Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.

    Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жариялануынан кейін орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Ж. Сулейменова

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2026 жылғы 29 сәуірдегі

    № 104-НҚ Бұйрығымен

    бекітілген

    Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қағидалар білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (қабылдаушы ата-ана), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (кәсіби қабылдаушы тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланың күтімін, білім алуын, тәрбиесін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын оларды алмастыратын өзге де адамдар;

    2) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу – педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды ерте анықтауға және оларға уақтылы қолдау көрсетуге бағытталған жеке әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық шаралар кешені;

    3) білім беру ұйымының профилактикалық кеңесі (бұдан әрі – профилактикалық кеңес) – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу, баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық сүйемелдеуді тағайындау немесе тағайындамау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымының алқалы органы;

    4) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау жоқ кәмелетке толмаған бала;

    5) панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала.

    2-тарау. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды анықтау

    3. Мынадай кәмелетке толмағандар педагогикалық сүйемелдеуге жатады:

    1) оқу пәндері бойынша үлгермейтіндер;

    2) қадағалаусыз, панасыз қалғандар, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен айналысатындар;

    3) білім беру ұйымының жарғысын және (немесе) ішкі тәртіптеме қағидаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзғандар;

    4) дәлелді себепсіз сабаққа бір ай ішінде төрт және одан да көп күн үнемі бармайтындар;

    5) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар;

    6) алкогольдік, энергетикалық сусындарды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), темекі бұйымдарын тұтынатындар;

    7) ойынқұмарлықтан (лудоманиядан) зардап шегетіндер;

    8) жүктілер;

    9) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшырағандар немесе зорлық-зомбылықтың куәсі болғандар;

    10) зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас жасағандар, жәбірлегендер (буллинг жасағандар);

    11) арнаулы білім беру ұйымдарын бітіргендер;

    12) қоғамға жат мінез-құлық жасағандар.

    4. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды анықтау білім беру ұйымының оқу процесінде жүзеге асырылады.

    5. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды анықтауды жүзеге асырады:

    1) сынып жетекшілері, тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшілері;

    2) пән мұғалімдері;

    3) педагог-психологтар;

    4) әлеуметтік педагогтер;

    5) білім беру ұйымының әкімшілігі;

    6) құқық бұзушылықтардың профилактикасы жүйесінің органдарынан, сондай-ақ баланың заңды өкілдерінен, білім алушылар мен тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпарат негізінде.

    3-тарау. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеуді тағайындау тәртібі

    6. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеуді тағайындау мәселесі профилактикалық кеңес отырысында кәмелетке толмаған баланың және оның заңды өкілдерінің қатысуымен қаралады.

    7. Профилактикалық кеңес төрағадан, төрағаның орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұратын құрамда құрылады.

    Профилактикалық кеңестің төрағасы білім беру ұйымының басшысы болып табылады, төрағаның орынбасары – білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, профилактикалық кеңестің хатшысы болып әлеуметтік педагог, ал ол болмаған жағдайда – педагог-психолог тағайындалады.

    8. Профилактикалық кеңестің құрамына кемінде 7 (жеті) адамнан тұратын педагог-психолог, сынып жетекшілері, тәрбиешілер, пән мұғалімдері және (немесе) өзге де педагогтер кіреді.

    Профилактикалық кеңестің дербес құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жыл сайын ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 тамызынан кешіктірілмей бекітіледі.

    9. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) тармақшаларында көзделген жағдайларды қарау кезінде төрағаның шешімі бойынша профилактикалық кеңестің отырысына ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, отбасын қолдау орталығының, психологиялық қолдау орталығының өкілдері, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, сондай-ақ медицина қызметкері тартылады.

    Профилактикалық кеңес төрағасының орынбасары профилактикалық кеңес өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын тартылған тұлғаларды профилактикалық кеңестің өткізілу орны, күні және уақыты туралы хабардар етеді.

    Тартылған тұлғалар профилактикалық кеңестің отырысына қатысады және ұсынымдар береді.

