«Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 сәуір 2026 ж.

    «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12743 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

    2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;

    3) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;

    4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;

    5) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

    6) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;

    7) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;

    8) жұмыскерлердiң өкiлдерi – жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтар және олардың бiрлестiктерi, ал олар болмаған кезде Еңбек кодексінің 20-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;

    9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;

    10) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

    11) өндірістік объектілер – өндірістік қызмет жүзеге асырылатын цехтар, учаскелер, жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелері;

    12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;

    13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

    14) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтайтын тәртіппен бекітілетін санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалатын жұмыс орындарында жүзеге асырылады.»;

    15-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

    көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымша лар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне олардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    А. Ертаев

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 154 бұйрыққа

    1-қосымша

    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Аккредиттеу белгісі үшін орын

    ______________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

    Қазақстан Республикасы, _______ қаласы, ________ көшесі, _________,

    индекс үй № телефон.:__________; e-mail:_________

    Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ______ дейін

    Зиянды өндірістік факторларды өлшеу № _____ ХАТТАМАСЫ

    __ бет

    барлығы ___ бет

    1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________

    2. Өлшеуді жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ________________

    3. Өлшеуді жүргізу күні: ________________________________________

    4. Үй-жайдың сипаттамасы:

    - ауданы: __________

    - ұжымдық қорғаныш жүйесі: ________________

    - жабдықтардың түрі және олардың саны: __________________________

    - кәсіптердің, лауазымдардың атауы: _____________________________

    5. Өлшеу құралдары:

    Р/с
    Атауы
    Зауыт нөмірі
    Тексеру күні
    6. Өнімге (объектіге) нормативтік құжат:
    7. Қоршаған ортаның жағдайлары: температура - ___0С, салыстырмалы ылғалдылық - ____%, атм. қысым – сынап бағанасының ____ миллиметрі
    8. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері:
    Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
    Кә­сіп­тер, ла­у­а­зым­дар ата­уы
    Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    Өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның ата­уы, өл­шем бір­лі­гі
    Өл­шеу әді­сіне нор­ма­тив­тік құ­жат
    Рұқ­сат еті­л­ген шек­ті кон­цен­тра­ция/ рұқ­сат еті­л­ген шек­ті дең­гейі нор­ма­сы
    Нақ­ты дең­гейі
    Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры
    рұқ­сат еті­л­ген
    зи­ян­ды
    Қа­уіп­ті (экс­тре­мал­ды)
    2
    3.1
    3.2
    3.3
    3.4
    4
    Бағалауды жүргізген:

    __________________ ______________________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі:

    __________________ ______________________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Құжаттың соңы

    Өлшеу нәтижелері өлшеуден өткен объектілерге ғана таралады.

    Өлшеу хаттамасы сынақ зертханасының рұқсатынсыз ішінара қайта шығарылмайды

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 154 бұйрыққа

    2-қосымша

    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    __________________________________________________________________

    (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған

    ұйымның атауы)

    Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________көшесі, _________,

    индекс үй №

    тел.: ________________; e-mail: _______________

    Аккредиттеу аттестаты № _________ ____________ бастап _____________ дейін

    Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

    ___бет барлығы___бет

    1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы:

    _____________________________________________________

    2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске):

    _____________________________________________________

    3. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    _____________________________________ _______________

    жынысы ____________

    4. Бағалауды жүргізу күні: ___________

    5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:

    _____________________________________________________

    6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

    Жұмыс орнының коды
    Кәсіптердің, лауазымдардың атауы
    Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері
    Нақты мәндері
    Еңбек жағдайларының сыныптары
    оңтайлы
    рұқсат етілген
    зиянды
    1
    2
    3.1
    3.2

    Бағалауды жүргізген: ______________ _______________________________ қолы / тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: ___________ _______________________ қолы / (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 154 бұйрыққа

    3-қосымша

    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына

    3-қосымша

    нысан

    ___________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

    Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, ______ көшесі, _______, тел.:_____;

    e-mail:_____

    индекс үй №

    Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ___________ дейін

    Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

    ___бет

    барлығы___бет

    1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________________________________

