Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 4 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, 37-бабының 8-тармағына сәйкес және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Денисов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 24 ақпандағы № KZ00VWF00517847, Денисов ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Денисов ауданы әкімінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 4 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім
Р. Қатпаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.