Алатау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алатау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алатау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Алатау қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Алатау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-35 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6182-05 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және Алатау қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
1) ескі редакциядағы 8-тармақ алынып тасталсын;
2) 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) дүлей апат және өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның жылжымайтын мүлкіне зиян келтіру (растайтын құжат болған кезде).
Біржолғы әлеуметтік көмек Алматы облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Табиғи апаттың немесе өрттің салдарынан жылжымайтын мүлікке залал келтірілген кезде әлеуметтік көмек зардап шеккен мүліктің орналасқан жері бойынша оның меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек өрт немесе төтенше жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі";
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай бір мезгілде - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуідеп танылған азаматтарға (отбасыларға):
туберкулез ауруымен амбулаторлық ем қабылдап жатқан адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.
3) ескі редакциядағы 9-тармақ алынып тасталынсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алатау қаласы мәслихатының төрағасы
Р. Абилова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.