«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №47 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 сәуір 2026 ж.

    «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы №47 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» және «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша пилоттық жобаны іске қосу және іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 41, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 60 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 қаңтардағы № 47 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасы мен бекітілген Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға көшіп келушілер үшін тестілеу, сауалнама жүргізу және әңгімелесу өткізу қағидаларында:

    2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлердің жергілікті атқарушы органы;»;

    6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша онлайн-диагностикалық тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап және прокторинг жүйесін қолдану арқылы тексеру аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

    Онлайн-диагностикалық тестілеуде әрбір блок бойынша 70 %-тен 100 %-ке дейінгі аралықта шекті көрсеткішін жинаған тұлғаларға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес онлайн-диагностикалық тестілеу сертификаты беріледі. Шекті көрсеткішті еңсере алмаған тұлғаларға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес онлайн-диагностикалық тестілеу жөнінде анықтама беріледі.

    7. Онлайн-диагностикалық тестілеудің бір немесе екі блогы бойынша нәтижесі шекті көрсеткіштен (70 %) төмен болған жағдайда, соңғы тестілеуден өткен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде тестілеуді екі реттен аспайтын мөлшерде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.»;

    28-тармақтың он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) Білім деңгейі (БД):

    Баллдар диапазоны: 0-ден 150 баллға дейін;

    Критерий өтініш берушінің алған білім деңгейін, оның кәсіптік даярлығын және еңбек нарығындағы әлеуетті сұранысын ескереді. Баллдар білім туралы растайтын құжаттар негізінде, дипломның түпнұсқалығын тексеру немесе дипломды апостильдеу арқылы беріледі.»;

    29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «29. Өтініш беруші енгізген деректер мен тексеру нәтижелері негізінде иммиграциялық әлеуетті өлшемшарттық бағалау жүйесі әрбір критерий бойынша автоматты түрде есептейді және балл береді.

    Иммиграциялық әлеуетті критерийлік бағалау жүйесінің балдары мына формула бойынша есептеледі:

    Жалпы балл = (ДК + БД + ТБ + ОЖТ + БЕЖТ + ҚК) × ДЖ + ҚК , мұнда әрбір көрсеткіш тиісті критерий бойынша балды білдіреді.

    Иммиграциялық әлеуетті критерийлік бағалау жүйесі бойынша ең төменгі өту балы кемінде 600 балды құрайды.»;

    көрсетілген қағидаларға 1 және 2-қосымша лар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасы мен бекітілген Қандас мәртебесін беру қағидаларында:

    2-тармақта:

    11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «11) қоныстандыру өңірлері – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлер;»;

    16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «16) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлердің жергілікті атқарушы органы;»;

    18-тармақ мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

    «4) Қазақстан Республикасының өзге өңірлеріне тұрақты тұруға кету;

    5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанға дейін бес жыл ішінде банктік шотта орналастырылған төлем қабілеттілігін растамағанда;

    6) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған сәттен бастап Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін еңбек өтілі мен ресми табысын жыл сайын растамағанда;

    7) қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын (екі және одан да көп рет), мемлекеттік билік институтына, белгіленген басқару тәртібіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, жол жүрісі қағидаларын үнемі бұзғанда (үш және одан да көп рет);

    8) ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған, бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған, Қазақстан Республикасының аумағында онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы болған жағдайда.»;

    көрсетілген бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасы мен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларында:

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметінің аумақтық органы тарапынан «ХҚКО» ИАЖ МО АЖО және КҚЖ АЖ арқылы, Қазақстан Республикасында заңды негіздерде қоныстандыру өңірлерінде кемінде бір жыл тұрған жағдайда және халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган беретін «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті одан әрі алуға рұқсат туралы көшіп келушілерді өлшемшарттық бағалаудан өткені туралы хабарламаны шетелдік алған кезде көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызметті қабылдау және оның нәтижесін беру көшіп келудің тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен (Ақмола облысы (Қосшы қаласын, Аршалы және Целиноград аудандарын қоспағанда), Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай облысы және Ұлытау облысы) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін көшіп келушілерді қоныстандыруға арналған өңірлерде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды.»;

