Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» 2026 жылғы 25 ақпандағы № 1/122 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
«Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:
15 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«15. Міндеттері:
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) балалардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, сондай-ақ балалардың өмір сүру сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;
3) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуді үйлестіру, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтауды үйлестіру, балалардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған тәрбие, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау салаларында балалардың мүдделеріне бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
5) балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау;
6) өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып:
отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарының сүйемелдеуінде жүрген;
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қаралған;
бұрын балалардың құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарда олардың құқықтарының бұзылуына байланысты (оның ішінде қатыгездік көрсету салдарынан) болған;
тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталған, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсету үшін құрылған мобильді топтар анықтаған;
ата-аналары немесе заңды өкілдері кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) асырау бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың тәрбиесіне теріс әсер ететін отбасылар мен балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке алдын алу шараларын қолдану.
7) осы тармақтың 6 тармақшасында көрсетілген балалардың жағдайын әр алты айда кемінде бір рет тұрақты түрде бару және бағалау;
8) кәмелетке толмағандар орналасқан мемлекеттік органдарға және білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт жүйелері ұйымдарына кедергісіз бару;
9) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың құқықтарының бұзылуының алдын алу және ерте анықтау мәселелері бойынша, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат сұрату;
10) өз құзыреті шегінде мобильдік топтардың жұмысына қатысу;
11) ведомствоаралық ынтымақтастықты және түрлі мемлекеттік, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіруді, балалардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету мәселелерін қамтамасыз ету;
12) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру қызметі;
13) балалардың құқықтарын қорғау саласында жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
14) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың отырыстарына қатысу;
15) өтініштерде (арыздарда, шағымдарда), сұрау салуларда, ұсыныстарда, жауаптарда және хабарламаларда жеке және заңды тұлғалар көтеретін жүйелік проблемаларды талдауды, мониторинг жасауды және анықтауды жүзеге асыру;
16) балаларға Психологиялық көмек көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) мен Балалардың құқығын қорғау орталығының қызметін үйлестіру:
Орталық қызметін әдістемелік сүйемелдеу, психологиялық көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеу және енгізу;
Орталық қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау;
Орталықтың білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарымен және құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылын үйлестіру;
өмірлік қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға психологиялық көмек көрсету жөніндегі шараларды үйлестіру;
Орталықтың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
17) уәкілетті органдар мен ұйымдарды, оның ішінде отбасын қолдау орталықтары мен психологиялық қолдау орталықтарын тарта отырып, өз құзыреті шегінде отбасылар мен балалар үшін көмек көрсетуді ұйымдастыру және жеке алдын алу шараларын қолдану:
орта білім беру ұйымдарының және техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың, оның ішінде кәмелетке толмағандарға арналған педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтерінің тәуекел тобындағы;
қылмыстық процесте балалардың, соның ішінде заңмен қақтығысқан балалардың, сондай-ақ жәбірленуші балалар мен зорлық-зомбылық куәгерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
18) қылмыстық процесте балаларды құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
19) қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында жәбірленуші балалар мен зорлық - зомбылық куәгерлерінің құқықтарын қорғауға жәрдемдесу;
20) қылмыстық салада балалардың құқықтарының бұзылу жағдайларын ерте анықтауды және бұзушылық жағдайларына ден қоюды ұйымдастыру;
21) алдын алу шараларын әзірлеу үшін қылмыстық процесте балалардың құқықтарының бұзылу жағдайларын есепке алу және талдау жүргізу;
22) кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процесс шеңберінде балаға көмек көрсетуді және оны сүйемелдеуді ұйымдастырудың жеке жоспарын құру;
23) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қудалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысу;
24) зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қажеттіліктеріне талдау жүргізу және ұсыныстарды білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберу;
25) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қудалауға (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа куә болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіру;
26) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қудалауға (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды, девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектептерден және түрмеден оралған балаларды жеке алып жүруді жүргізу;
27) балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа және қудалауға қарсы ұлттық ақпараттық науқан жүргізу;
28) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
29) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға, қорғаншылыққа, қамқоршылыққа, патронатқа, асырап алушы отбасына, қонақ және асырап алушы кәсіптік отбасына беру және орналастыру;
30) қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, асырап алушы отбасылардағы және асырап алушы кәсіптік отбасылардағы балалардың жай-күйін бағалау және қажетті көмек көрсету мақсатында олардың жай-күйін алты айда кемінде бір рет тұрақты бару арқылы мониторинг жүргізу және бағалау;
31) жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру;
32) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру;
33) отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
34) балалар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға және дамытуға, жетім балаларды, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүгедек балаларды және өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қоса алғанда, балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі петицияларды қарау;
36) өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
37) басқарма бюджетін жоспарлауды, орындауды және түзетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметін әкімшілік-қаржылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Алматы қаласы әкімдігінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру».
2. «Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарлауды;
2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. «Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының мемлекеттік басқару органдарының кейбір мәселелері туралы» 2026 жылғы 25 ақпандағы №1/122 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі
Д. Сатыбалды
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.