Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы» шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі» қосымшасында 26, 27, 28, 29 және 30-тармақтармен мынадай мазмұнда толықтырылсын :
«26. «Қозғалыс нейрон ауруы» - Рилузол препараты.
27. «Гемолитикалық-уремиялық синдромы»- Экулизумаб препараты.
28. «Жүйелі қызыл жегі» - Анифролумаб препараты.
29. «Ойық жаралы колит» - Адалимумаб препараты.
30. «Тубулярлы некрозы бар жедел бүйрек жеткіліксіздігі» - Экулизумаб препараты.».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы
Б.Шингисов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.