Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.

    Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарқан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерінбелгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 16-64 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189842 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Сарқан ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

    1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні;

    2) 26 сәуір - Халықаралық Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні;

    3) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;

    4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;

    5) 10 қазан – Мүгедектігі бар адамдар күні.

    7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):

    әлеуметтік маңызы бар оның ішінде: туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;

    адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын;

    7-тармақтың 9)-10) тармақшалары алып тасталсын;

    7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінің біріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделуге алып (еріп)жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде әлеуметтік көмек;

    7-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;

    7-тармақтың 13)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    13) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет.

    7.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7.1. Жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:

    1) осы қағиданың 7-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға;

    2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған тұлғаларға.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Сарқан аудандық мәслихат төрағасының м.а.

    Е.Дармишев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.