Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 сәуір 2026 ж.

    Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы

    «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

    2) осы бұйрықтың қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарлама жіберуді;

    3) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

    А. Шаққалиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция

    министрінің

    2026 жылғы ________

    № ____ бұйрығына

    1- қосымша

    Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі

    1-бөлім. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі

    № р/с
    Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
    Та­у­ар­дың ата­уы1
    Әке­ту­ге қа­ты­сты ке­ден­дік баж мөл­шер­ле­ме­сі
    Ке­ден­дік ба­жын қол­да­ну мер­зі­мі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан 2
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    4101
    Ірі қа­ра мал­дың (қо­дастар­ды қо­са ал­ған­да) неме­се жыл­қы тұқым­дас (жас неме­се тұз­дал­ған, кеп­ті­рі­л­ген, күл­ден­ген, пи­кел­ден­ген неме­се өзге әдіспен кон­сер­ві­лен­ген, илен­бе­ген, бі­рақ пер­га­мент­ке кел­ті­рі­ліп өң­дел­ме­ген неме­се одан әрі өң­де­у­ге түспе­ген) жа­ну­ар­лар­дың тү­гі бар неме­се түк­сіз, бө­лін­ген неме­се бө­лін­бе­ген, өң­дел­ме­ген те­рі­ле­рі
    0
    2028 жы­л­ғы 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    1 тон­на­сы­на 200 еуро
    2028 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан ба­стап
    2.
    4102
    Осы топ­қа 1(в) ес­керт­пе­мен алып та­стал­ған­дар­дан бас­қа, қой­лар­дың неме­се қо­зы­лар­дың (жас неме­се тұз­дал­ған, кеп­ті­рі­л­ген, күл­ден­ген, пи­кел­ден­ген неме­се өзге әдіспен кон­сер­ві­лен­ген, илен­бе­ген, бі­рақ пер­га­мент­ке кел­ті­рі­ліп өң­дел­ген неме­се одан әрі өң­де­у­ге түспе­ген) жү­ні бар неме­се жүн­сіз, бө­лін­ген неме­се бө­лін­бе­ген, өң­дел­ме­ген те­рі­ле­рі
    0
    2028 жы­л­ғы 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    1 тон­на­сы­на 200 еуро
    2028 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан ба­стап
    3.
    4103
    Осы топ­та­ғы 1(б) неме­се 1(в) ес­керт­пе­мен алып та­стал­ған­дар­дан бас­қа, түк­ті неме­се түк­сіз, бө­лін­ген неме­се бө­лін­бе­ген өң­дел­ме­ген (жас неме­се тұз­дал­ған, кеп­ті­рі­л­ген, күл­ден­ген, пи­кел­ден­ген неме­се бас­қа әдіспен кон­сер­ві­лен­ген, илен­бе­ген, бі­рақ пер­га­мент­ке кел­ті­рі­ліп өң­дел­ген неме­се одан әрі өң­де­у­ге ұшы­ра­ма­ған), өзге де те­рі­лер
    0
    2028 жы­л­ғы 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    1 тон­на­сы­на 200 еуро
    2028 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан ба­стап
    4.
    5101
    Кард неме­се та­рақ­пен та­ра­у­ға ұшы­ра­ма­ған жүн
    0
    2028 жы­л­ғы 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 50 еуро­дан кем емес
    2028 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан ба­стап
    5.
    5102
    Кард­тық неме­се та­рақ­пен та­ра­у­ға ұшы­ра­ма­ған, би­я­зы неме­се қы­л­шық­ты, жа­ну­ар­лар қы­лы
    0
    2028 жы­л­ғы 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 50 еуро­дан кем емес
    2028 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан ба­стап
    6.
    5103
    Иіру қал­дық­та­рын қо­са ал­ған­да, бі­рақ тү­ті­л­ген ши­кі­затты қо­с­па­ған­да, жа­ну­ар­лар жү­ні­нің неме­се би­я­зы неме­се қы­л­шық­ты қы­лы­ның қал­дық­та­ры
    0
    2028 жы­л­ғы 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 50 еуро­дан кем емес
    2028 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан ба­стап
    7.
    5104 00 000 0
