Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 «Қазақстан Республикасында өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандартымен көзделген есептілік нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 сәуір 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 «Қазақстан Республикасында өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандартымен көзделген есептілік нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 255 «Қазақстан Республикасындағы өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартымен көзделген есептілік нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17009 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік деректер жинауға арналған нысандарында:

    Осы бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

    Осы бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    К. Кажкенов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы 22 сәуірдегі

    № 194

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің 2018 жылғы

    19 сәуірдегі № 255 бұйрығына

    1-қосымша

    Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп Есепті кезең ______

    Ұсынылады: құзыретті органға.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.

    Әкімшілік нысанның атауы: Салықтық және салықтық емес төлемдер бойынша есеп.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1- ССТ.

    Мерзімділігі: жылдық.

    Есепті кезең:
    жыл.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
    ЖСН/БСН
    (деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
    Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
    1-кесте
    1
    Тө­ле­у­ші­нің/алушы­ның ата­уы
    2
    Тө­ле­у­ші­нің/алушы­ның БСН-і
    3
    Сек­тор
    Мұ­най-газ
    Тау-кен
    4
    Есеп­ті кім жа­са­ды
    Алушы
    Тө­ле­у­ші
    5
    Есеп­тің ауди­тор ар­қы­лы рас­та­луы
    Иә
    Жоқ
    6
    Орын­да­у­шы (Т.А.Ә.)
    (бар болған жағ­дай­да)
    Ла­у­а­зы­мы
    Те­ле­фо­ны, e-mai
    2-кесте
    Тө­лем­дер/тү­сім­дер
    тө­ле­у­ші­нің/алушы­ның де­ректе­рі
    Ақ­ша­лай ны­сан­да
    мың.тен­ге
    мың АҚШ дол­ла­ры.
    1
    2
    3
    4
    5
    Са­лық тү­сім­де­рі
    БСК
    1.
    Кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы, оның ішін­де:
    101110-101105
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін тү­сім­дер­ді қо­с­па­ған­да, заң­ды тұ­лға­лар­дан алы­на­тын кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
    101110 (101101-101104)
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­ның заң­ды тұ­лға­ла­ры­нан алы­на­тын кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы
    101105 (101105-101107)
    2.
    Же­ке та­быс са­лы­ғы, оның ішін­де:
    101201-101205
    Тө­ле­ма­қы кө­зі­нен алы­на­тын, кі­рі­стер­ден же­ке та­быс са­лы­ғы
    101201 (101201, 101204)
    Тө­ле­ма­қы кө­зі­нен алын­бай­тын, кі­рі­стер­ден же­ке та­быс са­лы­ғы
    101202
    Тө­ле­ма­қы кө­зі­нен алын­бай­тын, ше­тел аза­мат­та­ры­ның кі­рі­сте­рі­нен же­ке та­быс са­лы­ғы
    101205
    3.
    Әле­умет­тік са­лық
    103101
    4.
    Заң­ды тұ­лға­лар мен же­ке кә­сіп­кер­лер­дің мүл­кіне са­лық
    104101
    5.
    Жер са­лы­ғы
    104309 (104303,104308)
    6.
    Заң­ды тұ­лға­лар­дан алы­на­тын кө­лік құ­рал­да­ры са­лы­ғы
    104401
    7.
    Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы, оның ішін­де
    105101, 105102, 105104, 105113, 105114, 105115
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да өн­ді­рі­ле­тін та­у­ар­лар­ға, орын­да­ла­тын жұ­мыстар­ға, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы
    105101
    Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы мен Бе­ла­рус Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан им­порт­та­ла­тын та­у­ар­лар­ға қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на им­порт­та­ла­тын та­у­ар­лар­ға қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы
    105102
    Ре­зи­дент еме­стер үшін қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы
    105104
    Ке­ден ода­ғы­ның бі­рың­ғай ке­ден­дік ау­ма­ғын құр­ған­ға дей­ін Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы мен Бе­ла­рус Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан шы­ға­ры­ла­тын және им­порт­та­ла­тын та­у­ар­лар­ға қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы
    105113 (105105, 105108)
    Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың мү­ше мем­ле­кет­тер ау­ма­ғы­нан им­порт­та­ла­тын та­у­ар­лар­ға қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы
    105115 (105109, 105110)
    Са­лық тө­ле­у­ші­нің бұ­рын бюд­жет­ке қай­та­ры­л­ған және са­лық­тық тек­се­ру жүр­гі­зу ке­зін­де қай­та­рыл­ма­ған құн са­лы­ғы­ның асып кет­кен со­ма­сын ауда­ру (қай­та­ру), ай­ып­пұл со­ма­сын ауда­ру
    105114 (105111, 105112)
    8.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да шы­ға­ры­ла­тын ши­кі мұ­най мен газ кон­ден­са­ты­ның ак­ц­и­з­де­рі
    105229
    Ке­ден ода­ғы­на мү­ше мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғы­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­на әке­лі­не­тін ак­ц­и­з­де­ле­тін өнім­дер­дің өзге де түр­ле­рі
    105278 (105240, 105273)
    9.
    Өзге де са­лық тү­сім­де­рі, оның ішін­де:
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке тү­се­тін өзге де са­лық­тық тү­сім­дер (бұ­рын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке тү­се­тін са­лық­тар­дың жой­ы­л­ған түр­ле­рі бой­ын­ша бе­ре­шек)
    107109
    Жер­гiлiк­тi бюд­жет­ке өзге де са­лық­тық түсiм­дер (бұ­рын жер­гiлiк­тi бюд­жет­пен алы­на­тын са­лық­тар­дың жой­ы­л­ған түр­лерi бой­ын­ша бе­ре­шек)
    107110
    Та­би­ғи және бас­қа ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну­дан түс­кен тү­сім­дер
    10.
    Мұ­най сек­то­ры кә­сі­по­рын­да­ры­нан тү­се­тін тү­сім­дер­ді қо­с­па­ған­да, пай­да­ға са­лы­на­тын са­лық
    105302
    11.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан алы­на­тын ша­ма­дан тыс пай­да са­лы­ғы
    105322
    12.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін тү­сім­дер­ді қо­с­па­ған­да, бо­ну­стар
    105305
    13.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін бо­ну­стар
    105325
    14.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін тү­сім­дер­ді қо­с­па­ған­да, пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру­ге са­лы­на­тын са­лық
    105306
    15.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру­ге са­лы­на­тын са­лық
    105326
    16.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін тү­сім­дер­ді қо­с­па­ған­да, экс­порт­қа са­лы­на­тын рен­та са­лы­ғы
    105307
    17.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан экс­порт­қа са­лы­на­тын рен­та са­лы­ғы
    105327
    18.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін тү­сім­дер­ді қо­с­па­ған­да, жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттар бой­ын­ша өнім­дер­ді бө­лу­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның үле­сі
    105308
    19.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­ның жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­тта­ры бой­ын­ша өнім­дер­ді бө­лу­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның үле­сі
    105328
    20.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан өнім­ді бө­лу ту­ра­лы ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның қо­сым­ша тө­ле­мі
    105329
    21.
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы
    105313
    22.
    Жер­гі­лік­ті ма­ңы­зы бар ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­ды пай­да­лан­ға­ны үшінн тө­ле­ма­қы
    105314
    23.
    Жер учас­ке­ле­рін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем
    105315
    24.
    Қор­ша­ған ор­та­ға эмис­си­я­лар үшін тө­ле­ма­қы
    105316
    25.
    Та­ри­хи шы­ғын­дар­ды өтеу бой­ын­ша тө­лем
    105319
    26.
    Ра­дио­жи­і­лік спек­трін пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем
    105309
    27.
    Ке­ме жү­ре­тін су жол­да­рын пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем
    105310
    28.
    Же­рү­сті көз­де­рі­нің су ре­сур­ста­рын пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем
    105303
    29.
    Ор­ман­ды пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лем
    105304
    Бюд­жет­ке бас­қа да са­лық­тық емес тү­сім­дер
    30.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­ның тү­сім­де­рін қо­с­па­ған­да, зи­ян­ды өтеу ту­ра­лы та­лап-ары­здар бой­ын­ша та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дан алын­ған қа­ра­жат
    204110
    31.
    Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­на са­ла­тын әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар санк­ци­я­лар, өн­ді­ріп алу­лар
    204201
    32.