    2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ___________________________________

    3. Бағалауды жүргізу күні: ______________________________________________________

    4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері:

    Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
    Кә­сіп­тер­дің, ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
    Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    Ар­найы ки­ім, ар­найы аяқ ки­ім мен же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі
    ЖҚҚ-мен қам­та­ма­сыз еті­лу­ін ба­ға­лау (қам­та­ма­сыз еті­л­ген/ қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген)
    Ес­керт­пе
    қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­лар­ға сәй­кес
    (ата­уы)
    нақ­ты бе­рі­л­ге­ні
    (иә/жоқ)
    МЕМСТ, сер­ти­фи­ка­ты

    Бағалауды жүргізген: __________ _______________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ____________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 154 бұйрыққа

    4-қосымша

    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына

    4-қосымша

    нысан

    ___________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

    Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, _____ көшесі, ______, индекс үй №

    телефон.:____; e-mail:____

    Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ___________ дейін

    Жарақат қауіпсіздігін бағалау

    № ____ ХАТТАМАСЫ

    __ бет

    __ бет

    барлығы ___ бет

    1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________________________________

    2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ___________________________________

    3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________________

    4. Бағалауды жүргізу күні: ______________________________________________________

    5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: _________________________________

    6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

    Жұмыс орнының коды
    Кәсіптер, лауазымдар атауы
    Жұмыс орындарының саны
    Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың, ұжымдық қорғаныш құралдарының атауы
    Техникалық құжаттамасы (паспорт, сертификат және т.б.)
    Бағалау нәтижелері (сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)
    Сәйкес келмеу себептері

    Бағалауды жүргізген: ___________ ____________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ ________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 154 бұйрыққа

    5-қосымша

    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына

    5-қосымша

    нысан

    _____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

    Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________ көшесі, _________,

    индекс үй №

    тел.:__________; e-mail:_________

    Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін

    Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ

    ___бет

    барлығы___бет

    1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы:

    _________________________________________________

    2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске):

    _________________________________________________

    3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    _________________________________________________

    4. Бағалауды жүргізу күні:

    _________________________________________________

    жынысы__________

    5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы:

    _________________________________________________

    6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

    Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды
    Кә­сіп­тер­дің, ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы
    Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    Ар­найы ки­ім, ар­найы аяқ ки­ім мен же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі
    ЖҚҚ-мен қам­та­ма­сыз еті­лу­ін ба­ға­лау (қам­та­ма­сыз еті­л­ген/ қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген)
    Ес­керт­пе
    қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­лар­ға сәй­кес
    (ата­уы)
    нақ­ты бе­рі­л­ге­ні
    (иә/жоқ)
    МЕМСТ, сер­ти­фи­ка­ты

    Бағалауды жүргізген: __________ _____________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ___________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 154 бұйрыққа

    6-қосымша

    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына

    6-қосымша

    ____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы)

    Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, __________ көшесі, _________,

    индекс үй №

    тел.: __________; e-mail: _________

    Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ____________ дейін

    Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп

    ___бет

    барлығы___бет

    1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: __________________________________________

    2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________

    3. Жұмыс орнының коды ___, жұмыс орнының саны ___ оның ішінде: ерлер ___ әйелдер ___

    4. Бағалауды жүргізу күні: _______________________________________________________

    5. Еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері:

