Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.

    2. Күші жойылды деп мыналар танылсын:

    1) «Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33584 болып тіркелген);

    2) «Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 қазандағы № 36 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 175 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36150 болып тіркелген).

    3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2026 жылғы 30 сәуірдегі

    № 215

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабы 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және екі және одан да көп облыс (не олардың бөліктері), агломерациялар үшін аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібін белгілейді.

    2-тарау. Аумақты дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі

    2. Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары (бұдан әрі – Өңіраралық схемалар) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасына сәйкес әзірленеді, екі және одан да көп облыстың (не олардың бөліктерінің), агломерациялардың аумақтарында өзара келісілген (біріктірілген) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне арналған және мыналарды:

    1) аумақты аймақтарға бөлуді;

    2) өңірлік және өңіраралық маңызы бар өндірістік күштерді, көліктік, инженерлік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды жайғастыру және орналастыру жүйесін кешенді дамыту жөніндегі жобалау шешімдерін;

    3) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және шаруашылық қызмет, ресурстармен қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жобалау шешімдерін;

    4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерінен аумақтарды қорғау жөніндегі жобалау шешімдерін және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды;

    5) оларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды айқындай отырып, белсенді экономикалық даму аумақтарын қалыптастыру жөніндегі жобалау ұсыныстарын;

    6) аумақты дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеуге арналған тапсырмада белгіленетін өзге де ережелерді айқындайды.

    3. Өңіраралық схемаларды әзірлеуді ұйымдастыруды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) бірігіп жүзеге асырады.

    Мемлекеттік тапсырма шеңберінде өңіраралық схемаларды әзірлеу Кодекстің 69-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен жүзеге асырылады.

    4. Тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобалауға арналған тапсырманы әзірлейді және бекітеді.

    5. Өңіраралық схемаларды әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ тиісті ЖАО дайындайды және сұрау салу түскен күнен бастап он жұмыс күні ішінде әзірлеушіге (бас жобалаушыға) береді.

    6. Тапсырыс беруші Өңіраралық схемалардың жобаларын кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткеннен кейін мүдделі мемлекеттік органдарға қарауға және келісуге жібереді.

    7. Өңіраралық схеманың жобасы бекітілгенге дейін ол Кодекстің 24-бабының 12) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтеді.

    8. Кешенді қала құрылысы сараптамасынан өтпеген және оң қорытындыны алмаған Өңіраралық схемалар бекітуге жатпайды.

    9. Өңіраралық схемаларды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

    10. Өңіраралық схеманың бекітілетін бөлігі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Өңіраралық схема жобасының негізгі ережелері, негізгі сызбасы және Аумақты дамытудың өңіраралық схемалары негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері болып табылады.

    11. Бекітілген Өңіраралық схемаларды мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін векторлық түрде ұсыну Кодекстің 24-бабының 47) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу және одан ақпаратты және (немесе) мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Аумақ­ты да­мы­ту­дың

    өңі­ра­ра­лық схе­ма­ла­рын

    әзір­леу, ке­лі­су және бе­кі­ту

    қа­ғи­да­ла­ры­на

    1-қо­сым­ша

    Жобалауға арналған тапсырма

    БЕКІТЕМІН:

    (лауазымы, ұйым)

    ______________________

    (тегі, аты және әкесінің аты

    (бар болған жағдайда))

    ______________________

    (қолы)

    ______________________

    (күні)

    1. Қала құрылысы жобасының түрі

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    2. Тапсырыс беруші

    _______________________________________________________________________________

    _______________________________________________________________________________ (толық және қысқартылған атауы)

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    3. Жобалау ұйымы (орындаушы)

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________ (толық және қысқартылған атауы)

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    4. Жобалау үшін негіздеме

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    5. Қала құрылысын жоспарлау объектісі

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    6. Жобалау кезеңдері бойынша ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына және нысанына қойылатын негізгі талаптар, жұмыстарды орындау реті мен мерзімдері

    _____________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________

    7. Жобалау үшін бастапқы ақпараттың құрамы, орындаушылары, ұсыну мерзімдері мен тәртібі

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    8. Қала құрылысы жобасының осы түрін келісетін уәкілетті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тізбесі

    ____________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________

    9. Өзге талаптар мен шарттар: орындаушыдан

    ________________________________________________________________________________

    (лауазымы, ұйым)