    5-тармақта:

    1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері берген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті одан әрі алуға рұқсат туралы көшіп келушілердің өлшемшарттық бағалаудан өткені туралы хабарлама (кәмелетке толмағандарды, әрекетке қабілетсіз адамдарды, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның өтініші бойынша инвесторларды, тізбесі халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптерге ие шетелдіктерді қоспағанда) және өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғалар.;»;

    4)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 531 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33001 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде төлем жасау қабілеттігін растау қағидаларына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін (өтінішті қарау кезеңінде банк шотында кемінде 1320 АЕК қаражаты болған жағдайда 5 жыл ішінде одан әрі жыл сайын растай отырып), немесе төлем қабілеттілігін растаудан босату негіздерінің бар екенін растайтын құжат.

    Көшіп келуші Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған кезде өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжатты көші қон қызметіне тұрақты тұруға рұқсат алған күннен бастап жыл сайын ұсынады;»;

    11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «11) салалық мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының Ұлттық сыныптауышының (бұдан әрі - ҰСТ) сабақ тобын көрсете отырып және ҰСТ (кәсіп, дағдылардың деңгейі мен мамандануы, диплом, мамандандыру бойынша жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі) талаптарына сәйкес келетін өтінішхаты – «Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін талап етілетін кәсіптердің тізбесін және оның қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің оңайлатылған тәртібі белгіленетін, талап етілетін кәсіптер тізбесінің талаптарына жауап беретін адамдар ұсынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелген), уәкілетті мемлекеттік органның дәлелді өтінішхаты – өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғаларға қызмет алушылар.;

    уәкілетті мемлекеттік органдардың өтінішхаттары негізінде мемлекет үшін мүддесін білдіретін және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушылар үшін;»;

    13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «13) оның азаматтығы бар мемлекеттің жазбаша келісімі немесе кету парағы не шетелге тұрақты тұруға кетуге қарсылықтың (шектеудің) болмауы туралы басқа құжат (халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі бар адамдарды қоспағанда), егер азаматтығы бар елдің заңнамасымен көзделген осындай анықтаманы алуға мүмкін болғанда.

    Егер оларды алу мүмкіндігі азаматтығы бар елдің заңнамасында көзделмесе, мұндай құжаттарды ұсыну талап етілмейді, бұл туралы уәкілетті органның атына шет мемлекет тарапынан растау бар;»;

    мынадай мазмұдағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

    «5-1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тартылады не бұрын берілген рұқсат мынадай шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты күші жойылады:

    1) заңсыз келген, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн өздерi шыққан елдердiң заңнамасы бойынша қудалауға ұшыраған;

    2) сотталғанға дейiн тұрақты тұрғылықты жерi Қазақстан Республикасынан тыс болған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;

    3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған;

    4) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар;

    5) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылған немесе бұрын оның азаматы болған бұрынғы отандастарды, инвесторларды, кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді және уәкілетті мемлекеттік органның өтініші бойынша мемлекеттің мүддесін білдіретін өзге де адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауды бермеген;

    6) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;

    7) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыртқан;

    8) іс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған;

    9) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне қарсы шыққан, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырған;

    10) Қазақстан Республикасының аумағында онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстары үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар;

    11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремистік немесе террористік әрекетке қатыстылығы немесе Қазақстан Республикасында экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымға қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;

    12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы қолдаухатпен өтiнiш жасаған кезде жалған құжаттарды ұсынған не өзі туралы көрінеу жалған мәлiметтер хабарлаған немесе қажеттi құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде дәлелді себепсіз ұсынбаған;

    13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген;

    14) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсатты берген кезге дейін бес жылдың ішінде Қазақстан Республикасынан шығарып жiберiлген;

