«Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2026 ж.

    «Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28278 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларда:

    6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Сауда және интеграция министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2026 жылғы 30 сәуірдегі

    № 220

    Бұйрыққа қосымша

    Өңдеу өнеркәсібінің

    кәсіпорындарын отандық

    шикізатпен қамтамасыз ету

    жөніндегі қағидаларға

    6-қосымша

    Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін отандық шикізатқа жеңілдіктердің мөлшері

    Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі келісімдер ерекше бәсекеге қабілетті баға белгілеу шарттарында жасалады, бірақ нақты отандық шикізат тауарын өндіруші шикізаттың осы түрінің экспортының ең төменгі бағасынан аспайды.

    1) металлургия өнеркәсібі үшін:

    баға белгілеу кезеңі – жеткізудің алдыңғы айындағы London Metal Exchange (Лондон металдар биржасы) жарияланатын ең жоғары және ең төменгі бағалардың орташа мәні айқындалатын соңғы айдың интервалында белгіленетін, күнтізбелік отыз күнге тең баға белгілеу кезеңі.

    р/с №№
    Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
    Ши­кі­заттың ата­уы
    Ши­кі­за­тқа же­ңіл­дік мөл­ше­рі (ара­лық өнім үшін)
    Ши­кі­за­тқа же­ңіл­дік мөл­ше­рі (түп­кі­лік­ті өнім үшін)
    11
    7601
    Өң­дел­ме­ген алю­ми­ний
    Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 1%
    Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%
    22
    74 03
    Та­зар­ты­л­ған мыс және өң­дел­ме­ген мыс қо­рыт­па­ла­ры
    Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 1%
    Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі ба­ға­сы­ның 5%
    33
    78 01
    Өң­дел­ме­ген қор­ға­сын
    Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 40$
    Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 40$
    44
    79 01
    Өң­дел­ме­ген мы­рыш
    Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 5%
    Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі Лон­дон ме­талл бир­жа­сы­ның ба­ға­сы­нан 5%
    55
    74 08 11
    Мыс ка­тан­ка­сы
    Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды)
    Ба­ға бел­гі­леу ке­зе­ңін­де­гі London Metal Exchange ба­ға­сы­ның 5%+қай­та өң­деу со­ма­сы (қай­та өң­деу со­ма­сы Ке­лі­сім жа­са­су ба­ры­сын­да ай­қын­да­ла­ды)
    66
    76 05 11
    Алю­ми­ний ка­тан­ка­сы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.