Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

    «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Ж. Сулейменова

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2026 жылғы 30 сәуірдегі

    № 110-НҚ

    Бұйрығымен бекітілген

    Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) жарақатқа бағдарланған тәсіл – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалармен жұмысты ұйымдастыру тәсілі, ол олардың ықтимал травмалық тәжірибесін ескеруге негізделген және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қолдау көрсетуге, сондай-ақ қайта травматизацияның алдын алуға бағытталған;

    2) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер;

    3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган – балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың құқықтарын бұзушылық профилактикасы және оны ерте анықтау, оларды қалпына келтіру және қорғау жөніндегі шараларды қабылдау қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттің кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын орындайтын жергілікті атқарушы орган.

    3. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерінің (бұдан әрі – кабинеттер) қызметін үйлестіру жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.

    2-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің мақсаттары, міндеттері және қағидалары

    4. Кабинеттердің мақсаты зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты, соның ішінде сот-медициналық сараптама және тергеу іс-шаралары жүргізілген кезде көмек көрсету болып табылады.

    5. Кабинеттердің міндеттері:

    1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

    2) зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді ұйымдастыру; 

    3) баланың мүдделерін қамтамасыз ету қағидатын ескере отырып, зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды сот-медициналық сараптама жүргізу және тергеу әрекеттері кезінде сүйемелдеу;

    4) зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға уақтылы көмек көрсету мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдармен, оның ішінде құқық қорғау органдарымен, қорғаншылық және қамқоршылық органдарымен, медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

    6. Кабинеттердің қызметі заңдылық, құпиялылық және баланың мүдделерінің басымдығы қағидаттарына негізделеді.

    3-тарау. Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің тәртібі

    7. Кабинеттердің қызметі қалаларда, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қала аудандарында, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде жергілікті атқарушы органдар анықтайтын ұйымдар базасында немесе жеке заңды тұлға ретінде, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ұйымдастырылады.

    8. Кабинеттерді құру, қайта ұйымдастыру және жабу, сондай-ақ кабинет басшысын тағайындау немесе қызметінен босату туралы шешімдерді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды.

    9. Кабинеттер өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

    1) психологиялық – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жеке психологиялық көмек көрсету бойынша психологиялық қолдау орталықтарына жәрдемдесу, соның ішінде психоэмоциялық мәселелерді, дағдарыстық жағдайларды шешуге, психотравмалық оқиғалардың салдарын жеңуге бағытталған диагностика жүргізу және кеңестер беру;

    2) медициналық – денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға және емдеуге жатқызуға жәрдемдесу;

    3) сот-медициналық – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалардың жағдайын кешенді сот-медициналық бағалау жүргізу үшін сот-медициналық сарапшылармен ынтымақтастық жасау;

    4) тергеу – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды ішкі істер органдары жүргізетін тергеу әрекеттері кезінде сүйемелдеу және оларға қолдау көрсету.

    10. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету кабинеттерде тәулік бойы және тегін жүзеге асырылады.

    11. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган анықтаған ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің мүдделері мен баланың мүдделері қайшылыққа келетін жағдайларды қоспағанда, ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің жазбаша немесе хабардар келісімі болған жағдайда жүзеге асырылады.

    Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер мен баланың арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өкіл тағайындауға міндетті.

    12. Кабинеттерге зорлық-зомбылықтан жәбір көрген, туған сәтінен он сегіз жасқа дейінгі балалар қабылданады.

    13. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды қабылдаудың негізі – кәмелетке толмағанды жеткізген адамның өтініші немесе кәмелетке толмағанның өзі жасаған өтініші.

    14. Кабинеттерге жеткізілген немесе өздігінен жүгінген кәмелетке толмағандар туралы деректер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды есепке алу журналында тіркеледі.

    15. Кәмелетке толмағанды қабылдау кезінде кабинет қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кабинетке зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау актісін жасайды.

    16. Кабинет басшысы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау кезінде:

    1) баланың мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, бұл туралы жедел түрде баланың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне хабарлайды;

    2) кәмелетке толмағанға шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда жедел медициналық жәрдемді шақырады;

    3) ішкі істер органдарының, психологиялық қолдау орталығының, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдардың, денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерін жедел шақырады.

