«Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 268/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 268/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 268/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

    3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) Бөлім басшысы (инновациялық технологиялар, спутниктік позициялау, цифрландыру және киберқауіпсіздік);»;

    8-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Киберқауіпсіздік туралы» Заңын (бұдан әрі – «Киберқауіпсіздік туралы» Заң);»;

    10-тармақтың он бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Кәсіпорынның киберқауіпсіздігі бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.»;

    11-тармақтың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Киберқауіпсіздік туралы» Заңды;»;

    14-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Киберқауіпсіздік туралы» Заңды;»;

    16-тармақтың он бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Кәсіпорынның киберқауіпсіздігі бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады.»;

    17-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Киберқауіпсіздік туралы» Заңды;»;

    8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8-параграф. Бөлім басшысы (инновациялық технологиялар, спутниктік позициялау, цифрландыру және киберқауіпсіздік)»;

    28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «28. Лауазымдық міндеттері:

    Ғылыми-техникалық экономикалық білімді арттыру және кәсіпорынның сыртқы және ішкі цифрлық ортасын құру мақсатында ғылымның, техниканың, экономиканың және озық өндірістік тәжірибенің отандық және шетелдік жетістіктері туралы арнайы дайындалған ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша жаңа жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің технологияларын пайдалана отырып жұмысты ұйымдастырады.

    Кәсіпорын басшылары мен мамандарының нарық конъюнктурасын зерттеу және кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерделеу, техникалық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау, өндірістік процестерді жетілдіру, еңбекті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару жөніндегі іс-шараларды дайындау үшін қажетті ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратқа қажеттіліктерін анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

    Референц станциялар желісін құру және дамыту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

    Тұтынушылардың түзету істерін уақытылы ақпаратпен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады.

    Референц станциялар желілерін пайдалану бойынша нұсқаулықтың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

    Компьютерлік техниканы пайдалануды жақсарту және компьютерлік техниканы тиімді пайдалану бойынша шаралар жүргізуді ұйымдастырады.

    Кәсіпорынның киберқауіпсіздігін жасауға қатысады, ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық құралдары кешенін әзірлейді.

    Компьютерлік техниканың құрамдас бөлшектермен және материалдармен уақытылы қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады.

    Компьютерлік техниканың пайдаланылуын жақсарту және компьютерлік техниканы тиімді пайдалану бойынша шаралар жүргізуді ұйымдастырады.

    Кәсіпорынның ғылыми-техникалық және экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және кәсіпорынның тұтас цифрлық ортасын құру мақсатында озық технологияларды зерделеу және қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

    Кәсіпорынның цифрлық жүйелерін жобалау, әзірлеу, енгізу және дамыту барысында бөлім жұмысын ұйымдастырады.

    Басқа бөлімшелермен бірлесіп жаңа техникалар мен технологияларды енгізу жоспарларын әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыруға қатысады.

    Кәсіпорынның цифрлық жүйелерін жобалауға, әзірлеуге, енгізуге, дамытуға және инновациялық жобаларын іске асыруға арналған шығындарды жоспарлауға және негіздеуге қатысады.

    Кәсіпорынның цифрлық деректерінің архитектурасын әзірлеуге басшылық жасайды.

    Кәсіпорынның цифрлық қорын жасау процестеріне қатысады.»;

    29-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Киберқауіпсіздік туралы» Заңды;»;

    30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «30. Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) геодезия және картография және/немесе автоматтандыру және/немесе цифрлық жүйелер білімі және ұйымның тиісті бағытындағы 4 жылдан кем емес жұмыс өтілі.»;

    1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Геодезия және кеңістіктік деректер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

