Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс LІ сессия) 2015 жылғы 30 қарашадағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 307/51 шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 ақпан 2016 ж.

    Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс LІ сессия) 2015 жылғы 30 қарашадағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 307/51шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 7 – бабы 5 – тармағына, Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

    1. Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс LІ сессия) 2015 жылғы 30 қарашадағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда № 4842 болып тіркелген, 2016 жылғы 01 қаңтардағы № 1 «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған) № 307/51 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім аудандық баспасөз бетінде жариялансын.

    Сессия төрағасы, аудандық мәслихатының хатшысы

    Т. Қасен

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.