Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылының көшесін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Үржар ауылдық округі Үржар ауылының жергілікті қауымдастық жиналысы мүшелерінің пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 10 желтоқсандағы Абай облысының ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай облысы, Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Үржар ауылындағы Северная көшесі – Мұхтархан Мұқажанов атындағы көшесі деп атауы өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Үржар ауылдық округінің әкімі
М. Амирбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.