    Жүн­нен неме­се жа­ну­ар­лар­дың би­я­зы неме­се қы­л­шық­ты қы­лы­нан жа­сал­ған тү­ті­л­ген ши­кі­зат
    0
    2028 жы­л­ғы 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 50 еуро­дан кем емес
    2028 жы­л­ғы 1 мау­сым­нан ба­стап
    8.
    7204
    Қа­ра ме­тал­дар­дың қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­ры; қай­та бал­қы­ту­ға ар­нал­ған қа­ра ме­тал­дар­дың құй­ма ме­тал­да­ры (ших­та­лық құй­ма­лар)
    5 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 5 еуро­дан кем емес
    тұ­рақ­ты
    9.
    7302 7302 10 220 0 қо­с­па­ған­да
    Те­мір жол неме­се трам­вай жол­да­ры үшін пай­да­ла­ны­ла­тын, қа­ра ме­тал­дар­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар: рель­стер­ді бі­рік­ті­ру­ге неме­се бе­кі­ту­ге ар­нал­ған рель­стер, жа­на­ма рель­стер және ті­сті рель­стер, ауы­сты­ры­ла­тын рель­стер, қа­таң қиы­лы­су ай­қа­стыр­ма­лар, ауы­сты­ры­ла­тын штан­га­лар және өзге де көл­де­нең қо­сы­л­ғы­штар, шпал­дар, түй­іс­пе жап­сыр­ма­лар және тө­сем­дер, сы­на­лар, ті­рек тақ­та­лар, іл­мек­ті рельс бұ­ран­да­ма­ла­ры, тө­сем­дер мен кер­гіш­тер, тұ­ғыр­лар, жақ­та­у­лар және өзге де бөл­шек­тер
    15 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 15 еуро­дан кем емес
    тұ­рақ­ты
    10.
    7404 00
    Мыс қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­ры
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 84 еуро­дан кем емес
    тұ­рақ­ты
    11.
    7601 20 200 1 7601 20 800 1
    Авиа­ци­я­лық қоз­ғалт­қы­штар­ды жа­сау үшін ба­стап­қы алю­ми­ний қо­рыт­па­ла­ры
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 76 еуро­дан кем емес
    тұ­рақ­ты
    12.
    7601 20 200 93 7601 20 800 94
    Ба­стап­қы алю­ми­ний қо­рыт­па­ла­ры, өзге­ле­рі
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 76 еуро­дан кем емес
    тұ­рақ­ты
    13.
    7601 20 800 2
    Құй­ма неме­се сұй­ық тү­рін­де­гі қо­сым­ша алю­ми­ний қо­рыт­па­ла­ры
    0
    тұ­рақ­ты
    14.
    7602 00
    Алю­ми­ний қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­ры
    10 %, бі­рақ 1 тон­на­сы­на 76 еуро­дан кем емес
    тұ­рақ­ты
    15.
    7802 00 000 0
    Қор­ға­сын қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­ры
    10%
    тұ­рақ­ты
    16.
    7902 00 000 0
    Мы­рыш қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­ры
    10%
    тұ­рақ­ты
    17.
    8101 97 000 0, 8102 97 000 0, 8103 20 000 0, 8103 30 000 0,
    8103 99 000 0,
    8104 11 000 0, 8104 20 000 0, 8106 10 000 0, 8106 90 000 0, 8108 20 000 1, 8108 20 000 3,
    8108 20 000 6,
    8108 30 000 0, 8110 10 000 0, 8110 20 000 0, 8111 00 110 0, 8112 12 000 0, 8112 13 000 0, 8112 21 900 0, 8112 22 000 0, 8112 41 000 9,
    8112 69 000 1, 8112 92 410 0, 8112 92 810 0,
    8112 99 400 0 қо­с­па­ған­да
    8101-811300
    Өзге де ба­ға­лы емес ме­тал­дар; ме­талл ке­ра­ми­ка; олар­дан жа­сал­ған бұй­ым­дар
    10%
    тұ­рақ­ты
    18.
    8112 51 000 0
    Өң­дел­ме­ген тал­лий; ұн­тақ­тар
    5%
    тұ­рақ­ты
    19.
    8201-8215
    Қым­бат ба­ға­лы емес ме­тал­дар­дан жа­сал­ған құ­рал-сай­ман­дар, ке­рек-жа­рақ­тар, пы­шақ бұй­ым­да­ры, қа­сық­тар мен ша­ныш­қы­лар, олар­дың қым­бат ба­ға­лы емес ме­тал­дар­дан жа­сал­ған бө­лік­те­рі
    10%
    тұ­рақ­ты
    20.
    8607 19 100 1
    Жи­нал­ған неме­се бөл­шек­тел­ген түр­де­гі бі­лік­тер; дөң­ге­лек­тер және бұ­рын пай­да­ла­ны­л­ған оның бөл­шек­те­рі
    5 %
    тұ­рақ­ты
    21.
    1206 00
    Күн­ба­ғыс тұқы­мы, ұсақ­тал­ған және ұсақ­тал­ма­ған
    20%, бі­рақ тон­на­сы­на
    100 ев­ро­дан
    кем емес
    тұ­рақ­ты
     Ескертпе:
    1 Әкету кедендік бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшін келтірілген. <3> және <4> сілтемелерде көзделген жағдайлар ерекшелік болып табылады.