    15) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса;

    16) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрақты тұруға арналған рұқсатты алған және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен аз уақыт тұрып жатқан;

    17) тұрақты тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысқа ие кәсіптер тізбесінің негізінде алған және тұрақты тұруға арналған рұқсаттың берілу күнінен бастап ретімен келетін кез келген он екі айлық кезең шегінде күнтізбелік бір жүз сексен үш күн ішінде көрсетілген тізбеде көзделген кәсіп бойынша жұмыс істемеген;

    18) Қазақстан Республикасының азаматтарымен некелескен, осы некесі тұруға ықтиярхат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылса;

    19) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны, салық және еңбек заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін бір жыл ішінде әкімшілік жауаптылыққа тартылған;

    20) ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қатер төндіретін;

    21) Қазақстан Республикасына келуге қарсы айғақ болып табылатын аурулары бар;

    22) егер бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса;

    23) бұрын «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған;

    24) Қазақстан Республикасының аумағында бір жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталған;

    25) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын (екі және одан да көп рет), мемлекеттік билік институтына, басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, жол жүрісі қағидаларын жүйелі түрде бұзған (үш және одан да көп рет);

    26) Қазақстан Республикасында заңды негізде қоныстандыру өңірлерінде бір жылдан аз уақыт тұрып жатқан;

    27) Қазақстан Республикасында жарамсыз көшіп келушілердің тұруға ықтиярхаты бойынша бір жүз сексен үш күнтізбелік күннен астам уақыт тұрып жатқан;

    28) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу туралы өтінішхат берген кезде көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайтын;

    29) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттарды ресімдеуге жіберу мақсатында иммиграциялық әлеуетті өлшемшарттық бағалау жүйесінен өтпеген;

    30) өтінішхат берген күнге дейінгі он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған не отбасының әрбір мүшесіне шаққанда табысының бар екенін растамаған адамдарға, бұл ретте Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға үміткер отбасының әрбір мүшесіне (жұбайын (зайыбын), күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақ асырауындағы өзге де жақын туыстарды қоса алғанда) шаққандағы табыс мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төменгі жалақыдан кем болмауға тиіс;

    31) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде тұрақты түрде бес жылдан кем тұрған жағдайда, Қазақстан Республикасының өзге өңірлеріне тұрақты тұруға кету кезінде.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

    1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;

    2) қызмет алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті талаптарға сәйкес келмеуі;

    3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерудің теріс қорытындысы.

    Осы Қағидалардың 3-тармағының талаптары, 5-тармақтың 1), 4), 13) тармақшалары және 5-1-тармақтың 26), 29), 30) тармақшалары кәмелетке толмағандарға, инвесторларға, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие мамандықтарға ие шетелдіктерге және өзге де шетел азаматтары, экономикалық дамуға елеулі үлес қосатын, басым экономикалық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысатын немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша бірегей құзыреттері мен жетістіктеріне ие тұлғалар.

    Жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты не 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты негізінде азаматтығы жоқ адамдар деп танылған адамдарға қатысты осы Қағидалардың 16) және 19) тармақшалардың қолданылуы таратылмайды.

    Әрекетке қабілетсіз адамдарға қатысты осы Қағидалардың 3-тармағының, 5-тармақтың 1) тармақшасының, 5-1-тармақтың 21), 26), 29), 30) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.

    3-тармақтың осы Қағидалардың екінші абзацының ережелері бұрынғы отандастарға, ерлі-зайыптыларды кемінде бір жыл заңды некеде тұрған, олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын некеде тұрған жұбайлардың қосылуы мақсатында келген адамдарға, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын шетелдіктерге осы елді мекенде ықтиярхат алу үшін жүгінген кезде қолданылмайды.

    Осы Қағидалардың 3-тармағының, 5-тармағы 1) тармақшасының және 5-1-тармағының 26), 29), 30) тармақшаларының талаптары жасы алпыс жастан асқан, бұрынғы отандастар болып табылатын не отбасының қосылуы мақсатында келген адамдарға қолданылмайды.

