Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 24 сәуір 2026 ж.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 және «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамында:
мына:
«
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары
|
-
|
Директорлар кеңесінің мүшесі
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі
|
-
|
Директорлар кеңесінің мүшесі
»;
2) «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдар өкілдерінің құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.