    2 Қазақстан Республикасы кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін екіжақты және көпжақты келісімдер жасасқан елдерді қоспағанда.
    3 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.
    4 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын, сонымен қатар алюминий-скандий лигатурасын қоспағанда.
    2-бөлім. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі
    № р/с
    Еура­зи­я­лық эко­но­ми­кал ық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­кал ық қыз­ме­ті та­у­ар но­мен­кла­ту ра­сы­ның ко­ды
    Та­у­ар­дың ата­уы1
    Әке­ту­ге қа­ты­сты ке­ден­дік баж мөл­шер­ле­ме­сі
    Ке­ден­дік ба­жын қол­да­ну мер­зі­мі
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы­нан 2
    Ер­кін са­уда ай­ма­ғы ту­ра­лы шар­тқа қа­ты­су­шы ел­дер­ге3
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    2709 00 900 9
    Ши­кі мұ­най
    Осы бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген Ши­кі мұ­най мен мұ­най өнім­де­ріне әке­ту ке­ден­дік ба­жы мөл­шер­ле­ме­ле­рі­нің кө­ле­мін есеп­теу қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар)
    тұ­рақ­ты
    2.
    2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қо­с­па­ған­да 2710 12
    Же­ңіл ди­стил­лят­тар мен өнім­дер
    3.
    2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0
    Ор­та­ша ди­стил­лят­тар
    4.
    2710 19 42, 2710 19 460 0
    Ауыр ди­стил­лят­тар: га­зойл­дар
    5.
    2707
    Кө­мір шай­ы­рын жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да ай­да­удың май­ла­ры және бас­қа да өнім­де­рі; хош иісті құ­рам­дас бө­лік­тер­дің мас­са­сы хош иісті емес бө­лік­тер­дің мас­са­сы­нан аса­тын ұқсас өнім­дер
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    6.
    2710 20 110 0,
    2710 20 150 0,
    2710 20 900 0
    Ауыр ди­стил­лят­тар: га­зойл­дар: өзге де мақ­сат­тар үшін
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    жыл сай­ын
    16 қа­зан­нан 14 ақ­пан­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    1 тон­на­сы­на 200 еуро
    1 тон­на­сы­на 200 еуро
    жыл сай­ын
    15 ақ­пан­нан 15 қа­зан­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    7.
    2710 19 310 0,
    2710 19 350 0,
    2710 19 480 0,
    2710 20 190 0
    Ауыр ди­стил­лят­тар: га­зойл­дар
    Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес
    тұ­рақ­ты
    8.
    2710 19 510 1,
    2710 19 510 9-2710 19 550 9
    Ауыр ди­стил­лят­тар: сұй­ық отын­дар
    9.
    2710 19 620 1,
    2710 19 640 1,
    2710 19 660 1,
    2710 19 680 1,
    2710 20 310 1,
    2710 20 350 1,
    2710 20 370 1,
    2710 20 390 1
    Ма­зут­тар
    1 тон­на­сы­на 30 дол­лар
    тұ­рақ­ты
    10.
    2710 19 620 9,
    2710 19 640 9,
    2710 19 660 9,
    2710 19 680 9,
    2710 20 310 9,
    2710 20 350 9,
    2710 20 370 9,
    2710 20 390 9
    Ауыр ди­стил­лят­тар: сұй­ық отын­дар: өзге де мақ­сат­тар үшiн
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    тұ­рақ­ты
    11.
    2710 19 710 0,
    2710 19 750 0,
    2710 19 820 0,
    2710 19 840 0,
    2710 19 860 0,
    2710 19 880 0,
    2710 19 920 0,
    2710 19 940 0,
    2710 19 980 0
    Жа­ғар май­лар: өзге­ле­рі
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    12.
    2710 91 000 0,
    2710 99 000 0
    Өң­дел­ген мұ­най өнім­де­рі
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    13.
    2712
    Мұ­най ва­зе­ли­ні; па­ра­фин, мик­ро кри­стал­ды мұ­най ба­ла­у­ы­зы, па­ра­фин­ді гач, озо­ке­рит, қо­ңыр бұ­ры­шты ба­ла­у­ыз, шым­те­зек ба­ла­у­ы­зы, бас­қа ми­не­рал­ды ба­ла­у­ы­здар және син­тез неме­се бас­қа про­це­стер нәти­же­сін­де алын­ған, бо­я­л­ған неме­се бо­ял­ма­ған ұқсас өнім­дер