    10. Профилактикалық кеңестің төрағасы:

    1) профилактикалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады, төрағалық етеді және профилактикалық кеңеске жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

    2) профилактикалық кеңес отырыстарының өткізілу орны мен уақытын айқындайды;

    3) профилактикалық кеңестің жұмыс жоспарын бекітеді;

    4) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанмен жеке профилактикалық жұмыс жоспарының (бұдан әрі – ЖПЖЖ) іс-шараларын сапалы және уақтылы орындауға бақылауды жүзеге асырады;

    5) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша заңды өкілдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    11. Профилактикалық кеңестің төрағасының орынбасары:

    1) төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін орындайды;

    2) профилактикалық кеңестің қарауына келіп түскен материалдарды алдын ала зерделейді;

    3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанның заңды өкілдерін профилактикалық кеңестің отырысына шақырады;

    4) профилактикалық кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыруда төрағаға жәрдемдеседі;

    5) профилактикалық кеңестің жұмыс жоспарын әзірлейді және оны бекітуге төрағаға ұсынады.

    12. Профилактикалық кеңестің хатшысы:

    1) профилактикалық кеңес отырысына материалдар мен құжаттарды дайындайды;

    2) профилактикалық кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

    3) профилактикалық кеңес отырысын ұйымдастырады;

    4) профилактикалық кеңес мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді;

    5) отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды профилактикалық кеңес мүшелеріне ұсынады;

    6) отырыстың хаттамасын жүргізеді;

    7) профилактикалық кеңес шешімдерінің орындалу барысына тұрақты бақылауды жүзеге асырады.

    13. Профилактикалық кеңес төрағасының орынбасары жыл сайын 31 тамыздан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді және профилактикалық кеңестің төрағасына бекітуге енгізеді.

    Профилактикалық кеңестің жұмыс жоспары мерзімдерді, аяқтау нысанын, жауапты тұлғаларды және іс-шараларды қамтиды.

    14. Профилактикалық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ оқу жылы ішінде айына кемінде 2 (екі) рет өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.

    15. Профилактикалық кеңестің функциялары:

    1) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды уақтылы анықтау және оларға көмек көрсету;

    2) білім алушылардың және тәрбиеленушілердің білім беру ортасының жағдайларына бейімделуіне көмек көрсету және оқу мотивациясын арттыру;

    3) кәмелетке толмағандарды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша олардың заңды өкілдеріне көмек көрсету;

    4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтары мен қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу;

    5) білім беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

    16. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тұлғалардан баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмаған туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, профилактикалық кеңестің хатшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандар туралы ақпаратты есепке алу журналына тіркейді және баланың заңды өкілдерін хабардар етеді.

    17. Профилактикалық кеңестің хатшысы баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмаған туралы ақпарат тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сынып жетекшісімен, тәрбиешімен, педагог-психологпен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың жағдайына бастапқы бағалау жүргізеді.

    18. Баланың жағдайына бастапқы бағалау жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде профилактикалық кеңес төрағасының орынбасарына ұсынылады.

    19. Профилактикалық кеңес төрағасының орынбасары баланың жағдайына бастапқы бағалауды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім алушының немесе тәрбиеленушінің жеке ісінде көрсетілген электрондық пошта немесе телефон нөміріне хабарлама жолдау арқылы баланың заңды өкілін профилактикалық кеңестің өткізілу орны, күні және уақыты туралы хабардар етеді.

    20. Профилактикалық кеңестің отырысы баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмаған туралы ақпарат тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    21. Баланың заңды өкілдері келмеген жағдайда профилактикалық кеңестің отырысы 3 (үш) жұмыс күніне кейінге қалдырылады.

    Профилактикалық кеңес төрағасының орынбасары білім алушының немесе тәрбиеленушінің жеке ісінде көрсетілген электрондық поштаға немесе телефон нөміріне хабарлама жіберу арқылы профилактикалық кеңестің қайта отырысын өткізу орны, күні және уақыты туралы баланың заңды өкілдерін, профилактикалық кеңес мүшелерін, тартылған тұлғаларды хабардар етеді.

    Баланың заңды өкілдерінің дәлелсіз себептермен қайта келмеуі профилактикалық кеңестің отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

    22. Профилактикалық кеңестің отырысында осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайлар, баланың жағдайына бастапқы бағалау, профилактикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары, шақырылған тұлғалардың ұсынымдары, баланың заңды өкілдері мен баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанның пікірлері негізінде кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеу тағайындау мәселесі қаралады.

