Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қыркүйек 2025 ж.

    Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылының құрамдас бөліктеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жансүгіров ауылдық округі, Жансүгіров ауылының құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін.

    - жаңа көше - Ақыш Сабырбаев көшесі,

    - жаңа көше - Бостан Рызабеков көшесі,

    - атауы жоқ көше - Ахметқали Андабаев көшесі

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округінің бас маманы Г.Камалиеваға жүктелсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жансүгіров ауылдық округінің әкімі

    И.Мусабаланов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.