    Отбасының қосылуы мақсатында келген адамдар отбасылық қатынастарды растайтын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік) ұсынады.»;

    көрсетілген қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қандастар мен иммигранттардың кетуі, уақытша болмауы, тұрақты тұратын жерінде тұрмауы, мәлімделген жұмыс орнында еңбек қызметін жүзеге асырмауы, байланысын жоғалтуы, сондай-ақ оларды елден шығару фактілері бойынша ведомствоаралық ден қою қағидаларын бекітуді көздейтін бірлескен бұйрық қабылдасын.

    3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп осы бірлескен бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Полиция департаменттеріне жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.

    4. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы бірлескен бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын және осы бұйрықты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің назарына , жұмыс барысында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

    5. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрық қол қойылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бірлескен бұйрықтың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларын орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Ішкі істер министрліктерінің заң қызметі департаменттеріне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

    7. Осы бірлескен бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

    Ж. Мәдиев

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    А. Ертаев

    Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім министрлігі

    бірлескен бұйрыққа

    1 қосымша

    Қазақстан Республикасына

    тұрақты тұруға көшіп-қонушылар

    үшін тестілеу, сауалнама

    жүргізу және сұхбат

    өткізу қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің онлайн-диагностикалық тестілеуі бойынша сертификат үлгісі

    ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
    ОНЛАЙН-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ
    Осы сертификат иммигранттарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған құжаттарды алу үшін жарамды
    Тапсырған күні: __.__._____ / __:__:__
    Берілген күні: __.__._____ / __:__:__
    Бірегей нөмір:
    Жарамдылық мерзімі: _ жыл (__.__.____ ж. дейін)
    ______________________________________________________________________________________
    Тестіленуші туралы ақпарат
    Тегі: ____________________________________
    Есімі: ___________________________________
    ТЖК:
    Жеке басын куәландыратын құжат:
    №:
    мерзімі: __.__.____
    ______________________________________________________________________________________
    Блоктар:
    Жинаған балдары:
    Тыңдалым (20 тапсырма)
    __ балл ( __ %)
    Оқылым (40 тапсырма)
    __ балл ( __ %)
    Барлығы:
    __ балл ( __ %)
    Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жарамды
    ______________________________________________________________________________________

    бірлескен бұйрыққа

    2 қосымша

    Қазақстан Республикасына

    тұрақты тұруға көшіп-қонушылар

    үшін тестілеу, сауалнама

    жүргізу және сұхбат

    өткізу қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    ҚАЗТЕСТ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің онлайн-диагностикалық тестілеуі бойынша анықтама үлгісі

    ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
    ОНЛАЙН-ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ТЕСТІЛЕУ
    Тапсырған күні: __.__._____ / __:__:__
    Берілген күні: __.__._____ / __:__:__
    Бірегей нөмір:
    ТЖК:

    ________________________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

    Осы анықтама тестіленушінің қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері бойынша онлайн диагностикалық тестілеуге қатысқанын əрбір блок бойынша 70% шекті көрсеткішін алмағанын растайды.

    Тест блоктары бойынша нәтиже:

    Блоктар:
    Жинаған балдары:
    Тыңдалым (20 тапсырма)
    __ балл ( __ %)
    Оқылым (40 тапсырма)
    __ балл ( __ %)
    Барлығы:
    __ балл ( __ %)
    Жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда жарамды
    ______________________________________________________________________________

