Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.

    Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 2540 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай «Казахстанская горнодобывающая компания Чжуннань» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін 2032 жылдың 05 қаңтарына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Шалқар ауданының әкімі

    Ж. Жидеханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.