    17. Кабинетте болған уақытта әрбір зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға кепілдендірілген:

    1) өмірі мен денсаулығының сақталуы;

    2) қадір-қасиетінің қорғалуы;

    3) барлық түрдегі зорлық-зомбылықтан қорғау;

    4) білікті көмек алу.

    18. Психологиялық қолдау орталығының маманы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланың жағдайын жедел түрде бастапқы бағалайды, бұл осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес жүргізіледі.

    19. Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қажетті іс-шараларды өткізеді.

    20. Баладан айғақтар процессуалдық нормаларды сақтай отырып, қайта жауап алу қажеттілігін азайтып қабылданады.

    21. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулы шыққан жағдайда, сараптама кабинеттегі арнайы жабдықталған секцияда сот-медициналық сарапшы қатысуымен жүргізіледі.

    22. Сот-медициналық сараптама баланың жеке өмірін сақтау, қадір-қасиетін құрметтеу және сараптамаға тікелей қатыспайтын адамдардың минималды саны қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.

    23. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаға қатысты сот-медициналық сараптама, тергеу әрекеттері жүргізілген кезінде мүмкіндігінше баламен бір жыныстағы маман қатысуы немесе баланың психологиялық жағдайын ескере отырып басқа маманның қатысуы қамтамасыз етіледі.

    24. Психологиялық қолдау орталығының маманы баланы қайта жарақаттамау мақсатында тергеу және сот-медициналық әрекеттерді жүргізу шарттарын, нысанын және ретін ұсынуға құқылы.

    25. Қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын орган кабинетке жеткізілген зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне тапсыруды қамтамасыз етеді, ал бұл баланың мүддесіне қайшы келетін немесе тікелей өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда, баланың әрі қарай орналастырылуы туралы шешімді «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қабылдайды.

    26. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланың жағдайын бастапқы бағалауға сүйене отырып, жеке жұмыс жоспары (бұдан әрі – ЖЖЖ) осы Қағидаларға 4-қосымшадағы нысанға сәйкес кабинет басшысымен жасалып, қол қойылады және ішкі істер органдарымен, сот-медициналық сарапшымен, психологиялық қолдау орталығымен, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын органмен және баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдерімен келісіледі.

    27. ЖЖЖ-де көрсетілген іс-шаралар ішкі істер органдарының, психологиялық қолдау орталығының, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын атқаратын органның өкілдерімен және сот-медициналық сарапшымен жүргізіледі.

    28. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалар алғашқы көмек көрсету және осы Қағидаларда көзделген рәсімдерді жүргізу кезінде қажеттілігі бойынша шығуға және қайта оралуға мүмкіндігімен кабинетте уақытша болады.

    29. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсету баланың жасын, жынысын, жеке даму ерекшеліктері мен психологиялық жағдайын ескере отырып, баланың құқықтары мен қажеттіліктерін назарға алатын жарақатқа бағдарланған тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады.

    30. Кабинетте болған кезде белгілі болған зорлық-зомбылықтан жәбір көрген кәмелетке толмағандардың дербес деректері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарияланбайды.

    31. Баланың және оның отбасының жеке деректерін (жеке сәйкестендіру деректері, фотосуреттері, мекенжайы, білім беру ұйымдарының атауы) қамтитын материалдарды жариялауға тыйым салынады.

    32. Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға көмек көрсетілуін бақылау «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органымен жүзеге асырылады.

    33. Кабинет бөгде адамдардың қол жеткізуі шектелген келесі секциялардан тұрады:

    1) cот-медициналық сараптама жүргізу секциясы;

    2) тергеу әрекеттерін жүргізу секциясы;

    3) психолог секциясы;

    4) жұмыс секциясы.

    34. Секцияларда кабинет жұмысы мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат орналастырылады.

    Балалардың қоршаған ортасын ұйымдастырғанда артық детальдар, шамадан тыс декоративті элементтер және көп ашық, контрастты түстер қолданылмайды.

    35. Кабинетті және жиһазды безендіру үшін балалардың тыныш психоэмоциялық күйін қамтамасыз ететін ашық және бейтарап түстер қолданылады.

    36. Кабинетке кіргенде зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балалардың демалуына арналған күту аймағы орналасады, онда балалардың қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін жағдай жасалады.