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    14.
    2713 20 000 0
    Мұ­най би­ту­мы
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    жыл сай­ын
    1 мау­сым­нан ба­стап 30 қыр­күй­ек­ті қо­са ал­ған­ға дей­ін
    1 тон­на­сы­на 15 еуро
    1 тон­на­сы­на 15 еуро
    жыл сай­ын
    1 қа­зан­нан ба­стап 31 ма­мыр­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    15.
    2713 90 100 0,
    2713 90 900 0
    Би­ту­ми­ноз­ды жы­ны­сты­лар­дан алын­ған мұ­най неме­се мұ­най өнім­де­рін қай­та өң­де­уден қал­ған өзге де қал­дық­тар
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    жыл сай­ын
    16 сәу­ір­ден 14 қа­зан­ды қо­са ал­ған­ға дей­ін
    1 тон­на­сы­на 15 еуро
    1 тон­на­сы­на 15 еуро
    жыл сай­ын
    15 қа­зан­нан 15 сәу­ір­ді қо­са ал­ған­да дей­ін
    16.
    2714
    Та­би­ғи, би­тум және ас­фальт; би­ту­ми­ноз­ды неме­се мұ­най тақ­та­та­ста­ры және би­ту­ми­ноз­ды құм­та­стар; ас­фаль­тит­тер және ас­фальт жы­ны­ста­ры
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    17.
    2715 00 000 0
    Би­тум қо­с­па­ла­ры
    15 %
    0
    тұ­рақ­ты
    18.
    2901
    Ацик­л­ді кө­мір­су­тек­тер
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    19.
    2902
    Цик­л­дік кө­мір­су­тек­тер
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    20.
    3403
    Май­лау ма­те­ри­ал­да­ры (ке­су құ­рал­да­ры­на ар­нал­ған май­лау-сал­қын­да­ту эмуль­си­я­ла­рын, болт­тар­ды неме­се гай­ка­лар­ды бұ­рап алу­ды же­ңіл­де­ту­ге ар­нал­ған құ­рал­дар­ды, тот­ты ке­ті­ру­ге ар­нал­ған құ­рал­дар­ды неме­се май­лау негі­зін­де жа­сал­ған бұй­ым­дар­ды қа­лып­тар­дан алу­ды же­ңіл­де­ту­ге ар­нал­ған кор­ро­зи­я­ға қар­сы құ­рал­дар мен пре­па­рат­тар­ды қо­са ал­ған­да) және то­қы­ма ма­те­ри­ал­да­рын, бы­л­ға­ры­ны, жүн­ді неме­се өзге де ма­те­ри­ал­дар­ды май неме­се май­мен өң­де­у­ге пай­да­ла­ны­ла­тын құ­рал­дар, би­ту­ми­ноз­ды жы­ны­стар­дан алын­ған мұ­най неме­се мұ­най өнім­де­рі­нің неме­се одан көп негіз­гі ком­по­нент­тер ре­т­ін­де 70% мас бар құ­рал­дар­дан бас­қа
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    21.
    3811
    Ан­ти­де­то­на­тор­лар, ан­ти­ок­си­дант­тар, шай­ыр тү­зе­тін ин­ги­би­тор­лар, тұт­қыр­лық­ты рет­те­гіш­тер, кор­ро­зи­я­ға қар­сы заттар пай­да­ла­ны­ла­тын бас­қа мұ­най өнім­де­ріне (бен­зин­ді қо­са ал­ған­да) неме­се сұй­ық­тық­тар­ға өзге де дай­ын қо­с­па­лар мұ­най өнім­де­рі си­яқ­ты мақ­сат­тар­да
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    22.
    3814 00
    Күр­де­лі ор­га­ни­ка­лық, еріт­кіш­тер мен еріт­кіш­тер, бас­қа жер­де атал­ма­ған неме­се қо­сыл­ма­ған; бо­я­у­лар­ды неме­се лак­тар­ды ке­ті­ру­ге ар­нал­ған дай­ын ком­по­зи­ци­я­лар
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    23.
    3826 00
    Био­ди­зель және оның құ­ра­мын­да би­ту­ми­ноз­ды жы­ны­стар­дан алын­ған мұ­най неме­се мұ­най өнім­де­рі­нің 70 % - дан кем мас. жоқ неме­се бар қо­с­па­ла­ры
    1 тон­на­сы­на 60 дол­лар
    0
    тұ­рақ­ты
    Ескертпе:
    1 Әкету кедендік бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшін келтірілген.
    2 Қазақстан Республикасы шикі мұнайға және мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін екіжақты және көпжақты келісімдер жасасқан елдерді қоспағанда.
    3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербургте жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт және 2013 жылғы 31 мамырда Минскіде жасалған 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттама күшіне енген елдер.

