«Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесінде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-6), 1-7), 1-8), 1-9) және 1-10) тармақшаларымен толықтырылсын:
«1-6) Абай облысы Мақаншы ауданы Қарабұта өзеніндегі су қоймасы;
1-7) Абай облысы Көкпекті ауданы Кіші Бөкен өзеніндегі су қоймасы;
1-8) Абай облысы Мақаншы ауданы Келдімұрат өзеніндегі су қоймасы;
1-9) Абай облысы Мақаншы ауданы Көктерек өзеніндегі су қоймасы;
1-10) Абай облысы Ақсуат ауданы Базар өзеніндегі су қоймасы;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.