Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 сәуір 2026 ж.

    Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 2 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде Тереңкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тереңкөл ауданының аумағында объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Объектілік ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары Ринат Қадырбекұлы Мадин тағайындалсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Маңғұтов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.