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция

    министрінің

    2026 жылғы ________

    № ____ бұйрығына

    2- қосымша

    Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік баждары мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне қатысты әкету кедендік баждары мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:

    1) алдыңғы кезең – ағымдағы айдан екі ай бұрын 20-шы күннен бастап ағымдағы айдың алдындағы айдың 20-шы күніне дейінгі уақыт кезеңі;

    2) ағымдағы ай – әкету кедендік баждарын қолданудың күнтізбелік айы;

    3) мұнай өнімдері – осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мұнайдан өндірілген тауарлар;

    4) шикі мұнай – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 2709 00 900 9 кодымен жіктелетін шикі мұнай.

    2-тарау. Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу тәртібі

    3. Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкетілетін кедендік баж мөлшерлемелерінің көлемі былайша есептеледі:

    1) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 25 Америка Құрама Штаттарының (бұдан әрі - АҚШ) долларына дейін болғанда – әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесінің көлемі 0-ге тең;

    2) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 25-тен 105 АҚШ долларына дейін болған кезде - әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесінің көлемі мынадай формула бойынша есептеледі:

    ӘКБМ=Орт*К,

    мұнда:

    ӘКБМ – шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкетілетін кедендік баж мөлшерлемесінің көлемі, тоннасына АҚШ долларымен;

    Орт – алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы;

    К – түзету коэффициенті 1.

    3) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 105 АҚШ долларынан жоғары болған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген, ағымдағы айда айқындалған алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасына сәйкес келетін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерінің бірі қолданылады.

    4. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкету кедендік баждарының мөлшерлемелері шикі мұнай мен мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге қатысты ағымдағы ай ішінде АҚШ долларымен қолданылады.

    5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган):

    1) ай сайын алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасын есептеуді мынадай түрде жүзеге асырады:

    биржада бір күн ішінде мұнай шикізаты әлемдік нарықтарында қалыптасқан KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнай бағасының орташа мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

    Ортк,б бір күнде =[ (Скmin+Скmax)/2 + (Сбmin+Сбmax)/2 ] /2,

    мұнда:

    Ортк,б бір күнде – биржада бір күн ішінде KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнай бағасының орташа мәні;

    Скmin – биржада бір күн үшін KEBCO-ның ең төменгі нарықтық бағасы;

    Скmax – биржада бір күн үшін KEBCO-ның ең жоғары нарықтық бағасы;

    Сбmin – биржада бір күн үшін BRENT-тің ең төменгі нарықтық бағасы;

    Сбmax – биржада бір күн үшін BRENT-тің максималды нарықтық бағасы;

    алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы келесі формула бойынша есептеледі:

    Орт= ƩCрnк,б/n,

    мұнда:

    Орт – алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы;

    ƩCрnк,б – алдыңғы кезең ішінде осындай баға белгілеулер жарияланған күндердегі KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнай бағасының орташа мәндерінің сомасы;

    n – алдыңғы кезең ішінде осындай баға белгілеулерді жариялау күндерінің саны.

    2) әкету кедендік баждары қолданылатын айдың алдындағы айдың 28-күнінен кешіктірмей өзінің ресми интернет-ресурсында алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы туралы ақпаратты орналастырады.

    6. Шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасын айқындау мақсатында «Argus Media Ltd» компаниясының «Argus Crude» дереккөзінде жарияланатын ақпарат KEBCO және BRENT маркалы шикі мұнайдың әлемдік бағалары туралы міндетті ақпарат көзі болып табылады.

    Осы дереккөзде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар туралы ақпарат болмаған кезде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар:

    «S&P Global Inc. (S&P Global CommodityInsights)» компаниясының «Crude Oil Market Wire Basic Service» дереккөзінің деректері бойынша;

    жоғарыда көрсетілген дереккөздерде шикі мұнайдың көрсетілген стандартты сұрыптарына бағалар туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа да дереккөздердің деректері бойынша пайдаланылады.