    37. Кабинет осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жабдықталады.

    38. Кабинеттердің қаржыландырылуы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

    Зорлық-зомбылық құрбаны

    болған балаларға көмек көрсету

    кабинеттері қызметінің

    үлгілік қағидаларына

    1 қосымша

    нысан

    Зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларды есепке алу журналы

    _______________________________________________________________

    (зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетінің атауы)

    Басталды «___» __________________ 20 __ ж. Аяқталды «___» _______________ 20 __ ж.

    Жет­кі­зі­лу кү­ні және уа­қы­ты
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның ту­ған кү­ні, айы, жы­лы
    1
    2
    3
    4
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ның ата-ана­ла­ры неме­се бас­қа заң­ды өкіл­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), ту­ған кү­ні, айы, жы­лы)
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған ата-ана­ла­ры­ның неме­се бас­қа заң­ды өкіл­де­рі­нің тұр­ғы­лық­ты ме­кен­жайы, те­ле­фон нө­мі­рі
    5
    6
    7
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды жет­кіз­ген тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы (болған жағ­дай­да)
    Жет­кі­зу­ші­нің қо­лы
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды қа­был­да­у­шы тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы
    Қа­был­да­у­шы­ның қо­лы
    8
    9
    10
    11
    Ка­би­нет­ке жет­кі­зі­лу се­бе­бі
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған кім­ге және қай­да жі­бе­ріл­ді (ме­кен­жай)
    Ка­би­нет­тен ке­ту кү­ні мен уа­қы­ты
    Кәме­лет­ке тол­ма­ған­ды алып кет­кен тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы (болған жағ­дай­да), қо­лы
    12
    13
    14
    15

    Зорлық-зомбылық құрбаны

    болған балаларға көмек көрсету

    кабинеттері қызметінің

    үлгілік қағидаларына

    2 қосымша

    нысан

    Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинетіне зорлық-зомбылықтан жәбір көрген баланы қабылдау актісі

    «____» ____________ 20 __ ж.
    _________________________қа­ла­сы, ауда­ны

    Мен____________________________________________________________ (лауазымы, тегі және аты-жөні)

    _____________________________________________________________________ (кабинет атауы)

    ______________сағ. _______________мин_________________________________

    _____________________________________________________________________ (кәмелетке толмағанды жеткізушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жұмыс орны, лауазымы, мекенжайы, телефон нөмірі)

    _____________________________________________________________________ (кәмелетке толмаған табылған орын, уақыт және жағдайлары)

    _____________________________________________________________________ анықталған кәмелетке толмаған жеткізілгендігі туралы осы актті жасадым.

    Кәмелетке толмағанның ерекшеліктері _____________________________________________________________________

    (бойы, салмағы, шамамен жасы, ерекшеліктерінің (тері дағы, жарақаттан қалған іздер), денесіндегі жаралардың, зорлық-зомбылық белгілерінің анықталуы)

    _____________________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________________________

    (кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы, мекенжайы, ата-анасының жұмыс орны) анықталды.

    ____________________________________________________________________

    _____________________________________________________________________ (бала сырт көзге сау, науқас немесе дене жарақаттары бар)

    акт жасақтаушының қолы

    _____________________________________________________________________ (кәмелетке толмағанды жеткізген тұлғаның тегі)

    ____________________________________________________________________ (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Зорлық-зомбылық құрбаны