    бірлескен бұйрыққа

    3 қосымша

    Шетелдіктер мен азаматтығы

    жоқ адамдарға Қазақстан

    Республикасында

    тұрақты тұруға рұқсат беру

    жөніндегі мемлекеттік қызметті

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    ҚА­ЗАҚ­СТАН РЕС­ПУБ­ЛИ­КА­СЫ ІШ­КІ ІС­ТЕР МИ­НИ­СТР­ЛІ­ГІ
    МИ­НИ­СТЕР­СТВО ВНУТ­РЕН­НИХ ДЕЛ РЕС­ПУБ­ЛИ­КИ КА­ЗАХ­СТАН
    ҚА­ЗАҚ­СТАН РЕС­ПУБ­ЛИ­КА­СЫН­ДА ШЕ­ТЕЛ­ДІК­ТЕР МЕН АЗА­МАТ­ТЫҒЫ ЖОҚ АДАМ­ДАР­ҒА ТҰ­РАҚ­ТЫ ТҰ­РУ­ҒА РҰҚ­САТ БЕ­РУ ЖӨ­НІН­ДЕ­ГІ СҰХ­БАТ ПА­РА­ҒЫ
    ЛИСТ СО­БЕ­СЕ­ДО­ВА­НИЯ ДЛЯ ИНО­СТРАН­ЦЕВ И ЛИЦ БЕЗ ГРАЖ­ДАН­СТВА НА ПО­ЛУ­ЧЕ­НИЕ РАЗ­РЕ­ШЕ­НИЯ НА ПО­СТО­ЯН­НОЕ ПРО­ЖИ­ВА­НИЕ В РЕС­ПУБ­ЛИ­КЕ КА­ЗАХ­СТАН
    Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
    Фа­ми­лия, имя, от­че­ство
    Ту­ған жы­лы
    Да­та рож­де­ния
    Сұх­бат­тың қо­ры­тындысы:
    Итог со­бе­се­до­ва­ния:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат­тан бас тар­ты­ла­ты­ны не бұ­рын бе­рі­л­ген рұқ­сат­тың кү­ші жой­ы­ла­ты­ны ту­ра­лы ма­ған ес­кер­тіл­ді.
    Под­лин­ность пред­став­лен­ных до­ку­мен­тов и до­сто­вер­ность из­ло­жен­ных све­де­ний под­твер­ждаю.
    КҚҚБ инст­пек­то­ры, ла­у­а­зы­мы, ар­найы ата­ғы
    Ин­спек­тор ОМС, долж­ность, спе­ци­аль­ное зва­ние
    Бе­рі­л­ген кү­ні
    Да­та вы­да­чи
    ИН­СПЕК­ТОР ҚО­ЛЫ
    ПОД­ПИСЬ ИН­СПЕК­ТО­РА
    ШЕ­ТЕЛ­ДІК АЗА­МАТ­ТЫҢ ҚО­ЛЫ
    ПОД­ПИСЬ ИНО­СТРАН­ЦА
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту негіз­де­рі
    Мы­нан­дай:
    1) заң­сыз кел­ген, сон­дай-ақ қыл­мыс жа­са­ға­ны үшiн өздерi шық­қан ел­дер­дiң заң­на­ма­сы бой­ын­ша қу­да­ла­у­ға ұшы­ра­ған;
    2) сот­тал­ған­ға дей­iн тұ­рақ­ты тұр­ғы­лық­ты жерi Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс болған, бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан боса­ты­л­ған;
    3) адам­за­тқа қар­сы қыл­мыс жа­са­ған;
    4) кәме­лет­ке тол­ма­ған адам­ның жы­ны­стық ти­іс­пе­у­ші­лі­гіне қар­сы ауыр және аса ауыр қыл­мыс жа­са­ған­дар;
    5) Қа­зақ Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­сын­да неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да туы­л­ған неме­се бұ­рын оның аза­ма­ты болған бұ­рын­ғы отан­дастар­ды, ин­ве­стор­лар­ды, кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лы­қа­ра­лық шар­тта­ры­ның негі­зін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын же­ңіл­де­ті­л­ген тәр­тіп­пен алу­ға құқы­ғы бар адам­дар­ды және олар­дың от­ба­сы мү­ше­ле­рін, тіз­бе­сін ха­лық­тың кө­ші-қо­ны мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен сұ­ра­ны­сқа ие кә­сіп­те­рі бар ше­тел­дік­тер­ді және уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның өті­ні­ші бой­ын­ша мем­ле­кет­тің мүд­де­сін біл­ді­ре­тін өзге де адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі ай­қын­дай­тын тәр­тіп­пен және мөл­шер­де өзі­нің тө­лем қа­бі­лет­ті­лі­гін рас­та­уды бер­ме­ген;
    6) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ше­тел­дік­тер­дің құқық­тық жағ­дайы ту­ра­лы заң­на­ма­сын бір­не­ше рет бұз­ған;
    7) ұл­та­ра­лық, кон­фес­си­яа­ра­лық және дi­ни араз­дық­ты қоз­дыр­тқан;
    8) іс-әре­кет­терi кон­сти­ту­ци­я­лық құ­ры­лы­сты кү­ш­теп өзгер­ту­ге ба­ғыт­тал­ған;