    23. Материалдарды зерделеп, қатысушыларды тыңдағаннан кейін профилактикалық кеңес баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеу тағайындау немесе тағайындамау туралы шешім қабылдайды.

    Профилактикалық кеңестің баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеу тағайындау немесе тағайындамау туралы шешімі отырысқа қатысқан мүшелердің көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда профилактикалық кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

    Хаттамада отырыстың уақыты мен орны, профилактикалық кеңестің құрамы, қаралуға жататын баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қабылданған шешім көрсетіледі.

    Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеуді тағайындау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЖПЖЖ нысанында рәсімделеді.

    24. Профилактикалық кеңес төрағасының орынбасары баланың заңды өкілдерін ЖПЖЖ мазмұнымен таныстырады.

    Баланың заңды өкілдері профилактикалық кеңестің отырысына қатыспаған жағдайда ЖПЖЖ білім алушының немесе тәрбиеленушінің жеке ісінде көрсетілген баланың заңды өкілінің электрондық поштасына жолданады.

    25. ЖПЖЖ іс-шараларының сапалы және уақтылы орындалуына бақылау оқу жылы ішінде тоқсанына кемінде 1 (бір) рет профилактикалық кеңестің отырыстарында қаралады.

    26. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанның мінез-құлқында немесе өзге де мән-жайларда өзгерістер болған жағдайда ЖПЖЖ сынып жетекшісінің немесе тәрбиешінің немесе педагог-психологтың немесе әлеуметтік педагогтың немесе баланың заңды өкілінің өтінішхаты негізінде профилактикалық кеңестің шешімімен қайта қаралады және түзетіледі.

    27. Баланың заңды өкілдері баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеуден бас тартқан жағдайда, білім беру ұйымы материалдарды одан әрі қарау үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолдайды.

    28. Материалдарды жолдау баланың заңды өкілдері баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеуден жазбаша бас тартқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады және білім беру ұйымы басшысының қолы қойылған ресми хатпен рәсімделеді.

    4-тарау. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық сүйемелдеуді тоқтату негіздері

    29. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеуді тоқтату туралы шешім сынып жетекшісінің, тәрбиешінің, педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтың оң мінездемелері негізінде төраға орынбасарының немесе баланың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша профилактикалық кеңестің отырысында қабылданады.

    30. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағанға педагогикалық сүйемелдеу тағайындалған жағдайда оны басқа білім беру ұйымына ауыстырған кезде ЖПЖЖ, сондай-ақ жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы ақпарат Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, жаңа оқу, тәрбиелеу орны бойынша білім беру ұйымына беріледі.

    ЖПЖЖ-ны және жүргізілген профилактикалық жұмыс туралы ақпаратты беру заңды өкілдің жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.

    31. Педагогикалық сүйемелдеу тағайындау кәмелетке толмаған үшін құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

    32. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға қатысты педагогикалық сүйемелдеу туралы деректер құпия сипатқа ие, мұндай балалар туралы мәліметтер білім беру ұйымдарының, құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасының балалар құқығын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органның және білім беру саласындағы уәкілетті органның жазбаша сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес беріледі.

    Білім беру ұйымдарында

    баса назар аударуды талап ететін

    кәмелетке толмағандарды

    педагогикалық сүйемелдеу

    қағидаларына

    1-қосымша

    нысан

    Бекітемін

    ____________________________

    Білім беру ұйымы басшысының

    лауазымының атауы

    тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болған жағдайда)

