Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.
Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы №3/28 «Салық салу мақсаттары үшін Приозерск қаласының аумағын аймақтандыру схемасын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2 тармағына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/28 «Салық салу мақсаттары үшін Приозерск қаласының аумағын аймақтандыру схемасын бекіту туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6280 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы рәсми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы
А. Исатаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.