Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 сәуір 2026 ж.

    Жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы Железин ауданы Прииртышск ауылдық округінің Прииртышск ауылының аумағында орналасқан жалпы ауданы 0,0293 га, 5 жыл мерзімге жер учаскесіне «Баянауыл» шекара бөлімшесінің су құбырын салу және пайдалану үшін жария сервитут белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Прииртышск ауылдық округінің әкімі

    С. Нурмаканов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.