    ____________________________________________________________________________

    (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

    ____________________________________________________________________________

    (күні)

    сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті (немесе жергілікті атқарушы) органдардан

    ________________________________________________________________________________

    (лауазымы, ұйым)

    ____________________________________________________________________________

    (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)), (күні)

    өзге келісуші ұйымдардан

    _______________________________________________________________________________

    (толық атауы) (лауазымы, ұйым)

    ____________________________________________________________________________

    (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда))

    ___________________________________________________________________________ (күні)

    Ескертпе: Тапсырманың мазмұны қала құрылысы құжаттамасының жекелеген түрлерін және қала құрылысын жоспарлау мен құрылыс салу объектісінің ерекшелігін әзірлеуге қойылатын талаптарға сәйкес нақтыланады.

    Аумақты дамытудың

    өңіраралық схемаларын

    әзірлеу, келісу және бекіту

    қағидаларына

    2-қосымша

    Аумақты дамытудың өңіраралық схемасы жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

    Р/с №
    Көр­сет­кіш­тер
    Өл­шем бір­лі­гі
    Қа­зір­гі жағ­дайы
    Бі­рін­ші ке­зең
    Есеп­тік
    ке­зең
    Бо­лжам­ды ке­зең
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1
    Аумақ
    1)
    Бар­лы­ғы
    мың гек­тар
    оның ішін­де:
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    мың гек­тар/%
    ел­ді ме­кен­дер­дің жер­ле­рі, оның ішін­де:
    қа­ла­лық
    мың гек­тар/%
    ауыл­дық
    мың гек­тар/%
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­та­жы­на ар­нал­ған жер­лер және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­на ар­нал­ма­ған өзге де жер
    мың гек­тар/%
    ерекше қор­ға­ла­тын аумақ­тар­дың же­рі
    мың гек­тар/%
    са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер
    мың гек­тар/%
    ор­ман қо­ры­ның же­рі
    мың гек­тар/%
    су қо­ры­ның же­рі
    мың гек­тар/%
    босал­қы жер
    мың гек­тар/%
    2
    Ха­лық
    1)
    Бар­лы­ғы
    мың адам
    оның ішін­де:
    қа­ла хал­қы­ның са­ны
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    ауыл хал­қы­ның са­ны
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    2)
    Ха­лық­тың та­би­ғи қоз­ға­лы­сы­ның көр­сет­кіш­те­рі:
    туы­л­ған­дар са­ны
    мың адам
    қай­тыс болған­дар са­ны
    мың адам
    өсуі/ке­муі
    мың адам
    3)
    Ха­лық­тың кө­ші-қон көр­сет­кіш­те­рі:
    кел­ген­дер са­ны
    мың адам
    кет­кен­дер са­ны
    мың адам
    өсуі/ке­муі
    мың адам
    4)
    Қа­ла­лар са­ны­нан, бар­лы­ғы
    бір­лік
    ірі (есеп­тік са­ны 501,0 мың адам­нан аса­тын)
    бір­лік
    үл­кен (ха­лық­тың есеп­тік са­ны 101,0-ден 500,0 мың адам­ға дей­ін)
    бір­лік
    ор­та­ша (ха­лық­тың есеп­тік са­ны 51,0-ден 100,0 мың адам­ға дей­ін)
    бір­лік
    ша­ғын (ха­лық­тың есеп­тік са­ны 50,0 мың адам­ға дей­ін)
    бір­лік
    5)
    Кент­тер
    бір­лік
    6)
    Ауыл­дар
    бір­лік
    7)
    Ха­лық­тың тығ­ы­зды­ғы
    мың адам/1 ки­ло­метр2
    8)
    Ха­лық­тың жас құ­ры­лы­мы:
    15 жас­қа дей­ін­гі ба­ла­лар
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жас­та­ғы ха­лық