    болған балаларға көмек көрсету

    кабинеттері қызметінің үлгілік

    қағидаларына

    3 қосымша

    нысан

    Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны

    Ба­ла­ның де­ректе­рі (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), жы­ны­сы және жа­сы):
    Ба­ға­ла­уды жүр­гіз­ген қыз­мет­кер­лер­дің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да), ла­у­а­зы­мы:
    Баланың жағдайын бастапқы бағалау:
    1. Ба­ла­ның үй­де­гі және от­ба­сын­да­ғы жағ­дай­ын ба­ға­лау (ата-ана­ла­ры неме­се бас­қа заң­ды өкіл­де­рі өз мін­дет­те­рін орын­дай ма, ба­ла от­ба­сын­да зор­лық-зомбы­лық­қа ұшы­рай ма және бас­қа да мән-жай­лар):
    2. Ба­ла­ның туы­ста­ры­мен және до­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сын ба­ға­лау (ба­ла жа­қын туы­ста­рын бі­ле ме, от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бі­ріне ба­уыр ба­суы бар ма, до­ста­ры бар ма және бас­қа да мән-жай­лар):
    3. Ба­ла­ның әле­умет­тік, құқық­тық, ме­ди­ци­на­лық, пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық қа­жет­ті­лік­те­рін ба­ға­лау:
    Әле­умет­тік (тұр­ғын үй­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, жәр­де­ма­қы­лар алу және бас­қа да мә­се­ле­лер):
    Құқық­тық (құ­жат­та­ры­ның бо­луы, құқық­тық мәр­те­бе­сі және бас­қа да мә­се­ле­лер):
    Ме­ди­ци­на­лық (ден­са­улық жағ­дайы, ерекше кү­тім қа­жет­ті­лі­гі, қа­тыг­ез­дік­пен қа­рау және зор­лық-зомбы­лық бел­гі­ле­рі, те­ме­кі өнім­де­рін, элек­трон­дық тұ­ты­ну жүй­е­ле­рін қол­да­ну және бас­қа да мә­се­ле­лер):
    Пси­хо­ло­ги­я­лық (ба­ла­ның/от­ба­сы­ның мі­нез-құлық және тұ­лға­лық ерекше­лік­те­рі):
    Бі­лім бе­ру (оқу ор­ны, үл­ге­рі­мі, қо­сым­ша бі­лім­мен қам­ты­луы, бі­лім бе­ру қыз­мет­те­ріне қа­жет­ті­лі­гі):
    4. Ба­ла­ның пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық қа­жет­ті­лік­те­рін ба­ға­лау:
    Қа­уіп­сіз­дік (ба­ла­ның қа­уіп­сіз мі­нез-құлық дағ­ды­ла­ры қан­ша­лық­ты да­мы­ған? Ба­ла тәу­е­кел­ді мі­нез-құлық көр­се­те­ді ме? Ба­ла бө­тен адам­дар­мен бай­ла­ны­сқа шы­ға ма? Әле­умет­тік же­лі­лер­де өзіне қа­ты­сты же­ке ақ­па­рат бө­лі­се­ді ме?)
    Әле­умет­тік дағ­ды­лар мен өзін-өзі кү­ту дағ­ды­ла­ры (ба­ла ги­ги­е­на­лық про­це­ду­ра­лар­ды қа­лай орын­дай­ды: өзді­гі­мен, кө­мек қа­жет пе, ба­қы­ла­уды қа­жет ете­ді ме, ере­сек­тің ес­кер­ту­ін қа­жет ете­ді ме? Ба­ла тұр­мыста қан­ша­лық­ты бей­ім­дел­ген: не іс­тей ала­ды, не іс­те­уді ұна­та­ды? Ба­ла қа­лай ки­і­не­ді: ки­і­мі жа­сы­на, жы­ны­сы­на, жағ­дай­ға сәй­кес пе?):
    От­ба­сы­лық және әле­умет­тік бай­ла­ны­стар (ба­ла ай­на­ла­сын­да­ғы адам­дар­мен қа­лай бай­ла­ныс ор­на­та­ды? Қан­дай жас­та­ғы ба­ла­лар­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­са­ған­ды ұна­та­ды? Ба­ла жа­қын ере­сек­пен және ба­ла­лар­мен до­стық пен се­нім­ге негіз­дел­ген қа­рым-қа­ты­на­сты қа­лай құ­ра­ды? Қақ­тығ­ыс жағ­дай­ын­да қа­лай әре­кет ете­ді? Ба­ла туы­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сын сақ­тай ма, қан­дай тә­сіл­дер қол­да­на­ды?):
