«Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/675-6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
кестеде:
мынадай мазмұндағы 116, 117, 118-жолдармен толықтырылсын;
|
116.
|
Көптеген миелома
|
Помалидомид, капсулалар, 4 мг
|
Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар
|
|
117.
|
Жоғарғы жақтың, бронхтардың немесе өкпенің қатерлі ісігі
|
Бригатиниб, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 180 мг
|
Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар
|
|
118.
|
Лорлатиниб, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг
|
Динамикалық байқауда тұрған он сегіз жастағы және одан үлкен адамдар
реттік нөмірлері 106, 109-жолдар алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы
Б. Нарымбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.