Жария сервитутты белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2026 ж.

    Жария сервитутты белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, 2026 жылдың 7 сәуірдегі № 03/37, 03/38 жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1-қосымшасы на сәйкес "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн жүргізу мен пайдалану үшін, жалпы көлемі 27,6824 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2050 жылдың 19 мамырына дейін жария сервитут белгіленсін.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасы на сәйкес "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымы объектiлерiн жүргізу мен пайдалану үшін, жалпы көлемі 65,2455 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2050 жылдың 19 мамырына дейін жария сервитут белгіленсін.

    3. Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Жария сервитутты белгілеу туралы" 2025 жылғы 13 тамыздағы № 51/02 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    4. "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.

    5. "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, жерді қалпына келтіру бойынша міндеттемелерді және өзге де шарттарды айқындау үшін «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен, сондай-ақ және жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен немесе жер пайдаланушылармен келісім шарттар жасасу қажеттілігі туралы ескертілсін.

    6. «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    7. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А.Аманжолов

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы 30 сәуірдегі

    № 45/02 қаулысына 1-қосымша

    "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    Искакова Людмила Омуровна
    09-102-040-1518
    12,4522
    2
    Қуатбекова Рымкүл Нұрымханқызы
    09-102-040-136
    0,5074
    3
    Акбаев Таскын Темиркулович
    09-102-040-1519
    12,5319
    4
    Толетаев Амангазы Кабдирахымович
    09-102-040-1524
    2,1909

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы 30 сәуірдегі

    № 45/02 қаулысына 2-қосымша

    "Каскырказган Mineral resources" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    р/с №
    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар
    1
    Мергембаев Азанбай Торекулович
    09-102-040-362
    0,6429
    2
    Мергембаев Азанбай Торекулович
    09-102-040-1569
    12,9411
    3
    Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ақтоғай шаруашылығы" комуналдық мемлекеттік мекемесі
    09-102-040-812
    7,1362
    4
    Жумабеков Руслан Карибайулы
    09-102-040-1624
    9,726
    5
    Түсүпбек Бейбіт Рахманұлы
    09-102-040-1609
    10,6174
    6
    Дюсенбеков Базаралы Омиргалинович
    09-102-040-1674
    8,7178
    7
    Султанбеков Балкыбек Умитбекулы
    09-102-040-164
    12,6346
    8
    Мухажанов Мурат Мусаханулы
    09-102-040-1741
    2,8295

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.