    Эмо­ци­я­лық және мі­нез-құлық да­муы (ба­ла­ның кө­ңіл-күйі кө­бі­не­се қан­дай? Кө­ңіл-күй­дің өзге­ру­іне қан­дай оқи­ға­лар се­беп бо­луы мүм­кін? Кө­ңіл-күй­дің өзге­руі ба­ла­ның мі­нез-құл­қы­на қа­лай әсер ете­ді? Ба­ла­ның оң және те­ріс мі­нез-құлық ерекше­лік­те­рі қан­дай, олар мі­нез-құлық­та қа­лай кө­рі­не­ді?):
    Өзін-өзі та­ну (ба­ла өз от­ба­сын, эт­ни­ка­лық шы­ғуын, мә­де­ни­е­тін, ана ті­лін қан­ша­лық­ты бі­ле­ді және олар­ға қа­лай қа­рай­ды?):
    Бі­лім бе­ру және оқы­ту (ба­ла қай мек­теп­те, қан­дай бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша оқи­ды? Оқу про­це­сіне қа­лай қа­рай­ды, үл­ге­рі­мі қан­дай? Үй тап­сыр­ма­сын қа­лай орын­дай­ды? Қан­дай пән­дер­ге қызығ­у­шы­лы­ғы бар, қай пән­дер­ді үй­ре­ну­де қиын­дық­тар туын­дай­ды? Пән­ді үй­ре­ну­де қан­дай ке­дер­гі­лер бар? Ба­ла бос уа­қы­тын­да немен ай­на­лы­са­ды, қызығ­у­шы­лық­та­ры қан­дай? Қан­дай қа­бі­лет­те­рі, же­ті­стікте­рі мен та­быст­а­ры бар?):
    5. Ба­ла­ның пси­хо­ло­ги­я­лық қа­жет­ті­лік­те­рін ба­ға­лау:
    Пси­хо­ло­ги­я­лық әл-ауқат (ба­сым кө­ңіл-күй, қа­уіп­сіз­дік се­зі­мі)
    Өт­кен пси­хо­ло­ги­я­лық жа­ра­қат­тар­дың сал­да­ры (ба­ла қан­дай жа­ра­қат­тар­ды ба­стан ке­шір­ген: бай­ла­ныс жа­ра­қа­ты, қа­тыг­ез­дік­ке ұшы­рау жа­ра­қа­ты, жо­ғал­ту­дан туын­да­ған жа­ра­қат және бас­қа; олар қа­лай кө­рі­не­ді: де­прес­си­я­лық күй, агрес­сив­ті ре­ак­ци­я­лар, на­шар үл­ге­рім және бас­қа):
    Өзін-өзі ба­ға­лау, тұл­ға­ның ерекше­лік­те­рі (ба­ла­ның өзіне қа­ты­сты көз­қа­рас­та­ры қан­дай? Өзіне қа­лай қа­рай­ды? Тем­пе­ра­мен­ті қан­дай және қа­лай кө­рі­не­ді? Мі­нез-құл­қы қан­дай және қа­лай кө­рі­не­ді?)
    Туы­стар­мен және жа­қын­да­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сы (ба­ла­ның туы­стық бай­ла­ны­стар ту­ра­лы тү­сі­ні­гі. Ба­ла ана­сы­на, әке­сіне, ба­уыр­ла­ры­на, ата­сы мен әже­сіне және бас­қа­лар­ға қа­лай қа­рай­ды (ес­керт­пе­лер, се­зім­дер)? Туы­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сты сақ­тай ма (қан­ша­лық­ты жиі, қа­лай: бет­пе-бет, әле­умет­тік же­лі ар­қы­лы және т.б., ба­ста­ма­шы­лық жа­сай ма/қар­сы бо­ла ма)? Туы­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­стан бұ­рын және кей­ін өзін қа­лай се­зі­не­ді? Ба­ла­ның от­ба­сы­на ора­лу ту­ра­лы ой­ла­ры қан­дай, қан­дай се­зім­дер ту­ды­ра­ды? Ба­ла ба­ла­ма от­ба­сы­ға ор­на­ла­сты­ры­лу­ды (туы­стық қам­қор­шы­лық, асы­рап алу, па­тро­нат) қа­рас­ты­ра ма?)
    6. Қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы ба­ға­ла­уы мен қо­ры­тын­ды­ла­ры:
    7. Қыз­мет­кер­лер­дің қо­лы:
    Кү­ні:
    Бе­кі­тіл­ді:
    Кү­ні:

    Зорлық-зомбылық құрбаны

    болған балаларға көмек көрсету

    кабинеттері қызметінің үлгілік

    қағидаларына

    4 қосымша

    нысан

    Жеке жұмыс жоспары

    Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні

    _____________________________________________________________________

    Байланыс ақпараты ______________________________________

    Тұратын мекенжайы ___________________________________________

    Тағайындалған іс-шаралар (түрлері мен көлемін көрсету):

    Ата­уы
    Та­ғай­ын­дал­ған кү­ні
    Аяқ­тал­ған кү­ні
    Жа­у­ап­ты
    Іс ша­ра­лар­ды орын­дау нәти­же­ле­рі
    Пси­хо­ло­ги­я­лық қол­дау ор­та­лы­ғы­ның іс-ша­ра­ла­ры
    Іс-ша­ра­лар
    Іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­ның іс-ша­ра­ла­ры
    Іс-ша­ра­лар
    Сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­шы­ның іс-ша­ра­ла­ры
    Іс-ша­ра­лар
    Қор­ған­шы­лық неме­се қам­қор­шы­лық функ­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ра­тын ор­ган­ның іс-ша­ра­ла­ры
    Іс-ша­ра­лар
    Бас­қа іс-ша­ра­лар
    Іс-ша­ра­лар
    Ескертпелер, толықтырулар: _____________________________________
    Кабинет басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы _____________________________________________________________________
    Келісілді:
    Келісуші тұлғалардың (ішкі істер органы, сот-медициналық сарапшы, қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган, психологиялық қолдау орталығы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, қолы______________________________________________________________________
    ______________________________________________________________________
    Ата-ананың немесе баланың басқа заңды өкілінің жеке жұмыс жоспарымен келісуі:
    Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________________
    Қолы_________________________________________________________________
    Күні_________________________________________________________________
    Егер келісім алу мүмкін болмаса, себебін көрсетіңіз
    ___________________________________