    Ж. Мәдиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрлігі

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Геодезия және картография

    саласындағы ұйымдардың

    басшылары мен мамандары

    лауазымдарының үлгілік

    біліктілік сипаттамаларына

    1-қосымша

    Басшылар мен мамандар лауазымдарының алфавиттік көрсеткіші

    № р/р
    Бас­шы­лар мен ма­ман­дар ла­у­а­зым­да­ры­ның ата­уы
    1-та­рау. Кірі­спе
    2-та­рау. Бас­шы­лар­дың ла­у­а­зым­да­ры
    1.
    Бас ди­рек­тор
    2.
    Бас ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры
    3.
    Фи­ли­ал ди­рек­то­ры
    4.
    Фи­ли­ал ди­рек­то­ры­ның орын­ба­са­ры
    5.
    Гео­де­зия және кар­то­гра­фия бас­қар­ма бас­шы­сы
    6.
    Жо­ба­лау және жос­пар­лау бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
    7.
    Бө­лім бас­шы­сы (то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық, кар­то­гра­фи­я­лық және аэро­ға­ры­штү­сі­рі­лім жұ­мыста­ры)
    8.
    Бө­лім бас­шы­сы (ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар, спут­ник­тік по­зи­ци­я­лау, цифр­лан­ды­ру және ки­бер­қа­уіп­сіз­дік)
    9.
    Бө­лім бас­шы­сы (са­рап­та­ма, кар­та­лар­ды ре­дак­ци­я­лау)
    10.
    Тех­ни­ка­лық ба­қы­лау бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
    11.
    Бө­лім ба­стығы (кар­то­гра­фи­я­лық, ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және сақ­тау)
    12.
    Топ бас­шы­сы (та­қы­рып­тық кар­то­гра­фия, фо­то­грам­мет­ри­я­лық жұ­мыстар)
    13.
    То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық пар­ти­я­ның бас­шы­сы
    14.
    Кар­то­гра­фи­я­лық өнім­дер­ді жа­сау то­бы­ның мең­ге­ру­ші­сі
    3-та­рау. Ма­ман­дар­дың ла­у­а­зым­да­ры
    15.
    Аэро­фо­то­гео­де­зист
    16.
    Гео­де­зист
    17.
    Кар­то­граф
    18.
    Кар­та­лар­дың кор­рек­то­ры
    19.
    Кар­та­лар­дың ре­дак­то­ры

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Геодезия және картография

    саласындағы ұйымдардың

    басшылары мен мамандары

    лауазымдарының үлгілік

    біліктілік сипаттамаларына

    2-қосымша

    Өзгертілген кәсіп атауларының тізімі

    № р/р
    Бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры­ның бұ­рын қол­да­ны­ста болған ба­сы­лым­да­ры бой­ын­ша бас­шы­лар және ма­ман­дар ла­у­а­зым­да­ры­ның ата­уы
    Бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры­ның жа­ңа ба­сы­лым­да­ғы бас­шы­лар және ма­ман­дар ла­у­а­зым­да­ры­ның ата­уы
    1.
    Ди­рек­тор (бас ди­рек­тор)
    Бас ди­рек­тор
    2.
    Ди­рек­тор­дың (бас ди­рек­тор­дың) орын­ба­са­ры
    Бас ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры
    3.
    Гео­де­зия және кар­то­гра­фия бас­қар­ма­сы­ның ба­стығы
    Гео­де­зия және кар­то­гра­фия бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
    4.
    Жо­ба­лау және жос­пар­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
    Жо­ба­лау және жос­пар­лау бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
    5.
    Бө­лім ба­стығы (то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық, кар­то­гра­фи­я­лық және аэро­ға­ры­штү­сі­рі­лім жұ­мыста­ры)
    Бө­лім бас­шы­сы (то­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық, кар­то­гра­фи­я­лық және аэро­ға­ры­штү­сі­рі­лім жұ­мыста­ры)
    6.
    Бө­лім ба­стығы (ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар, спут­ник­тік по­зи­ци­я­лау, цифр­лан­ды­ру және ки­бер­қа­уіп­сіз­дік)
    Бө­лім бас­шы­сы (ин­но­ва­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар, спут­ник­тік по­зи­ци­я­лау, цифр­лан­ды­ру және ки­бер­қа­уіп­сіз­дік)
    7.
    Бө­лім ба­стығы (са­рап­та­ма, кар­та­лар­ды ре­дак­ци­я­лау)
    Бө­лім бас­шы­сы (са­рап­та­ма, кар­та­лар­ды ре­дак­ци­я­лау)
    8.
    Тех­ни­ка­лық ба­қы­лау бө­лі­мі­нің ба­стығы
    Тех­ни­ка­лық ба­қы­лау бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
    9.
    Бө­лім ба­стығы (кар­то­гра­фи­я­лық, ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және сақ­тау)
    Бө­лім бас­шы­сы (кар­то­гра­фи­я­лық, ма­те­ри­ал­дар­ды дай­ын­дау және сақ­тау)
    10.
    Топ ба­стығы (та­қы­рып­тық кар­то­гра­фия, фо­то­грам­мет­ри­я­лық жұ­мыстар)
    Топ бас­шы­сы (та­қы­рып­тық кар­то­гра­фия, фо­то­грам­мет­ри­я­лық жұ­мыстар)
    11.
    То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық пар­ти­я­ның ба­стығы
    То­по­гра­фи­я­лық-гео­де­зи­я­лық пар­ти­я­ның бас­шы­сы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.