Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 20 сәуір 2026 ж.
«Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 83-VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облысы Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 83-VIII шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5153-06 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Индер аудандық мәслихат төрағасы
А. Рамазанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.