік органның құрылтай кұжаттарына өзгертулер мен толықтырулар аудан әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

    8. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    28. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

    Келес ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің «Келес ауданы су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.