    Зорлық-зомбылық құрбаны

    болған балаларға көмек көрсету

    кабинеттері қызметінің

    үлгілік қағидаларына

    5 қосымша

    Ма­те­ри­ал­дар/жаб­дық­тар ата­уы
    Са­ны
    Сот-ме­ди­ци­на­лық са­рап­та­ма жүр­гі­зу сек­ци­я­сы
    1.
    Нега­то­скоп
    1
    2.
    Жы­л­жы­ма­лы ди­а­гно­сти­ка­лық шам
    1
    3.
    Ста­ци­о­нар­лық бак­те­ри­цид­тік сәу­ле­лен­дір­гіш
    1
    4.
    Ги­не­ко­ло­ги­я­лық крес­ло
    1
    5.
    Жа­я­лық­ты қо­са ал­ған­да, ги­не­ко­ло­ги­я­лық құ­рал­дар жиын­тығы (бір рет қол­да­ны­ла­тын)
    1
    6.
    Та­зо­мер
    1
    7.
    Ро­сто­мер
    1
    8.
    Про­це­ду­ра­лық үстел
    1
    9.
    Ме­ди­ци­на­лық ку­шет­ка
    1
    10.
    Сан­дық фо­то­ап­па­рат
    1
    11.
    Құ­рал­дар­ды дез­ин­фек­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған 5,0 л сый­ым­ды­лы­ғы бар кон­тей­нер
    1
    12.
    Бикс­тер
    2
    13.
    Еден та­разысы
    1
    14.
    Пет­ри та­бақ­та­ры
    50
    15.
    Заттық шы­ны­лар
    100
    16.
    Үстел
    1
    17.
    Крес­ло
    1
    18.
    Жұ­мыс ма­те­ри­ал­да­рын сақ­та­у­ға ар­нал­ған шкаф
    1
    19.
    Ана­то­ми­я­лық қуыр­шақ
    1
    20.
    Ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған дә­рі қоб­ди­ша­сы
    1
    21.
    Ан­ти­сеп­тик
    2
    22.
    Қол жу­а­тын орын
    1
    Тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гі­зу сек­ци­я­сы
    1.
    Жо­ға­ры са­па­да бей­не­жа­зу мүм­кін­ді­гі бар бей­не­ка­ме­ра
    1
    2.
    Аудио­ре­кор­дер
    1
    3.
    Мик­ро­фон
    2
    4.
    Бө­лек ка­би­нет­те­гі жа­у­ап алу­дың бас­қа қа­ты­су­шы­ла­ры­мен бай­ла­ны­су­ға ар­нал­ған бейне және ды­быст­ық қа­шық­тық­тан ком­му­ни­ка­ция жүй­е­сі
    1
    5.
    Бас­қа ка­би­нет­тен бейне мен ды­бысты көр­се­ту­ге ар­нал­ған дис­плей неме­се мо­ни­тор
    1
    6.
    Ақ­па­рат­ты жа­зу және сақ­тау құ­ры­л­ғы­ла­ры
    1
    7.
    Аудио және бей­не­ма­те­ри­ал­дар­ды жазуға және сақ­та­у­ға ар­нал­ған бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­сы бар ком­пью­тер
    1
    8.
    Жа­з­ба­лар­ды ұзақ мер­зім­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған қат­қыл диск неме­се сер­вер
    1
    9.
    Крес­ло
    1
    10.
    Ди­ван
    1
    11.
    Үстел
    1
    12.
    Орын­дық
    4
    13.
    Шкаф
    2
    14.
    Сө­ре
    2
    15.
    Ой­ын­шық­тар
    10
    16.
    Түр­лі-тү­сті субұр­қақ
    1
    17.
    Жа­у­ап алу про­це­сін ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған мөл­дір шы­ны неме­се бір жақ­ты ай­на
    1
    18.
    На­уш­ник
    2
    Пси­хо­лог сек­ци­я­сы
    1.
    Тум­ба­сы бар ком­пью­тер­лік үстел
    1
    2.
    Шын­тақ­ша­ла­ры бар, дөң­ге­лек­ті ай­нал­ма­лы крес­ло
    1
    3.
    Жар­ты­лай ашық шкаф
    1
    4.
    Жар­ты­лай жұм­сақ орын­дық
    1
    5.
    Тең­се­лу әсе­рі бар жар­ты­лай жұм­сақ крес­ло
    1
    6.
    Ша­ғын жур­нал үсте­лі
    1
    7.
    Ба­ла­лар үсте­лі
    1
    8.
    Ба­ла­лар орынды­ғы
    2
    9.
    Жұм­сақ пуф
    2
    10.
    Маг­нит­ті/тығ­ын тақ­та
    1
    11.
    Мик­ро­фон­ды-те­ле­фон­ды гар­ни­ту­ра­сы және веб-ка­ме­ра­сы бар, ин­тер­нет­ке қо­сы­л­ған дер­бес ком­пью­тер
    1
    12.
    Үстел үсті аку­сти­ка­лық жүй­е­сі
    1
    13.
    Марш­ру­ти­за­тор
    1
    14.
    Көп­функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы (кө­шір­ме­леу/прин­тер/ска­нер)
    1
    15.
    Пор­та­тив­ті ко­лон­ка
    1
    16.
    Же­лі­лік сүз­гі
    2
    17.
    Ой­ын әре­ке­тін да­мы­ту­ға ар­нал­ған ой­ын неме­се ой­ын­шық
    10
    18.
    Зи­ят­кер­лі­гі бұ­зы­л­ған ба­ла­лар­ды пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық тек­се­ру­ге ар­нал­ған жиын­тық
    1
    19.
    Қа­быр­ға­ға ілі­не­тін бак­те­ри­цид­ті сәу­ле­ле­гіш
    1
    20.
    Үстел үстіне қой­ы­ла­тын түр­лі-тү­сті ре­лак­са­ци­я­лық шам
    2
    21.
    Сти­мул­дық көр­не­кі-ди­дак­ти­ка­лық ма­те­ри­ал
    1
    22.
    Еден­ге тө­се­ле­тін кі­лем жа­бы­ны
    1
    Жұ­мыс сек­ци­я­сы
    1.
    Үстел
    1
    2.
    Орын­дық
    4
    3.
    Крес­ло
    2
    4.
    Ком­пью­тер
    1
    5.
    Шкаф
    1
    6.
    Сө­ре
    2
    7.
    Жа­у­ап алу ба­ры­сын ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған мо­ни­тор
    1
    8.
    Жа­у­ап алу­дың ды­быс жа­з­ба­сын тың­да­у­ға ар­нал­ған аудио­жүйе
    1
    9.
    Аудио және бей­не­ма­те­ри­ал­дар­ды қа­ра­у­ға, өң­де­у­ге және тал­да­у­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма
    1
    10.
    Те­ле­фон
    1
    11.
    На­уш­ник
    1
    12.
    Мик­ро­фон
    1

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.