    ____________________________

    қолы

    ____________________________

    күні Мөр орны

    Білім беру ұйымының профилактикалық кеңесінің жұмыс жоспары

    Іс-ша­ра­ның ата­уы
    Аяқ­тау ны­са­ны
    Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­лар
    Орын­дау мер­зім­де­рі
    1
    2
    3
    4
    5
    1-ба­ғыт. Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның про­фи­лак­ти­ка­лық іс-ша­ра­ла­ры
    1.
    Іс-ша­ра 1
    2.
    Іс-ша­ра n
    3.
    Іс-ша­ра n
    2-ба­ғыт. Ба­са на­зар ауда­ру­ды та­лап ете­тін кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды же­ке сүй­е­мел­деу бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
    1.
    Іс-ша­ра 1
    2.
    Іс-ша­ра n
    3.
    Іс-ша­ра n
    3-ба­ғыт. Ба­са на­зар ауда­ру­ды та­лап ете­тін кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­дың заң­ды өкіл­де­рі­мен жұ­мыс
    1.
    Іс-ша­ра 1
    2.
    Іс-ша­ра n
    3.
    Іс-ша­ра n
    4-ба­ғыт. Ба­са на­зар ауда­ру­ды та­лап ете­тін кәме­лет­ке тол­ма­ған­мен жүр­гі­зі­ле­тін про­фи­лак­ти­ка­лық жұ­мыстың же­ке жос­па­рын са­па­лы және уақ­ты­лы орын­да­уды ба­қы­лау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
    1.
    Іс-ша­ра 1
    2.
    Іс-ша­ра n
    3.
    Іс-ша­ра n
    5-ба­ғыт. Бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­ның про­фи­лак­ти­ка­лық ке­ңе­сі ше­шім­де­рі­нің орын­да­луын ба­қы­лау бой­ын­ша іс-ша­ра­лар
    1.
    Іс-ша­ра 1
    2.
    Іс-ша­ра n
    3.
    Іс-ша­ра n