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    ең­бек­ке қа­бі­лет­ті жастан ас­қан ха­лық
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    9)
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бой­ын­ша жұ­мыспен қам­ты­л­ған ха­лық
    мың адам/жұ­мыспен қам­ты­л­ған ха­лық са­ны­ның %
    оның ішін­де:
    өнер­к­ә­сіп
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    құ­ры­лыс
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    бі­лім
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    ден­са­улық сақ­тау және әле­умет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    өзге­ле­рі
    мың адам/ха­лық­тың жал­пы са­ны­ның %
    3
    Эко­но­ми­ка­лық әле­ует
    1)
    Өнер­к­ә­сіп өн­ді­рі­сі­нің кө­ле­мі
    мил­ли­ард тең­ге
    2)
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін өн­ді­ру кө­ле­мі
    мил­ли­ард тең­ге
    4
    Тұр­ғын үй қо­ры
    1)
    Бар­лы­ғы
    жал­пы аудан­ның мың метр2, %
    оның ішін­де:
    қа­ла­лық ел­ді ме­кен­дер­де
    жал­пы аудан­ның мың метр2, %
    ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де
    жал­пы аудан­ның мың метр2, %
    2)
    Ха­лық­тың тұр­ғын үй­дің жал­пы ауда­ны­мен қам­та­ма­сыз еті­луі:
    метр2/адам
    қа­ла­лық ел­ді ме­кен­дер­де
    метр2/адам
    ауыл­дық ел­ді ме­кен­дер­де
    метр2/адам
    5
    Ха­лық­қа әле­умет­тік және мә­де­ни-тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту объ­ек­ті­ле­рі
    1)
    Мек­теп­ке дей­ін­гі, ба­ста­уыш және ор­та кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    бір­лік/оқу­шы­лар
    Күн­діз­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер
    бір­лік/мың орын
    Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар
    бір­лік/мың орын
    2)
    Мә­де­ни­ет және өнер ұй­ым­да­ры:
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    оның ішін­де:
    те­атр­лар
    бір­лік/орын
    ки­но­те­атр­лар
    бір­лік/орын
    кі­та­п­ха­на­лар
    бір­лік/мың том
    клуб ти­пін­де­гі ұй­ым­дар
    бір­лік/орын
    3)
    Ден­са­улық сақ­тау ұй­ым­да­ры (ау­ру­ха­на­лар, ем­ха­на­лар, пер­зент­ха­на­лар, фельд­шер­лік-аку­шер­лік пункт­тер және бас­қа да ме­ди­ци­на­лық пунк­тер):
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    оның ішін­де:
    Ста­ци­о­нар­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар
    тө­сек
    Ам­бу­ла­то­ри­я­лық-ем­ха­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар
    ауы­сым­ға ке­лу
    4)
    Ши­па­жай-ку­рорт мақ­са­тын­да­ғы, де­ма­лыс және ту­ри­стік (ши­па­жай­лар, пан­си­о­нат­тар, де­ма­лыс үй­ле­рі, ла­герь және бас­қа­ла­ры) объ­ек­ті­лер
    тө­сек-орын
    5)
    Әле­умет­тік қам­та­ма­сыз ету ұй­ым­да­ры
    оның ішін­де:
    Ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік ме­ке­ме­лер
    бір­лік/орын
    Пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік ме­ке­ме­лер
    бір­лік/орын
    Ста­ци­о­нар­лық және жар­ты­лай ста­ци­о­нар­лық үл­гі­де­гі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған (оның ішін­де пси­хо­нев­ро­ло­ги­я­лық па­то­ло­ги­я­ла­ры бар және ті­рек-қи­мыл ап­па­ра­ты бұ­зы­л­ған) ұй­ым­дар
    бір­лік/орын
    6
    Кө­лік ин­фра­құ­ры­лы­мы
    1)
    Те­мір­жол қа­ты­на­ста­ры­ның ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    2)
    Ке­піл­ді те­рең­ді­гі бар ке­ме жү­зе­тін өзен жол­да­ры­ның ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    3)
    Ав­то­мо­биль жол­да­ры­ның ұзынды­ғы, бар­лы­ғы
    ки­ло­метр
    оның ішін­де:
    рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар (ха­лы­қа­ра­лық ма­ңы­зы бар)
    ки­ло­метр
    об­лы­стық ма­ңы­зы бар
    ки­ло­метр
    аудан­дық ма­ңы­зы бар
    ки­ло­метр
    4)
    Газ құ­быр­ла­ры­ның ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    5)
    Мұ­най құ­быр­ла­ры­ның ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    6)
    Кө­лік же­лі­сі­нің тығ­ы­зды­ғы:
    ки­ло­метр/100 ки­ло­метр2
    те­мір­жол
    ки­ло­метр/100 ки­ло­метр2
    ав­то­мо­биль
    ки­ло­метр/100 ки­ло­метр2
    7)
    Әу­е­жай­лар
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    оның ішін­де:
    ха­лы­қа­ра­лық ма­ңы­зы бар
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    мем­ле­кет­тік (ұлт­тық)
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    жер­гі­лік­ті
    ти­іс­ті бір­лік­тер
    7
    Ин­же­нер­лік ин­фра­құ­ры­лым
    1)
    Су­мен жаб­дық­тау:
    Же­ра­с­ты көз­де­рі­нің ре­сур­ста­ры
    мил­ли­он метр3
    Же­рү­сті көз­де­рі­нің ре­сур­ста­ры
    мың метр3
    Су тұ­ты­ну - бар­лы­ғы
    мың метр3/тәу­лі­гіне
    оның ішін­де:
    ша­ру­а­шы­лық-ауыз­су қа­жет­ті­лі­гіне
    мың метр3/тәу­лі­гіне
    өнер­к­ә­сіп­тік қа­жет­ті­лік­тер­ге
    мың метр3/тәу­лі­гіне
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы қа­жет­ті­лі­гіне
    мың метр3/тәу­лі­гіне
    1 адам­ға ор­та­ша тәу­лік­тік су тұ­ты­ну
    литр/тәу­лі­гіне бір адам­ға
    Су бұ­ру-бар­лы­ғы:
    мил­ли­он метр3/жы­лы­на
    су объ­ек­ті­ле­ріне
    мил­ли­он метр3/жы­лы­на
    2)
    Электр­мен жаб­дық­тау:
    Бел­гі­лен­ген қу­а­ты, бар­лы­ғы
    ме­га­ватт
    оның ішін­де:
    гид­ро­электр стан­ци­я­лар
    %
    жы­лу электр стан­ци­я­ла­ры
    %
    атом электр стан­ци­я­ла­ры
    %
    жа­ңар­ты­ла­тын энер­гия көз­де­рі
    %
    Есеп­тік қа­жет­ті­лік:
    мил­ли­он ки­ло­ватт/са­ға­ты­на
    оның ішін­де:
    ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер
    мил­ли­он ки­ло­ватт/са­ға­ты­на
    өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лік­тер
    мил­ли­он ки­ло­ватт/са­ға­ты­на
    Кер­не­уі 35 ки­ло­вольт және одан жо­ға­ры электр бе­ру же­лі­ле­рі­нің ұзынды­ғы
    ки­ло­метр
    3)
    Жы­лу­мен жаб­дық­тау:
    Бел­гі­лен­ген қу­а­ты
    мың ги­га­ка­ло­рия/са­ға­ты­на
    Есеп­тік қа­жет­ті­лік:
    мил­ли­он ги­га­ка­ло­рия
    4)
    Га­з­бен жаб­дық­тау:
    Есеп­тік қа­жет­ті­лік:
    мил­ли­он метр3/жыл
    оның ішін­де:
    ком­му­нал­дық-тұр­мыстық қа­жет­ті­лік­тер
    мил­ли­он метр3/жыл
    өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лік­тер
    мил­ли­он метр3/жыл
    5)
    Бай­ла­ныс
    Ин­тер­нет­ті пай­да­ла­ну­шы­лар са­ны
    %
    8
    Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және та­би­ғи ре­сур­стар­ды ұтым­ды пай­да­ла­ну
    1)
    Ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ның ла­ста­ну дең­гейі жо­ға­ры ел­ді ме­кен­дер са­ны
    бір­лік
    2)
    Ла­ста­у­шы заттар­дың нор­ма­тив­тік шы­ға­рын­ды­ла­ры­ның кө­ле­мі
    мың тон­на/жыл
    3)
    Қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар­ды өң­деу мен кә­де­ге жа­ра­ту­дың олар­дың тү­зі­лу­іне үле­сі
    %
    4)
    Ла­ста­у­шы заттар­дың нор­ма­тив­тік тө­гін­ді­ле­рі­нің кө­ле­мі
    мың тон­на/жыл
    5)
    Аумақ­тың ор­ман­ды­лы­ғы
    %
    6)
    Өңір­дің жал­пы ала­ңы­на қа­ра­ған­да ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың үле­сі
    %
    9
    Өрт сөн­ді­ру де­по­сы­ның ғи­ма­рат­та­ры
    де­по/ав­то­мо­биль­дер са­ны

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.