Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Қоржынкөл ауылының аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Қоржынкөл ауылының аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі
Л. Приймак
Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс
ауылдық округі әкімінің
2026 жылғы 29 сәуірдегі
№ 1-04/2 шешіміне
қосымша
|
Р/с
№
|
Пайдаланушы
|
Ауданы, гектар
|
Нысаналы
мақсаты
|
Пайдалану
мерзімі
(жыл)
|
Жер телімінің орналасқан
жері
|
|
1
|
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
|
0,1098
|
Су құбырын «Рахат» шекара бөлімшесіне тарту үшін
|
5
|
Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Қоржынкөл ауылының аумағында
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.