Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Ұлан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 532 қаулысы мен Ұлан ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 қарашадағы № 263 шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Тарғын ауылдық округінің Жантас ауылы Огневка кентінің және Тарғын ауылдық округінің шекаралары өзгертіле отырып, Огневка кентінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына берілсін.

    2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Облыс әкімі

    Н. Сақтағанов

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Д. Рыпаков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.