Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 сәуір 2026 ж.

    Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18,43,67,69 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 баптарына, Арыс қаласының жер комиссиясының 2026 жылғы 16 ақпандағы №6 қорытындысына, Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы» бұйрықтарына және Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің хатына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің БСН 050140008413 Арыс қаласы, Шардара-Арыс тас жолы бойынан инфрақұрылым жүргізу үшін /ықшам сызбаға сәйкес/ аумағы – 1,8158 шаршы метр (ұзындығы – 500,0 метр, диаметрі – 200,0 мм) жер учаскесі шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай, қысқа мерзімге – 4 жыл 11 ай жалға қауымдық сервитут болып белгіленсін деп есептейді.

    Оның ішінде:

    -Ауыз су құбырларын жүргізу үшін аумағы – 0,0601 гектар;

    -Электр желілерін жүргізу үшін аумағы – 1,0856 гектар;

    -Кәріз жүйелерін жүргізу үшін аумағы – 0,16 гектар;

    -Газ құбырлары үшін аумағы – 0,425 гектар;

    -Газды басқару шкафын (ГРПШ) орнату үшін – 0,0015 гектар;

    -Байланыс (оптика-волоконный кабель) желілерін жүргізу үшін аумағы – 0,0836 гектар:

    2. Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) Осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

    Арыс қаласының әкімі

    Қ.Маңқараев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.