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­на са­ла­тын өзге де ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар, санк­ци­я­лар, өн­ді­ріп алу­лар
    204202
    33.
    Та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дан мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­ның зи­ян­ды өтеу ту­ра­лы та­лап-ары­зда­ры бой­ын­ша алын­ған қа­ра­жат
    204203
    34.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­ның тү­сім­де­рін қо­с­па­ған­да, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­ке са­лық­тық емес бас­қа да тү­сім­дер
    206108
    35.
    Жер­гiлiк­тi бюд­жет­ке са­лық­тық емес бас­қа да түсiм­дер
    206109
    36.
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан са­лық­тық емес бас­қа да тү­сім­дер
    206111
    37.
    Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­лар­дың өңір­дің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­муы­на және оның ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту­ға ауда­рым­да­ры
    206114
    Ке­ден­дік тө­лем­дер
    38.
    Ке­ден ода­ғын­да ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын (өзге баж­дар­ды, ба­ла­ма әре­ке­ті бар са­лық­тар мен алым­дар­ды) есеп­ке алу­дың және бө­лу­дің тәр­ті­бін бел­гі­леу мен қол­да­ну ту­ра­лы ке­лі­сім­ге қол қою ту­ра­лы ке­лі­сім­ге сәй­кес тө­лен­ген ке­ден­дік әке­лу баж­да­ры (өзге баж­дар, ба­ла­ма әре­ке­ті бар са­лық­тар мен алым­дар)
    106101
    39.
    Әке­ті­ле­тін та­у­ар­лар­ға ке­ден­дік баж­дар
    106102
    40.
    Әке­лі­не­тін та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған жиын­тық ке­ден­дік тө­лем
    106105
    41.
    Ши­кі мұ­най­ға са­лы­на­тын ке­ден­дік әке­ту баж­да­ры
    106110
    42.
    Мұ­най­дан алы­на­тын та­у­ар­лар­ға ар­нал­ған ке­ден­дік әке­ту баж­да­ры
    106111
    43.
    Ке­ден ода­ғын­да ке­ден­дік әке­лу баж­да­рын (өзге баж­дар­ды, ба­ла­ма әре­ке­ті бар са­лық­тар мен алым­дар­ды) есеп­ке алу­дың және бө­лу­дің тәр­ті­бін бел­гі­леу мен қол­да­ну ту­ра­лы ке­лі­сім кү­шіне ен­ген­ге дей­ін тө­леу мін­де­ті туын­да­ған, әке­лі­не­тін та­у­ар­лар­ға ке­ден­дік баж­дар және (неме­се) ке­ден­дік әке­лу баж­да­ры
    106112
    44.
    Ке­ден­дік ба­қы­ла­удан және ке­ден­дік рә­сім­дер­ді жү­зе­ге асы­ру­дан тү­се­тін тү­сім­дер
    106201
    45.
    Ар­найы қор­ға­ныс, дем­пинг­ке қар­сы және өте­ма­қы баж­да­ры
    106202
    3-кесте
    Шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп
    Төлем­нің ата­уы
    БСК
    Алушы­ның са­лық ор­га­ны­ның ата­уы және БСН-і
    Тө­лем со­ма­сы (мың АҚШ дол­ла­ры)
    Тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі мен кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Ескертпе:
    * Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
    Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
    Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
    Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
    «__» _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
    Қысқартулардың толық жазылуы:
    КБК – бюджеттік сыныптама коды
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
    АҚШ – Америка Құрама Штаттары
    Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есеп
    Ұсынылады: құзыретті органға.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
    Әкімшілік нысанның атауы: Меншіктегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) туралы есеп.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1- МҮ.
    Мерзімділігі: жылдық.
    Есепті кезең:
    жыл.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
    ЖСН/БСН
    (деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
    Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
    4 – кесте
    Мем­ле кет­тің үле­сі, %
    Алушы­ның ата­уы (бас­қа­ру­шы хол­динг/ Ұлт­тық ком­па­ния)
    Алушы­ның БСН-і
    Есеп­тел­ді (мың тең­ге)
    Есеп­тел­ді (мың АҚШ дол­ла­ры)
    Есеп­ті­лік­ті тап­сы­ру ке­зін­де­гі өт­кен жыл­дар­дың бе­ре­ше­гін қо­са ал­ған­да, нақ­ты тө­лен­ді (мың тең­ге)
    Есеп­ті­лік­ті тап­сы­ру ке­зін­де­гі, өт­кен жыл­дар­дың бе­ре­ше­гін қо­са ал­ған­да, нақ­ты тө­лен­ді (мың АҚШ дол­ла­ры)
    Тө­лем­ді ше­тел ва­лю­та­сын­да ауда­ру кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1
    2
    Ескертпе:
    * Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
    Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
    Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
    Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
    «__» _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
    Қысқартулардың толық жазылуы:
    КБК – бюджеттік сыныптама коды
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
    АҚШ – Америка Құрама Штаттары
    Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан 401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есеп Есепті кезең ______
    Ұсынылады: құзыретті органға.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
    Әкімшілік нысанның атауы: Бюджеттік сыныптама кодтарының 401102 коды бойынша аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығыстар туралы есеп.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1-ЛКМ.
    Мерзімділігі: жылдық.
    Есепті кезең:
    жыл.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
    ЖСН/БСН
    (деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
    Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
    с
    Об­лыс/ қа­ла, аудан
    Құ­жат­тың (ке­лі­сі­мі­нің, ме­мо­ран­дум­ның, шар­ттың, әле­умет­тік әріп­те­стік) ата­уы
    Іс-ша­ра­ның (жо­ба­ның, бағ­дар­ла­ма­ның,әле­умет­тік объ­ек­ті­нің) ата­уы
    Шар­ттың (ке­лі­сім­дер, ме­мо­ран­дум­дар, шар­ттар, әле­умет­тік әріп­те­стік) бой­ын­ша со­ма­сы (мың тең­ге)
    Нақ­ты ауда­ры­л­ған со­ма (мың тең­ге)
    Бе­рі­л­ген объ­ек­ті­лер
    Алушы (ұй­ым/ ме­кен-жайы/ де­ректе­ме­ле­рі)
    Ата­уы
    Са­ны
    Ба­лан­стық құ­ны (мың. тең­ге)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    1
    Ескертпе:
    * Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
    Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
    Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
    Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
    «__» _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
    Қысқартулардың толық жазылуы:
    КБК – бюджеттік сыныптама коды
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
    АҚШ – Америка Құрама Штаттары
    Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Квазифискалды шығыстар жөніндегі есеп (мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындарға арналған) Есепті кезең ______
    Ұсынылады: құзыретті органға.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан мына интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps.
    Әкімшілік нысанның атауы: Квазифискалды шығыстар жөніндегі есеп (мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындарға арналған) Есепті кезең ______
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық белгіленуі): 1-КШ.
    Мерзімділігі: жылдық.
    Есепті кезең:
    жыл.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар шеңбері: жер қойнауын пайдаланушылар.
    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін.
    ЖСН/БСН
    (деректер жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде ұсынылған кезде толтырылмайды).
    Жинау әдісі: жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы арқылы электрондық түрде.
    6- кесте
    Мен­ші­гін­де мем­ле­кет­тік үлес бар ком­па­ни­я­ның, Ұлт­тық ком­па­ни­я­ның/ хол­динг­тің ата­уы
    Мем­ле­кет­тің үле­сі (%)
    Об­лы­сы, қа­ла, ауда­ны
    Шы­ғы­стар­дың мақ­са­ты (әле­умет­тік қыз­мет­тер, мем­ле­кет­тік ин­фра­құ­ры­лым, жұ­мыспен қам­ту, отын суб­си­ди­я­ла­ры, мем­ле­кет­тік бо­рыш­қа қыз­мет көр­се­ту)
    Іс-ша­ра­ның (жо­ба­ның, бағ­дар­ла­ма­ның, әле­умет­тік объ­ек­ті­нің) ата­уы
    Іс-ша­ра­ның аяқ­та­лу мер­зі­мі
    Жос­пар­лан­ған со­ма (мың тең­ге және (неме­се) заттай ны­сан­да)
    Нақ­ты ауда­ры­л­ған со­ма (мың тең­ге және (неме­се) заттай ны­санд)
    Алушы (ұй­ым/ ме­кен-жайы/ де­ректе­ме­ле­рі)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Ескертпе:
    * Құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.
    Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, цифрлық жүйелерде қамтылған деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
    Өтініште және қоса берілген құжаттарда көрсетілген барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
    Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан алынған деректер; Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған күні мен уақыты.
    «__» _____ 20 _ жыл _____ сағат ____ минут.
    Қысқартулардың толық жазылуы:
    КБК – бюджеттік сыныптама коды
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі
    АҚШ – Америка Құрама Штаттары

