«Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағын құру туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 сәуір 2026 ж.

    «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағын құру туралы

    «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2051 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Алатау» ИСЛК» АЭА) құрылсын.

    2. Қоса беріліп отырған:

    1) «Алатау» ИСЛК» АЭА туралы ереже;

    2) «Алатау» ИСЛК» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2026 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) осы Ережеге қосымшаға сәйкес Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан.

    АЭА аумағы 165 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

    2. АЭА мынадай мақсаттарда құрылады:

    1) өңір экономикасының салаларында өнімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті заманауи өндірістерді жедел дамыту, инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

    2) химия, мұнай-химия, металлургия, бейметалл минералдық өнімдер, металл өңдеу өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, сондай-ақ қосылған құны жоғары өзге өнімдер өндірісін қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту;

    3) ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді, тамақ өнімдерін өңдеуді, диқаншылық жүктерін сақтауды, буып-түюді және олардың логистикасын қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

    4) қоймалық, кедендік, көліктік және мультимодальдық логистиканы, жүктерді сақтауды және шоғырландыруды, сондай-ақ трансшекаралық сауданы дамытуды қоса алғанда, заманауи сауда-логистикалық және тарату орталықтарын қалыптастыру;

    5) жабдықтар, жинақтаушы бұйымдар, тораптар мен агрегаттар өндірісін, сондай-ақ өнеркәсіптік құрастыру өндірістерін локализациялауды қоса алғанда, машина жасауды дамыту;

    6) электр жабдықтары, электрондық компоненттер, аспаптар, автоматтандыру жүйелері және цифрлық шешімдер өндірісін қоса алғанда, электротехникалық және электрондық өнеркәсіп салаларын дамыту;

    7) АЭА-ның тұрақты жұмыс істеуін және инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін индустриялық, сауда және сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру.

    3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасымен реттеледі.

    4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

    2-тарау. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағын басқару

    5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

    3-тарау. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу

    6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес реттеледі.

    4-тарау. Кедендік реттеу

    7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.

    8. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

    5-тарау. «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының аумағында шетелдік азаматтардың болу тәртібі

    9. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының кіру, шығу, транзит және болу тәртібі қолданылады.

    6-тарау. Қорытынды ережелер

    10. Осы Ережеде белгіленген талапшарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

    11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.

    12. АЭА оны құру мерзімінің аяқталуына байланысты таратылған кезде Жамбыл облысының әкімдігі:

    1) көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның таратылатыны, оны таратуға байланысты өтініштер мен талаптарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

    2) қызметін АЭА аумағында жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағында орналасқан тауарларды өзге кедендік рәсімге қайта ресімдеу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етеді;

    3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есеп тапсырады.

    13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен АЭА мерзімінен бұрын таратылған жағдайда осы Ереженің 12-тармағында көзделген рәсімдер сақталып, тарату рәсімі алты айдан кешіктірмей аяқталуға тиіс.

    14. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    ___________________________

    «Алатау» индустриялық

    сауда-логистикалық кешені»

    арнайы экономикалық

    аймағы туралы ережеге

    қосымша

    «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының шекараларының жоспары

    Р/с
    Аймақтардың атауы:
    Аумағы, гектар
    1.
    Өнеркәсіптік, индустриялық аймақ
    100
    2.
    Сауда-логистикалық аймақ
    65
    Жиыны:
    165
    _____________________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2026 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешені» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

    Р/с
    Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер
    Өл­шем бір­лі­гі*
    2026 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2031 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2036 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2041 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2046 жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    2051
    жы­л­ға қа­рай ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­ға қол жет­кі­зу
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1
    Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де:
    млрд
    тең­ге
    30
    140
    300
    380
    460
    550
    1.1.
    ше­тел­дік ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    15
    80
    180
    220
    260
    300
    1.2.
    отан­дық ин­ве­сти­ция кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    15
    60
    120
    160
    200
    250
    2
    АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
    млрд
    тең­ге
    80
    280
    600
    750
    900
    1 050
    3
    Қа­ты­су­шы (ком­па­ния) са­ны
    бір­лік
    15
    60
    150
    190
    230
    260
    4
    Қо­сал­қы қыз­мет түр­ле­рін
    адам
    80
    200
    400
    500
    600
    700
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    жү­зе­ге асы­ра­тын тұ­лға­лар­дың са­ны
    5
    АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    адам
    800
    2 800
    7 000
    8 500
    10 000
    11 500
    6
    АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
    %
    60
    68
    80
    81
    83
    85
    * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    ____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.