    Фак­тор
    Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры
    Рұқ­сат еті­л­ген
    Зи­ян­ды, ауыр және қа­уырт­ты
    Қа­уіп­ті (экс­тре­мал­ды)
    2
    3.1
    3.2
    3.3
    3.4
    4
    Хи­ми­я­лық
    Био­ло­ги­я­лық
    Ба­сым фиб­ро­ген­ді әре­кет ете­тін аэро­золь­дар
    Шу
    Виб­ра­ция
    Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну
    Ион­да­у­шы емес сәу­ле­ле­ну
    Жа­рық­тан­ды­ру
    Ин­фра­ды­быс
    Уль­тра­ды­быс
    Мик­ро­кли­мат
    Жал­пы виб­ра­ция
    Жер­гі­лік­ті виб­ра­ция
    Элек­тро­ста­ти­ка­лық өріс
    Тұ­рақ­ты маг­нит өрі­сі
    Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің электр өрі­сте­рі (50 герц)
    Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің маг­нит өрі­сте­рі (50 герц)
    Бей­не­дис­плей тер­ми­на­лы мен дер­бес ком­пью­тер­мен құ­ры­ла­тын элек­тро­маг­нит­тік өріс
    Ра­дио­жи­і­лік­ті диа­па­зон­ның элек­тро­маг­нит­тік сәу­ле­ле­ну­ле­рі
    Ла­зер­лік сәу­ле­ле­ну
    Уль­тра­күл­гін сәу­ле­ле­ну
    Ең­бек­тің ауыр­лы­ғы:
    ер­лер
    әй­ел­дер
    Ең­бек­тің қа­уырт­ты­лы­ғы
    ер­лер
    әй­ел­дер
    Ең­бек жағ­дай­ла­рын жал­пы ба­ға­лау:
    ер­лер
    әй­ел­дер

    Бағалауды жүргізген: ________ ______________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: _______ ____________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 27 сәуірдегі

    № 154 бұйрығына

    7-қосымша

    Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына

    7-қосымша

    Әкімшілік деректер

    жинауға арналған

    нысан

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынылады

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлар бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): Т-07

    Кезеңділік: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестациялау.

    Есепті кезең: 20__ - 20__ жыл.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Мамандандырылған ұйымның өндірістік объектілерде аттестаттауды жүргізу.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік он күн ішінде ұсыну.

    Бизнес сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде.

    Бекітемін

    _________________________

    Мамандандырылған ұйымның

    басшысы

    ______ ____________________

    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда)

    20___ жылғы _____ ________

    Жалпы мәліметтер

    Ат­те­стат­тау жүр­гі­зі­л­ген күн
    Ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    Бар­лы­ғы
    Олар­дың ішін­де бел­гі­лен­ген ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­т­ін­дер
    Бел­гі­лен­ген ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
    Өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның зи­ян­ды­лы­ғы және қа­уіп­ті­лі­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша
    Бе­ру нор­ма­сы­на сәй­кес же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз еті­луі бой­ын­ша
    Жа­ра­қат қа­уіп­сіз­ді­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша
    Ең­бек про­це­сі­нің ауыр­лы­ғын ба­ға­лау
    Ең­бек про­це­сі­нің қа­уырт­ты­лы­ғын ба­ға­лау
    Оқу және нұс­қау құ­рал­да­ры­мен қам­ты­луын ба­ға­лау
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    Мамандандырылған ұйымның мекенжайы __________________________________________
    Мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________________
    Аттестаттау жүргізген ұйымныңатауы ______________________________________________
    Аттестаттау жүргізген ұйымның мекенжайы ________________________________________
    Телефоны ______________________________________________________________________
    Электрондық почта мекенжайы ___________________________________________________

    Аттестаттау жүргізген лабораторияның басшысы ________________ қолы

    __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Мөрдің орны

    Ескертпе: «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме.

    Жинауға арналған әкімшілік деректер өтеусіз негізде нысанға қосымша

    «Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп»

    «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс: Т-07, кезеңділігі: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестаттау)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2.Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар толтырады.

    3. Нысанға мамандандырылған ұйымның басшысы және аттестаттауды өткізген зертхана басшысы қол қояды.

    4. Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынады.

    5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    6. Нысанның 1-бағанында аттестаттауды өткізу күні көрсетіледі.

    7. Нысанның 2-бағанында аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    8. Нысанның 3-бағанында өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    9. Нысанның 4-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    10. Нысанның 5-бағанында беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    11. Нысанның 6-бағанында белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    12. Нысанның 7-бағанында жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    13. Нысанның 8-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    14. Нысанның 9-бағанында еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    15. Нысанның 10-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    16. Нысанның 11-бағанында еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    17. Нысанның 12-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    18. Нысанның 13-бағанында оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    19. Нысанның 14-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    20. Нысанның 15-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келетін аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.