    9) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның еге­мен­дi­гi мен тәу­ел­сiздi­гiне қар­сы шық­қан, оның ау­ма­ғы­ның бiр­лi­гi мен тұ­та­стығ­ын бұзуға ша­қыр­ған;
    10) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да он­ша ауыр емес және ор­та­ша ауыр­лық­та­ғы қыл­мыста­ры үшін алын­ба­ған неме­се жой­ыл­ма­ған сот­тал­ғанды­ғы бар;
    11) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­рын­да олар­дың экс­тре­ми­стік неме­се тер­ро­ри­стік әре­кет­ке қа­ты­сты­лы­ғы неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да экс­тре­ми­стік неме­се тер­ро­ри­стік деп та­ны­л­ған ұй­ым­ға қа­ты­сты­лы­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер болған кез­де;
    12) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат алу ту­ра­лы қол­да­ухат­пен өтiнiш жа­са­ған кез­де жал­ған құ­жат­тар­ды ұсын­ған не өзі ту­ра­лы кө­рі­неу жал­ған мәлi­мет­тер ха­бар­ла­ған неме­се қа­жет­тi құ­жат­тар­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гi­лен­ген мерзiм­де дәлел­ді се­беп­сіз ұсын­ба­ған;
    13) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес дак­ти­ло­ско­пи­я­лық тір­ке­уден өт­пе­ген;
    14) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ар­нал­ған рұқ­сат­ты бер­ген кез­ге дей­ін бес жыл­дың ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан шы­ға­рып жi­берiл­ген;
    15) егер бұл Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның және бас­қа да адам­дар­дың құқық­та­ры мен заң­ды мүд­де­лерiн қор­ғау үшiн қа­жет бол­са;
    16) «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 38-ба­бын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ар­нал­ған рұқ­сат­ты ал­ған және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың бе­рі­лу кү­ні­нен ба­стап ре­ті­мен ке­ле­тін кез кел­ген он екі ай­лық ке­зең ше­гін­де күн­тіз­бе­лік бір жүз сек­сен үш күн­нен аз уа­қыт тұ­рып жа­тқан;
    17) тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ар­нал­ған рұқ­сат­ты ха­лық­тың кө­ші-қо­ны мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен сұ­ра­ны­сқа ие кә­сіп­тер тіз­бе­сі­нің негі­зін­де ал­ған және тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ар­нал­ған рұқ­сат­тың бе­рі­лу кү­ні­нен ба­стап ре­ті­мен ке­ле­тін кез кел­ген он екі ай­лық ке­зең ше­гін­де күн­тіз­бе­лік бір жүз сек­сен үш күн ішін­де көр­се­ті­л­ген тіз­бе­де көз­дел­ген кә­сіп бой­ын­ша жұ­мыс іс­те­ме­ген;
    18) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры­мен неке­ле­с­кен, осы неке­сі тұ­ру­ға ық­ти­яр­хат алу үшін негіз болған, егер бұл неке заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі­мен жа­рам­сыз деп та­ныл­са;
    19) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ха­лық­тың кө­ші-қо­ны, са­лық және ең­бек заң­на­ма­сы са­ла­сын­да­ғы әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар үшін бір жыл ішін­де әкім­ші­лік жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған;
    20) ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мүд­де­ле­ріне қа­тер төн­ді­ре­тін;
    21) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­на ке­лу­ге қар­сы ай­ғақ бо­лып та­бы­ла­тын ау­ру­ла­ры бар;
