Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 27-213 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 сәуір 2026 ж.

    Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 27-213 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

    Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 27-213 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 213722 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

    басшылыққа алады.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

    1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні;

    2) 26 сәуір - Халықаралық Чернобыль атом электр станциясындағы апат құрбандарын еске алу күні;

    3) 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні;

    4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;

    5) 10 қазан – Мүгедектігі бар адамдар күні.

    7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы):

    әлеуметтік маңызы бар оның ішінде: туберкулез ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш, ай сайын;

    адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 еселенген мөлшерінде, ай сайын;

    7-тармақтың 9)-10) тармақшалары алып тасталсын;

    7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «11) мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдерінің біріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды санаторлық-курорттық емделуге алып (еріп) жүретін адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде әлеуметтік көмек;

    7-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;

    7-тармақтың 13)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    13) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жылына бір рет.

    7. 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. 1. Жан басына шаққандағы орташа кірісі есепке алынбай, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес, жылына бір рет санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:

    1) осы қағиданың 7-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға;

    2) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған тұлғаларға.»

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы

    Қайрат Ботайұлы Бекиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.