«Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-38 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-38 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6030-05 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Алматы облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1) осы шешімді «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облыстық мәслихаты аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық маслихатының төрағасы
К. Байгоджаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.