    22) егер бұ­рын «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығы ту­ра­лы»
    1991 жы­л­ғы 20 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 21-ба­бы бі­рін­ші бө­лі­гі­нің 8) тар­мақ­ша­сын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ын жо­ғалт­са;
    23) бұ­рын «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығы ту­ра­лы» 1991 жы­л­ғы 20 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 20-1-ба­бын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тығ­ы­нан ай­ы­ры­л­ған;
    24) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да бір жыл ішін­де қыл­мыстық те­ріс қы­лық жа­са­ға­ны үшін сот­тал­ған;
    25) қо­ғам­дық тәр­тіп пен иман­ды­лық­қа қол сұ­ға­тын (екі және одан да көп рет), мем­ле­кет­тік би­лік ин­сти­ту­ты­на, бас­қа­ру­дың бел­гі­лен­ген тәр­ті­біне қол сұ­ға­тын әкім­ші­лік құқық бұ­зу­шы­лық­тар жа­са­ған, жол жү­рі­сі қа­ғи­да­ла­рын жүй­е­лі түр­де бұз­ған (үш және одан да көп рет);
    26) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да заң­ды негіз­де қо­ны­стан­ды­ру өңір­ле­рін­де бір жыл­дан аз уа­қыт тұ­рып жа­тқан;
    27) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да жа­рам­сыз кө­шіп ке­лу­ші­лер­дің тұ­ру­ға ық­ти­яр­ха­ты бой­ын­ша бір жүз сек­сен үш күн­тіз­бе­лік күн­нен астам уа­қыт тұ­рып жа­тқан;
    28) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат алу ту­ра­лы өті­ні­ш­хат бер­ген кез­де көр­се­ті­л­ген ме­кен­жай бой­ын­ша тұр­май­тын;
    29) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат алу үшін құ­жат­тар­ды ре­сім­де­у­ге жі­бе­ру мақ­са­тын­да им­ми­гра­ци­я­лық әле­ует­ті өл­шем­шар­ттық ба­ға­лау жүй­е­сі­нен өт­пе­ген;
    30) өті­ні­ш­хат бер­ген күн­ге дей­ін­гі он екі ай ішін­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да үз­дік­сіз ең­бек неме­се кә­сіп­кер­лік қыз­мет­ті жү­зе­ге асыр­ма­ған не от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне шақ­қан­да та­бысы­ның бар еке­нін рас­та­ма­ған адам­дар­ға, бұл рет­те Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұ­рақ­ты тұ­ру­ға рұқ­сат алу­ға үміт­кер от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне (жұ­бай­ын (зай­ы­бын), күн­діз­гі оқу ны­са­ны бой­ын­ша жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқи­тын кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар­ды, сон­дай-ақ асы­ра­уын­да­ғы өзге де жа­қын туы­стар­ды қо­са ал­ған­да) шақ­қан­да­ғы та­быс мөл­ше­рі ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на ар­нал­ған рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет ту­ра­лы заң­да бел­гі­лен­ген бір ең тө­мен­гі жа­ла­қы­дан кем бол­мау­ға ти­іс;
    31) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Үкі­ме­ті ай­қын­да­ған өңір­лер­де тұ­рақ­ты түр­де бес жыл­дан кем тұр­ған жағ­дай­да, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның өзге өңір­ле­ріне тұ­рақ­ты тұ­ру­ға ке­ту ке­зін­де.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер:
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін қыз­мет алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін бел­гі­леу;
    2) қыз­мет алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің неме­се тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.