    Білім беру ұйымдарында

    баса назар аударуды талап ететін

    кәмелетке толмағандарды

    педагогикалық сүйемелдеу

    қағидаларына

    2-қосымша

    нысан

    Баланың жағдайын бастапқы бағалау нысаны

    Баланың деректері (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы және жасы):
    Бағалауды жүргізген қызметкерлердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы:
    Баланың жағдайын бастапқы бағалау:
    1. Ба­ла­ның үй­де­гі және от­ба­сын­да­ғы жағ­дай­ын ба­ға­лау (ата-ана­ла­ры неме­се бас­қа заң­ды өкіл­де­рі өз мін­дет­те­рін орын­дай ма, ба­ла от­ба­сын­да зор­лық-зомбы­лық­қа ұшы­рай ма және бас­қа да мән-жай­лар):
    2. Ба­ла­ның туы­ста­ры­мен және до­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сын ба­ға­лау (ба­ла жа­қын туы­ста­рын бі­ле ме, от­ба­сы мү­ше­ле­рі­нің бі­ріне ба­уыр ба­суы бар ма, до­ста­ры бар ма және бас­қа да мән-жай­лар):
    3. Ба­ла­ның әле­умет­тік, құқық­тық, ме­ди­ци­на­лық, пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық қа­жет­ті­лік­те­рін ба­ға­лау:
    Әле­умет­тік (тұр­ғын үй­мен қам­та­ма­сыз еті­луі, жәр­де­ма­қы­лар алу және бас­қа да мә­се­ле­лер):
    Құқық­тық (құ­жат­та­ры­ның бо­луы, құқық­тық мәр­те­бе­сі және бас­қа да мә­се­ле­лер):
    Ме­ди­ци­на­лық (ден­са­улық жағ­дайы, ерекше кү­тім қа­жет­ті­лі­гі, қа­тыг­ез­дік­пен қа­рау және зор­лық-зомбы­лық бел­гі­ле­рі, те­ме­кі өнім­де­рін, элек­трон­дық тұ­ты­ну жүй­е­ле­рін қол­да­ну және бас­қа да мә­се­ле­лер):
    Пси­хо­ло­ги­я­лық (ба­ла­ның/от­ба­сы­ның мі­нез-құлық және тұ­лға­лық ерекше­лік­те­рі):
    Бі­лім бе­ру (оқу ор­ны, үл­ге­рі­мі, қо­сым­ша бі­лім­мен қам­ты­луы, бі­лім бе­ру қыз­мет­те­ріне қа­жет­ті­лі­гі):
    4. Ба­ла­ның пси­хо­ло­ги­я­лық-пе­да­го­ги­ка­лық қа­жет­ті­лік­те­рін ба­ға­лау:
    Қа­уіп­сіз­дік (ба­ла­ның қа­уіп­сіз мі­нез-құлық дағ­ды­ла­ры қан­ша­лық­ты да­мы­ған? Ба­ла тәу­е­кел­ді мі­нез-құлық көр­се­те­ді ме? Ба­ла бө­тен адам­дар­мен бай­ла­ны­сқа шы­ға ма? Әле­умет­тік же­лі­лер­де өзіне қа­ты­сты же­ке ақ­па­рат бө­лі­се­ді ме?)
    Әле­умет­тік дағ­ды­лар мен өзін-өзі кү­ту дағ­ды­ла­ры (ба­ла ги­ги­е­на­лық про­це­ду­ра­лар­ды қа­лай орын­дай­ды: өзді­гі­мен, кө­мек қа­жет пе, ба­қы­ла­уды қа­жет ете­ді ме, ере­сек­тің ес­кер­ту­ін қа­жет ете­ді ме? Ба­ла тұр­мыста қан­ша­лық­ты бей­ім­дел­ген: не іс­тей ала­ды, не іс­те­уді ұна­та­ды? Ба­ла қа­лай ки­і­не­ді: ки­і­мі жа­сы­на, жы­ны­сы­на, жағ­дай­ға сәй­кес пе?):
    От­ба­сы­лық және әле­умет­тік бай­ла­ны­стар (ба­ла ай­на­ла­сын­да­ғы адам­дар­мен қа­лай бай­ла­ныс ор­на­та­ды? Қан­дай жас­та­ғы ба­ла­лар­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­са­ған­ды ұна­та­ды? Ба­ла жа­қын ере­сек­пен және ба­ла­лар­мен до­стық пен се­нім­ге негіз­дел­ген қа­рым-қа­ты­на­сты қа­лай құ­ра­ды? Қақ­тығ­ыс жағ­дай­ын­да қа­лай әре­кет ете­ді? Ба­ла туы­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сын сақ­тай ма, қан­дай тә­сіл­дер қол­да­на­ды?):
    Эмо­ци­я­лық және мі­нез-құлық да­муы (ба­ла­ның кө­ңіл-күйі кө­бі­не­се қан­дай? Кө­ңіл-күй­дің өзге­ру­іне қан­дай оқи­ға­лар се­беп бо­луы мүм­кін? Кө­ңіл-күй­дің өзге­руі ба­ла­ның мі­нез-құл­қы­на қа­лай әсер ете­ді? Ба­ла­ның оң және те­ріс мі­нез-құлық ерекше­лік­те­рі қан­дай, олар мі­нез-құлық­та қа­лай кө­рі­не­ді?):
    Өзін-өзі та­ну (ба­ла өз от­ба­сын, эт­ни­ка­лық шы­ғуын, мә­де­ни­е­тін, ана ті­лін қан­ша­лық­ты бі­ле­ді және олар­ға қа­лай қа­рай­ды?):
    Бі­лім бе­ру және оқы­ту (ба­ла қай мек­теп­те, қан­дай бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша оқи­ды? Оқу про­це­сіне қа­лай қа­рай­ды, үл­ге­рі­мі қан­дай? Үй тап­сыр­ма­сын қа­лай орын­дай­ды? Қан­дай пән­дер­ге қызығ­у­шы­лы­ғы бар, қай пән­дер­ді үй­ре­ну­де қиын­дық­тар туын­дай­ды? Пән­ді үй­ре­ну­де қан­дай ке­дер­гі­лер бар? Ба­ла бос уа­қы­тын­да немен ай­на­лы­са­ды, қызығ­у­шы­лық­та­ры қан­дай? Қан­дай қа­бі­лет­те­рі, же­ті­стікте­рі мен та­быст­а­ры бар?):
    5. Ба­ла­ның пси­хо­ло­ги­я­лық қа­жет­ті­лік­те­рін ба­ға­лау:
    Пси­хо­ло­ги­я­лық әл-ауқат (ба­сым кө­ңіл-күй, қа­уіп­сіз­дік се­зі­мі)
    Өт­кен пси­хо­ло­ги­я­лық жа­ра­қат­тар­дың сал­да­ры (ба­ла қан­дай жа­ра­қат­тар­ды ба­стан ке­шір­ген: бай­ла­ныс жа­ра­қа­ты, қа­тыг­ез­дік­ке ұшы­рау жа­ра­қа­ты, жо­ғал­ту­дан туын­да­ған жа­ра­қат және бас­қа; олар қа­лай кө­рі­не­ді: де­прес­си­я­лық күй, агрес­сив­ті ре­ак­ци­я­лар, на­шар үл­ге­рім және бас­қа):
    Өзін-өзі ба­ға­лау, тұл­ға­ның ерекше­лік­те­рі (ба­ла­ның өзіне қа­ты­сты көз­қа­рас­та­ры қан­дай? Өзіне қа­лай қа­рай­ды? Тем­пе­ра­мен­ті қан­дай және қа­лай кө­рі­не­ді? Мі­нез-құл­қы қан­дай және қа­лай кө­рі­не­ді?)
    Туы­стар­мен және жа­қын­да­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сы (ба­ла­ның туы­стық бай­ла­ны­стар ту­ра­лы тү­сі­ні­гі. Ба­ла ана­сы­на, әке­сіне, ба­уыр­ла­ры­на, ата­сы мен әже­сіне және бас­қа­лар­ға қа­лай қа­рай­ды (ес­керт­пе­лер, се­зім­дер)? Туы­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сты сақ­тай ма (қан­ша­лық­ты жиі, қа­лай: бет­пе-бет, әле­умет­тік же­лі ар­қы­лы және т.б., ба­ста­ма­шы­лық жа­сай ма/қар­сы бо­ла ма)? Туы­ста­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­стан бұ­рын және кей­ін өзін қа­лай се­зі­не­ді? Ба­ла­ның от­ба­сы­на ора­лу ту­ра­лы ой­ла­ры қан­дай, қан­дай се­зім­дер ту­ды­ра­ды? Ба­ла ба­ла­ма от­ба­сы­ға ор­на­ла­сты­ры­лу­ды (туы­стық қам­қор­шы­лық, асы­рап алу, па­тро­нат) қа­рас­ты­ра ма?)
    6. Ба­ға­ла­уды жүр­гіз­ген қыз­мет­кер­лер­дің жал­пы ба­ға­ла­уы мен қо­ры­тын­ды­ла­ры:
    7. Қыз­мет­кер­лер­дің қо­лы:
    Кү­ні:
    Бе­кі­тіл­ді:
    Кү­ні:

    Білім беру ұйымдарында

    баса назар аударуды талап ететін

    кәмелетке толмағандарды

    педагогикалық сүйемелдеу

    қағидаларына

    3-қосымша

    нысан

    Жеке профилактикалық жұмыс жоспары

    Кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні _______________________________________________________________

    Байланыс деректері______________________________________

    Тұрғылықты мекенжайы___________________________________________

    Баланың жағдайына бастапқы бағалау ______ бастап ______ дейін жүргізілді.

    Жеке профилактикалық жұмыс жоспары ______ бастап ______ дейінгі кезеңге әзірленді.

    Баланың жағдайына бастапқы бағалауға сәйкес тағайындалған іс-шаралар (түрлері мен көлемі көрсетіледі):

    Ата­уы
    Та­ғай­ын­дал­ған кү­ні
    Аяқ­та­лу кү­ні
    Жа­у­ап­ты
    Іс-ша­ра­лар­ды орын­дау нәти­же­сі
    Пси­хо­ло­ги­я­лық кө­мек
    Іс-ша­ра­лар
    Пе­да­го­ги­ка­лық кө­мек
    Іс-ша­ра­лар
    Әле­умет­тік кө­мек
    Іс-ша­ра­лар
    Құқық­тық кө­мек
    Іс-ша­ра­лар
    Ескертпелер, толықтырулар: _____________________________________
    Профилактикалық кеңес төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы ____________________________________________
    Баланың заңды өкілдерінің жеке профилактикалық жұмыс жоспарына келісімі:
    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________
    Қолы_________________________________________________________
    Күні __________________________________________________________
    Келісімді алу мүмкін болмаған жағдайда себебі көрсетілсін _________________
    ____________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.