    7. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген формулалар бойынша жүргізілген есептеулердің нәтижелері бүтін санға дейін математикалық дөңгелектенеді.

    8. Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге мынадай жағдайларда әкету кедендік баждары салынбайды:

    1) шикі мұнай мен мұнай өнімдерін әкетуді кедендік әкету баждарын төлеуден босатуды көздейтін Қазақстан Республикасында екіжақты немесе көпжақты шарттар жасалған елдерге әкету;

    2) жер қойнауын пайдаланушылар 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және шикі мұнайды әкетуді кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген міндетті салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) бойынша өздері өндірген шикі мұнайды әкету;

    3) жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеуді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар әкететін шикі мұнайды қоспағанда, шикі мұнайды кедендік әкету баждарын төлеуден босату көзделген өнімді бөлу туралы келісімдер (келісімшарттар) болып табылмайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өздері өндірген шикі мұнайды әкету;

    4) күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан Теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген шикі мұнайды әкету:

    2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 95 доллардан төмен болған кезде;

    2032 жылғы 1 қаңтардан бастап 2036 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 100 доллардан төмен болған кезде;

    2037 жылғы 1 қаңтардан бастап 2041 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 105 доллардан төмен болған кезде;

    2042 жылдың 1 қаңтарынан бастап шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы барреліне 110 доллардан төмен болды.

    Каспий теңізінің қазақстандық секторында толық орналасқан Теңіз кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай Теңіз кен орындарының атаулары Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына (бұдан әрі – Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидалары) сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға ай сайын жіберетін мұнайды жеткізу кестесімен айқындалады.

    5) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жасалған күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша өздері өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуі.

    Осы тармақшаның ережелері жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген көмірсутектерді әкету басталатын кезеңнен бастап мыналар ішінде қолданылады:

    күнтізбелік жиырма жыл – күрделі теңіз жобалары мен құрлықтағы газ жобалары бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша;

    күнтізбелік он жыл – құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша.

    Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар шеңберінде өндірілген әкетілетін шикі мұнайдың көлемі, сондай-ақ осындай кен орындарының атаулары Мұнай беру кестесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға ай сайын жіберетін мұнайды жеткізу кестесімен айқындалады.

    _____________________________

    Шикі мұнай мен мұнай

    өнімдеріне әкету кедендік

    бажы мөлшерлемелерінің

    көлемін есептеу

    қағидаларына

    1-қосымша

    Шикі мұнайдан өндірілген тауарлар

    Мұ­най өнім­де­рі
    Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­ме­ті­нің та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы­ның ко­ды
    Ашық тү­сті мұ­най өнім­де­рі
    2710 12,
    2710 19 110 0 – 2710 19 290 0,
    2710 19 42,
    2710 19 460 0
    Қа­ра тү­сті мұ­най өнім­де­рі
    2710 19 310 0,
    2710 19 350 0,
    2710 19 480 0,
    2710 20 190 0,
    2710 19 510 1,
    2710 19 510 9 – 2710 19 550 9

    Шикі мұнайға және мұнай

    өнімдерге әкету кедендік

    бажы мөлшерлемелерінің

    көлемін есептеу

    қағидаларына

    2-қосымша

    Шикі мұнайға және мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажының мөлшерлемелері

    Ал­дың­ғы ке­зең­де­гі ши­кі мұ­най­дың ор­та­ша на­рық­тық ба­ға­сы, бар­ре­ліне Аме­ри­ка Құ­ра­ма Штат­та­ры­ның (бұ­дан әрі - АҚШ) дол­ла­ры
    Ши­кі мұ­най мен мұ­най өнім­де­ріне әке­ту ке­ден­дік ба­жы­ның мөл­шер­ле­ме­сі, 1 тон­на үшін АҚШ дол­ла­ры
    1.
    105-тен 115-ке дей­ін
    115
    2.
    115-тен 125-ке дей­ін
    130
    3.
    125-тен 135-ке дей­ін
    145
    4.
    135-тен 145-ке дей­ін
    160
    5.
    145-тен 155-ке дей­ін
    176
    6.
    155-тен 165-ке дей­ін
    191
    7.
    165-тен 175-ке дей­ін
    206
    8.
    175-тен 185-ке дей­ін
    221
    9.
    185 және одан жо­ға­ры
    236

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.