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму

    министрінің 2018 жылғы

    19 сәуір № 255 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Қазақстан Республикасындағы Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы стандартында көзделген есептілік нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі-Нұсқаулық) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында Өндіруші салалар ашықтығы бастамасын (бұдан әрі - ӨСАБ) іске асыру жөніндегі есептілікті жер қойнауын пайдаланушылардың біркелкі толтыруы мақсатында әзірленді.

    2. Көмірсутекті және қатты пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға «Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы» интеграцияланған цифрлық жүйесінде (бұдан әрі - ЖҚПБП) экрандық нысанды толтыру арқылы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей жыл сайынғы есептілікті ұсынады.

    3. Жасалған электрондық есептілік ұйымның ақпараттың сапасына, дұрыстығына және ұсынылуына жауапты лауазымды адамның (бұдан әрі - лауазымды адам) электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы куәландырылады.

    4. Ұсынылған есептіліктегі деректерді түзету қажет болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға себептерін көрсете отырып, есептілікті өзгерту туралы ресми хатпен өтініш жасайды.

    Құзыретті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, 7 жұмыс күні ЖҚПБП жүйесінде тіркелген оң шешім қабылданған күннен бастап, құзыретті орган ЖҚПБП жүйесінде есептілікті түзетуге рұқсат беріледі.

    5. Қосымша ақпарат (ілеспе хат, қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары) ЖҚПБП жүйесіндегі терезеге енгізіледі және лауазымды адамның ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылады.

    6. Есептілік Excel форматында жасалады. Толтырғаннан кейін есептілік қағаз тасығышта басылып шығарылуы және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, одан әрі сканерленіп және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.

    7. Алдын ала толтырылған есептіліктердің барлық деректері ЖҚПБП жүйесінде толтырылған деректермен бірдей болуы тиіс. ЖҚПБП жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етудегі есептеулер кезінде қателіктер болмас үшін бұл деректерді Еxcel форматынан көшіруге жол берілмейді.

    2-тарау. Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есепті толтыру

    8. 1 кестеде:

    1-бағанда «Төлеушінің/алушының атауы» – жер қойнауын пайдаланушы компанияның толық және бар болған жағдайда қысқартылған атауы көрсетіледі;

    2-бағанда «Төлеушінің/алушының БСН-і» – төлеушінің/алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    3-бағанда «Секторы» – мұнай-газ немесе тау-кен секторы (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;

    4-бағанда «Есеп жасалды» – есепті алушы немесе төлеуші жасады (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;

    5-бағанда «Аудитордың есепті растауы» – иә немесе жоқ (белгісімен белгілеу) көрсетіледі;

    6-бағанда «Орындаушы (ТАӘ)» – орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы, телефоны, e-mail көрсетіледі;

    7-бағанда «Бекітемін:» – қолы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты жер қойнауын пайдаланушы-компанияның басшысы (егер бар болса), күні (мөрдің орны, егер бар болса) көрсетіледі.

    9. 2 кестеде:

    1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

    2-бағанда – жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан республикалық және (немесе) жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға түсетін салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің атаулары көрсетіледі;

    3-бағанда – төлемдер аударылатын бюджеттік сыныптама коды (БСК) көрсетіледі;

    4-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың теңге. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі;

    5-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың АҚШ доллары. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі. Бұл баған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес АҚШ долларымен жасалған төлемдерді/түсімдерді көрсетуге арналған.

    10. 3 кестеде:

    1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

    2-бағанда – жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан республикалық және (немесе) жергілікті бюджетке және Ұлттық қорға түскен салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің атаулары көрсетіледі;

    3-бағанда – төлемдер жасалатын бюджеттік сыныптама коды (БСК) көрсетіледі;

    4-бағанда – алушының салық органының атауы және БСН-і көрсетіледі;

    5-бағанда – нақты төленген/алынған төлемнің/түсімнің сомасы, мың АҚШ доллары. Төлемнің/түсімнің сомасына белгілі бір кезеңге жататынына қарамастан, есепті кезеңде әрбір төлем бойынша, өсімпұл мен айыппұлды ескере отырып, нақты аударылған сома, сондай-ақ артық төленген басқа төлемдер есебінен берешекті өтеу сомасы кіреді. Бұл ретте, басқа төлем есебінен төленген сома артық төленген төлем сомасынан шегеріледі. Бұл баған жер қойнауын пайдалану келісімшарттарына сәйкес АҚШ долларымен жасалған төлемдерді/түсімдерді көрсетуге арналған.

    11. Салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп ӨСАБ стандартында көзделген есептіліктің 1 және 2-кестелеріне сәйкес жасалады және барлық төлеушілер үшін міндетті болып табылады. Еxcel форматында деректерді толтырғаннан кейін салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады, жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.

