Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылының көшесін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.

    Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылының көшесін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Абай облысының ономастикалық комиссиясына ұсыныс енгізу туралы» бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы №399 қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 30/528-VIII шешімі негізінде, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысын ескере отырып, Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің әкімдігі ШЕШТІ:

    1. Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі Шынқожа ауылының Жаңа ауыл көшесі Қасым Омарбеков көшесі деп қайта аталсын.

    2. Осы Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі әкімдігінің шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің әкімі

    Ж. Оспанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.