«Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 60 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Есіл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Есіл ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» Есіл ауданы әкімінің 2024 жылғы 20 наурызында №60 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8716-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында № 426, 431, 447 сайлау учаскелерінің орналасқан жері мынадай редакцияда жазылсын:
«Орналасқан жері: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Ақмола облысы ветеринария басқармасы жанындағы «Есіл ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты, Өндіріс даңғылы 8.»;
«Орналасқан жері: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Бұзылық ауылы, «Ақмола облысы Есіл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы Есіл аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Рауан көшесі 82.»;
«Орналасқан жері: Ақмола облысы, Есіл ауданы, Московский ауылы, «Торе-Агро KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты, Центральная көшесі, 1.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауданының әкімі
С. Балжанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Есіл аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.