    Жер қойнауын пайдалану бойынша сенімгерлік басқаруы бар төлеушілер салықтық және салықтық емес төлемдер жөніндегі есепке сенімгерлік басқару қызметі шеңберіндегі салықтар және төлемдер бойынша төлемақыны енгізеді.

    5-бағанда 2-кестеде қосымша шетел валютасында жүзеге асырылған төлемдер көрсетіледі. Валюталық төлемдер бойынша деректерді толтырған кезде, қайта ұйымдастырылған жағдайда төлемдерді үшінші адамдардың төлеуін ескеру қажет.

    12. Салықтық және салықтық емес төлемдер/түсімдер сомасын толтырғаннан кейін ЖҚПБП жүйесі автоматты режимде бөлімдер бойынша көрсеткіштерді:

    салықтық түсімдерді;

    табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдерді;

    бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді;

    кедендік төлемдерді қосады және республикалық, жергілікті бюджеттерге және Ұлттық қорға түскен салықтық және салықтық емес төлемдердің/түсімдердің ағымын тиісті бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі-БСК) бойынша бөледі.

    13. Төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылған жағдайда, «Шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп « ӨСАБ стандартында көзделген есептіліктің 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша толтырылады.

    Егер қаражатты аудару бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылса, жолдар қосу және аяқтағаннан кейін шетел валютасындағы төлемақылардың жиынтық сомасын көрсету қажет. Деректерді толтырғаннан кейін, шетел валютасында жүзеге асырылатын төлемдер жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.

    14. Қаражат бірнеше кезеңдерде аударылған кезде, келесі төлемді және төлем жасалатын салық органын таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Шетел валютасында жасалған төлемақылардың жиынтық сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты режимде қосылады.

    3-тарау. Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есепті толтыру

    15. 4 кестеде:

    1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

    2-бағанда – компаниядағы мемлекеттік үлес, пайызбен (%) көрсетіледі;

    3-бағанда – алушының атауы (басқарушы холдинг/Ұлттық компания) көрсетіледі;

    4-бағанда – алушының БСН көрсетіледі;

    5-бағанда – есепті кезеңдегі дивидендтердің есептелген сомасы, мың теңге көрсетіледі;

    6-бағанда – есепті кезеңдегі дивидендтердің есептелген сомасы, мың АҚШ доллары көрсетіледі;

    7-бағанда – есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың теңге) көрсетіледі;

    8-бағанда – есептілікті тапсыру кезіндегі, өткен жылдардың берешегін қоса алғанда, нақты төленді (мың АҚШ доллары) көрсетіледі;

    9-бағанда – төлемді шетел валютасында аудару күні (орналастырылған күнтізбеден таңдау) көрсетіледі.

    16. «Меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивидендтер) жөніндегі есепті « толтыру осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша компанияның меншігінде мемлекеттік үлес болған жағдайда жүзеге асырылады және меншігінде мемлекеттік үлесі бар төлеуші толтырады.

    Егер қаражатты аудару бірнеше кезеңдерде жүзеге асырылса, жолдарды қосу қажет және аяқтағаннан кейін төленген дивидендтердің жиынтық сомасы көрсетілуі тиіс. Деректерді толтырғаннан кейін, меншігіндегі мемлекеттік үлестер бойынша төлемдер (дивиденттер) жөніндегі есеп қағаз тасығышта басып шығарылады және жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысы қол қояды, сканерленеді және ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.

    17. Қаражат бірнеше кезеңдерде аударылған кезде, келесі дивидендтер сомасын және төлем жасалатын алушының БСН-ін таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Төленген дивидендтердің жиынтық сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты режимде қосылады.

    4-тарау. 401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есепті толтыру

    18. 5 кестеде:

    1-бағанда – реті бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

    2-бағанда – облысы/қаласы, ауданы көрсетіледі;

    3-бағанда – әкімшілік-территориялық объектілер жіктеуші коды көрсетіледі;

    4-бағанда – құжаттың (келісім, меморандум, шарт, әлеуметтік әріптестік) атауы көрсетіледі;

    5-бағанда – іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы көрсетіледі;

    6-бағанда – шарт (келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік) бойынша сомасы, мың теңге көрсетіледі;

    7-бағанда – нақты аударылған сома, мың теңге көрсетіледі;

    8-бағанда – берілген объектілер (объектінің атауын көрсету) көрсетіледі;

    9-бағанда – берілген объектінің (лердің) саны көрсетіледі;

    10-бағанда – берілген объектінің (лердің) баланстық құны, мың теңге көрсетіледі;

    11-бағанда – алушы (ұйым/мекен-жайы/деректемелері) көрсетіледі.

