Алакөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №37 «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алакөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданы әкімінің «Алакөл ауданы бойынша дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 37 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176832 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 27- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«27. № 71 сайлау учаскесі.
Орталығы: Ақжар ауылы, Жастар көшесі № 41 «А», «Алакөл ауданы әкімінің Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Ақжар ауылдық мәдениет үйі.
Шекаралары: Ақжар, Майлышат ауылдарының аумағы.».
көрсетілген шешімнің қосымшасында 34- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«34. № 78 сайлау учаскесі.
Орталығы: Төңкеріс ауылы, Темеш Оспанов көшесі № 16, «Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Шекаралары: Төңкеріс ауылының аумағы.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл ауданының әкімі
А.Абдинов
«КЕЛІСІЛДІ»
Алакөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясымен
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.