Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 27 сәуір 2026 ж.
«Көкпекті ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 11-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Көкпекті ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 11-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 240-18 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аудандық мәслихатының төрағасы
Т. Сарманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.