    19. «401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есепті « толтыру осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша жергілікті әкімшілік органдармен (әкімдіктермен) жасалған келісімдер, меморандумдар, шарттар, әлеуметтік әріптестік бойынша қосымша шығындар (401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражаттан басқа) болған жағдайда жүзеге асырылады. Демеушілік көмек осы есепке қосылмайды. Деректерді толтырғаннан кейін, «401102 бюджеттік сыныптама кодына аударылған қаражатты қоспағанда, лицензиялық/келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде әлеуметтік дамуға және жергілікті инфрақұрылымға жұмсалған шығындар туралы есеп « қағазға басып шығарылып, жер қойнауын пайдаланушы компанияның басшысымен қол қойылады. Одан әрі сканерленіп, ЖҚПБП жүйесіне бекітіледі.

    20. Бірнеше іс-шаралар қаржыландырылған кезде, келесі іс-шараны және өңірді таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Аударылған қаражаттың және берілген объектілердің жалпы сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты түрде қосылады.

    5-тарау. Квазифискалды шығындар жөніндегі есепті толтыру

    21. 6 кестеде:

    1-бағанда – рет саны бойынша көрсеткіштердің нөмірі көрсетіледі;

    2-бағанда – меншігінде мемлекеттік үлес бар компанияның, Ұлттық компанияның/холдингтің атауы көрсетіледі;

    3-бағанда – мемлекеттің үлесі (%) көрсетіледі;

    4-бағанда – облысы, қала, ауданы көрсетіледі;

    5-бағанда – әкімшілік-территориялық объектілер жіктеуші коды көрсетіледі;

    6-бағанда – шығыстардың мақсаты (әлеуметтік қызметтер-қайырымдылық, демеушілік қолдау, спорттық, мәдени, ағартушылық және басқа да іс-шаралар; мемлекеттік инфрақұрылым-мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік объектілерді салу, күрделі жөндеу, қызмет көрсету, күтіп-ұстау; жұмыспен қамту-компанияға қажет шамадан жоғары жұмыс орындарын ұсыну немесе атқарылатын функциялар шеңберінен шығатын онымен байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру. Банк қарыздары есебінен немесе өзара берешекті жинақтау жолымен нарықтағыдан жоғары жалақы мөлшерлемелерін төлеу; отын субсидиялары-шикізатты жеткізудің нарықтағы бағасы мен жеткізілген өнімнің нақты бағасы арасындағы айырмашылық; мемлекеттік борышқа қызмет көрсету-валюта ауыстыру бағамын тұрақтандыру іс-шараларынан, үкіметке пайызсыз және жеңілдікпен берілген кредиттерден және коммерциялық банктердің қолданылмайтын қарыздарға қызмет көрсетуге берген қайта қаржыландыру кредиттерінен келген залал, сондай-ақ ауылшаруашылық, өнеркәсіп және тұрғын үй бағдарламаларын жеңілдік мөлшерлемелер бойынша қаржыландыру) көрсетіледі;

    7-бағанда – іс-шараның (жобаның, бағдарламаның, әлеуметтік объектінің) атауы көрсетіледі;

    8-бағанда – іс-шараның аяқталу мерзімі көрсетіледі;

    9-бағанда – жоспарланған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда) көрсетіледі;

    10-бағанда – нақты аударылған сома (мың теңге және (немесе) заттай нысанда) көрсетіледі;

    11-бағанда – алушы (ұйым/ мекен-жайы/ деректемелері) көрсетіледі.

    22. «Квазифискалды шығындар жөніндегі есепті» толтыруды мемлекеттік меншік нысанындағы ұлттық компаниялар және бірлескен кәсіпорындар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ӨСАБ нысаны бойынша жүзеге асырады.

    23. Бірнеше іс-шаралар қаржыландырылған кезде, келесі іс-шараны және өңірді таңдау арқылы жолдар қосу қажет. Аударылған қаражаттың және берілген объектілердің жиынтық сомасы ЖҚПБП жүйесінде автоматты режимде қосылады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.