Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 46-262 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу - әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 сәуір 2026 ж.

    Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы №46-262 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу - әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу - әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    осы шешімнің 1 пункті келесі редакцияда жазылсын:

    «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы белгіленсін.»;

    3-тармақтағы «және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таратылады» деген сөздер алып тасталсын.

    Мәслихат төрағасы

    Қ. Байғоджаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.